Шаһ Аламдағы Көк Мешіт


Ашық кеңістікте жалғыз қалудан қорқатын жандар бар. Бірақ мен ондайлардан емеспін. Мешіт ішіндегі кеңістікті, мүлгіген тыныштықты жақсы көремін. Малайзиядағы ең үлкен мешіттің бірі Путраджаядағысы деп ойлап жүргенмін, кеше көрші түрік Ешреф: “Көк мешітке баралық!” дейді. Интернеттен көріпті. Шаһ Аламда деген соң: “Барсақ, баралық” деп, бүгін таңертең сол жаққа жиналдық.

Will pray after 5 min

Орталық Станцияға дейін монорейлмен тез жеттік. Әрі қарай коммутатор атты пойызға отырдық. Шаһ Алам станциясынан түскен соң мешіттің күмбезі жарқырап көрініп тұратын болар, сосын адаспаспыз деген ой еді. Қайдам… станциядан түскен соң, жапан далаға тап болғандай тосырқап қалдық. Қарсы алдымыздан бір қабатты үйлер мен көше бойы шаншылған пальмалар ғана көрінді. Күн күйіп тұр. Жолай өтіп бара жатқан қыздардан қалай жететінімді сұрап едім: “Такси алмадыңыз ба?” дейді таңданып. Таксилерге сенбейтін әдетім. Әрі олар үнемі сұрағаннан артық ақша алады деген ойдағы адамдардың бірі болғандықтан, бұл ұсынысты оңайлықпен қабылдай қоймадым. Содан кері бұрылып, артқа жүрсек: “О, Тоба!”. Интернеттегі төрт мұнаралы мешітіміз станцияның қарсы тарапынан мен мұндалап тұр. KL 545 Бірақ қарсы тарапқа шығу үшін көпірден өту керек. Куала Лумпурда бір ұнамайтыны Алматыдағыдай жоспарсыз салынған жолдар еді. Қол созым тұрған жердің өзіне тіке баратын жол болмайды. Айналып, ырғалып-жырғалып жету керексің. Кей-кейде бұның бәрі жаяу жүрмей адамдарға қоғамдық көліктерді (автобус, монорейл, ЛРТ, Комутатор, трейн, такси) пайдалануды міндеттеу үшін қасақана істелген деген ой келетін. Сосын, бәлкім, елдерінің аумағы кішкентай болған соң өстетін болар, әйтеуір бір хикметі бар ғой дедім де қойдым. Такси жүргізушісімен аз-кем саудаласқан соң, ол бізді демде дәл мешіттің табалдырығына әкеп тастады. Бізге тек аяқ киімімзді шешіп, ішке ену ғана қалды.
Әрбір жаңа мешіттің табалдырығын аттағанда қобалжитыным бар. Себебі бұл мешітке он екі мүшең сау, аман-есен кіріп тұрсың. Бір күні әрқайсымыздың өлі денемізді осындай бір мешітке өзгелер көтеріп алып кіргізіп жаназамызды оқитының ойлайсың. Сосын мешіт ішіне енгенде еріксіз күллі әлемқапырық ойларың аяқ киімің қалған тұста қалады. Мәрмәр төселген ұзын дәлізбен жүріп келемін. KL 524 Қадам басқан сайын табаныңның астындағы тастың салқыны бойыңа тарап, сергіп қаласың. Үстел үстінде желдеткіштің күшінен желп-желп етіп ұшып кеткелі тұрған қағазға назар салдым. Бүгін Рамазанға арналған бір уағыз болатыны айтылыпты. Іште уағыз айтылып жатқан дауыс естілді. Малай тілінде. Ұзын дәлізіміз таусылар емес. Алдымыздан қоңырқай плиткалармен әспеттелген бөлме көрінді. Дәретхана екен. PICT0023 Іштегі қобалжу мен үрейді басу үшін дәрет алуды жөн көрдім. Үрейленіп келе жатқан себебім, мешіттің ішін аралауға болар болмасын білмей келемін. Әрі іште бәрі ұйып уағыз тыңдауда. Ал біз болсақ, фотоаппараттарымызды құшақтап, дорбамызды асынып, ішін кезіп жүрміз. Дәретханадан шыққан соң бір бұрылыста ресепшннің отырғанын көрдім. Ер кісі екен. Жымиып қасынан өте түстік. “Ей, неғып жүрсіңдер!” деп нұқып қалардай, қасынан тез-тез өте шықтым. Бір сәтте санамда не себепті өзімнің бұл үйде ұры тәрізді қысылып жүрмін деген сұрақ жылт етті. Сөйтсем, рұқсатсыз жүргендігімнен екен. Ресепшнге қайта барып, сәлемдесіп, мешіт ішін аралауға болар болмасын сұрадым. Әрине оның болады деп айтатынын алдын-ала білдім ғой. Иегімен екінші қабатқа көтеріліңдер деп нұсқады.
