Beryani Lamb: ресторан маркейтингі


dsc00130 Малайзияға келіп, тамағына үйренісе алмай жүргенде осы бір тамақты жеп, жан сақтағаным бар. Сорпасы кәдімгі еттен кейінгі сорпадан кем емес болып шықты. Әрі салаты мен сорпасы тегін беріледі екен. Тамақтың аты Бериани Ләмб (Қозының еті берияни атты күріштің түрімен бірге беріледі). Ет баяу отқа баптап қайнатылады, ал беряни күрішінің түсінде, әрі дәмінде ерекшелігі бар. Аспазшылар сонымен қоса, күріштің арасына мейіз, ас бұршағын, сосын тағы бір табиғи дәмдеуіштер (лимонның дәні болуы керек) қосады. Бірақ менің айтқым келгені бұл емес 🙂
Бұл кафенің меңгерушісі – Мұстафа. Ол бұл кафеге қызметке тұруы біздің көз алдымызда өтті. Ескі басқарушыны да көрген клиент болғандықтан, ескі әдетті сақтап, менюдегі баға екі есе өскенімен (Араб маусымына орай деп топшылаймын), бізге әлі күнге дейін ескі бағамен береді (суреттегі тамақтың құны RM 9, 350 теңгенің маңайы). Қашан келсем де: «How are you, brother?» деп күлімдеп қарсы алады. Біз де мәзбіз. Сөйтсем, бұл баға жеңілдігі тек қана бізге ғана емес, кафенің тең жартысына да жасалады екен. Тек бұны бір-біріміз білмейді екенбіз. Әрбір тұтынушы өз алдына ерекше болғысы келеді ғой. Міне, Мұстафа соны жақсы біліп, әрбір клиентке: «Тек сізге ғана ескі бағаны ұстап тұрмыз» дегенді емеурінмен танытады. Ал сонда менюдегі жаңа бағалар кім үшін десеңіз. Бұл Букит Бинтаңда жүріп, ойда жоқта кіріп қалған шетелдік туристерге арналған баға деп білемін.

Advertisements

13 thoughts on “Beryani Lamb: ресторан маркейтингі

  1. Жоқ, араб елдеріне кеңінен таралған тамақ. Табаққа салынып, әрі жерде отырып жеуге де болатындықтан біздегі бешбармақтың орнына жүреді деп топшыладым. Қосымша ащы дәмдеуіштер қалауыңа орай беріледі. Сахауи деген ащы қоспалары бар.

  2. Демек, Асхат Мұстафа үшін сіз енді «шетелдік турист» қатарынан шықтыңыз, «өзіміздің жігіт» болып тұрсыз ғой 🙂
    *Бешбармақ — қазақша ет

  3. Бір жағынан… Дұрыс… Үнемі келермен клиентураны әрі қарай да ұстап тұру үшін әлгі баға дәлізін ұстап отыру жақсы екен… Бірақ, мәселен, мен барып қалсам… Бұрын-соңды қарам көрінбегесін Мұстафаң «О, міні міні, тәәәксс… Даяшылар, ана отырған томпақ жігітке өздерің білесіңдер ғой қандай тарифпен шотты беру керек екенін ;)» дейді. Сосын шыққасын «Оооо, Асхат, сен де осында тамақтанған ба едің» деп арқа да жарқа боламыз. Кейінірек оның үш дүз елу, ал өзімнің сегіз жүзге астанғанымды білемін. Бір түрлі болатынымды білемін. Бәлкім, сосын Мұстафаныкіне бара бергім келмеуі де мүмкін 🙂

  4. Дәл түстің, Нұреке! Соған ұқсас жағдай болды да. Достарымды Мультақаға ертіп барып жүретінмін. Менімен барғанда оларға амалсыз, жеңілдік жасайды. Кейін жеке өздері барған кезде толық бағасын төлепті. 😦

  5. Ана графиндегі салқын су ма?
    Түрік хлқына тән тамақ арты суық су ішу практикасы ұнай бермейді. Тағамтанушылар ас артынан сорпа ішуді кеңес етеді екен. Желінген тағам мұздай су әсерінен майы тоңып, қатып қалып, тиісінше ас қорыту жүйесінің әлсіреуіне себеп болса, сорпа тағамның сіңімі жеңілдеуіне сеп болады деуі ойға қонымды секілді. Ана пияладағы сорпасы білем. Сорпаға айран қосып ішуді ұнатамын өзім.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s