Мешіт өте биік екен. KL 523 Күмбездері көк түсті болғандықтан Blue Mosque (ағыл. Көк мешіт) деп те атайды. Әзірге өзіміздің қай тұста, қай жақта жүргенімізді білмедік. Тек екінші қабатқа шыққан соң ол жерде де су бұрқақтардың орнын, мәрмәрмен төселген кең бөлмелерге тап болдық. Ешреф: “Жаңбыр жауса, оның суы ішін алып кетер ме екен? Жұма намазда бұл мешіттің бәрі адамға толы болар ма екен?” деп сұрақ қойып, менің білмеймін деген жауабыма қанағаттанбай өз жорамалдарымен бөлісуде. Көзіңе көбіне тік бұрыштар емес, доғал, ирек, дөңгелек пішіндер ұшырасады. KL 517 Алтын түсті бояумен жалатылған араб жазулары да үстіңге жақта әдемі өрнектелген. Қадалып қарап тұрған ештеңе жоқ. Шамасы әкелерімен еріп келген балалар болса керек. Уағызды тыңдамай, ішінде жарысып жүгіріп жүр екен. Жоғары қабатты аралап болған соң, басқа басқышпен төменге түстік. Бір тұста лифті болған. Оның қай маңда екені есімде қалмады. Әйтеуір, мешіт ішінде лифт бар екендігі ғана ерекше жатталып қалды. Төменнен арнайы сауда алаңынан бірақ шықтық. Діни кітаптар, мисуактар, әтірлер, діни уағыз дискілері, тәтті-дәмділер т.с.с заттар сатылып жатыр екен. Мешіт ішінде бұндай діни базар болар деп күтпедім. Саудагерлердің жүздері де жылы (әлде маған солай көрінді ме). Бір жерде әшекей бұйымдар сатып жатыр екен. Әртүрлі таспен өрнектелген бұйымның бірінің бағасын Зергер досым үшін білмек болып едім, сатушысы намаз оқып жатқанын көріп, бұл ойымнан ұялып кеттім (Аллаһ қабыл етсін). Базардағыдай менің затымды ал деп, жан-жақтан жамырамайды. Амандасып, күледі. Бір жерден миск алдым. Саудагер мені жапонға ұқсатты🙂 Одан әрмен біз неке қиятын бөлменің қасынан өттік. Ешреф те мен де үндемедік. Түрік досым да мен тәрізді: “Бір күні біз де осындай бір бөлмеде некемізді қидырармыз” деп ойлаған болар. Адасып жүріп, мешіт ішіндегі асханаға тап болдық. Үйме-жүйме болып, оқушы балалар тамақ ішіп жатыр. Шамасы уағызға арнайы шақыртылған өрендер болар деп түсіндім. Намазға әрі кішкене уақыт бар екен. Мешіт ауласынан тамақтанып, қайта оралдық. Мешіттен алысқа ұзап кету мүмкін емес еді.
Екінші қабатқа қайыра көтерілдік. Іші өте үлкен. Дәрет алып, намаз оқитын бөлмедегі кілемнің үстін басқан сайын өзіңді жеп-жеңіл сезінесің. Жұп-жұмсақ кілемнен бе, әлде бөлменің ішінен ескен салқын лептен бе немесе дәрет алған салқын су жүйке талшықтарына солай әсер ете ме, әйтеуір кең бөлменің ішіндегі кеңістіктің тыныштығы жаныңды баурап алады. Бір саптың өзінде екі жүзге жуық адам тұрдық қой деймін. PICT0042 Бесін намазы іштей оқылатын болғандықтан, мүлгіген тыныштықтан басқа ештеңе естілмейді. Тек нәпсі ойыңмен ғана күресіп, бір сәтте өзіңнің рукуғта тұрып, сәждеге жығылғаныңды түсінесің. Сосын оқып жатқан Фатиханың мағынасын, соңғы аяттардағы оқиғаның мәнін ойлайсың. “Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес”. Осы бір сезім, Аллаһ Тағаланың берген осы бір нығметіне шүкіршілік етемін! Бәрін тастап, намаз оқи бергің келіп кетеді. Бөлмеден шықпай отыра берсек қой дейсің. Дәл менің оң жағымда кішкентай бір бүлдіршін тұрды. Сол жағымда мен шамалас жас жігіт болды. Намаздан соң күлімдеп екеуі де сәлем берді. Кей кейде намаздан кейін кісілердің бір-біріне айтатын сөздері жаттанды, әрекеттері де шынайы емес болып көрінетін. Қазір де бұлардың күлкілерінің сипаттарына терең бойлағым келмеді. Ең бастысы, Аллаһ тағаланың берген нығметі – мүлдем танымайтын, үш ұйықтасам түсіме кірмеген адамдармен намаз оқып, құлшылықты атқарғаным еді. Осы бір намазым қабыл болсыншы деген тілегім еді. Бір сәтте жоғарыға қарадым. Дәл күмбездің астында тұр екенмін. Күмбез сондай биікте. Майда қоңыр тастармен құралған әдемі мозайканың ортасынан арабша бір жазу бізге қарап тұр екен.PICT0043

7 thoughts on “Шаһ Аламдағы Көк Мешіт

  1. Асхат, рахмет! Кок мешитке кирип-шыккандай болып отырмын. Енди ораза айы калай отип жаткандыгы жайлы жазсан кызык болар еди. Малайзияда КЕРЕМЕТ болып отип жаткан шыгар рамазан,ия?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s