Гентингтегі мектепте


Genting  Highland салқын деп ескерткен еді. 25 градус деген кезде, ойланбастан: “минус па?” деппін🙂 Сөйтсем, “+” екен. Ауасы шынымен де жақсы. Куала Лумпурдағыдай ылғал емес. Кісі қарасы көп. Ең үлкен төбенің үстіне әдімілеп тұрып, қонақ үйлер, ойынханалар мен аттракциондарды салған екен. Skydiving-де өзге қазақ балалар ұшырасты. Кешке дейін солармен бірге болдым.

Арқанды жолмен 20-30 мин. Алматының Көктөбесіндегідей арқан жолмен 25-30 минуттай жүріп, Гентинг төбесінен төменге қарай түстік. Содан кейін біздерді құрметті қонақтар ретінде Гентинг ауданына қарасты Малайзиядағы Халықаралық мектепке алып келді.

Дәл сол күні мектеп түлектерінің кездесу кеші болып жатыр екен. Малай мектебіндегі қазақ оқушылары Оқушылардың әнін тыңдап, билерін тамашалап, біраз сергіп қалдық. Кешкі асты да сол жерде іштік. Бұдан соң біздерді сол мектептің жатақханасына орналастырды. Оқушылармен болған әңгімеден мектептің жекеменшік екенін білдім. Жылдық оқу ақысы RM 30 000. Жатақханалары өте қарапайым. Ер балалардың жатақханасы Әрбір қабатта намаз оқитын бөлмелер бар. Дүниенің түкпір-түкпірінен келген оқушылар ағылшын тілінде білім алуда. Ішінде Бота есімді қазақ оқушысы да бар. Ол біздің арамыздағы қазақ қыздармен бірден танысып, сырласып кетті. Менің қасымнан бір елі қалмай Қазақстан туралы сұраған Дениелдің географиядан білімі онша жақсы емес болып шықты. Десе де ол ақпараттық технология саласына қызығады екен. Мектептің спорт алаңыОсыдан үш апта бұрын Малайзияда кеңінен таралған The Sun деген басылымның айқара бетінде Қазақстан туралы көлемді мақала шыққан. Қазақстан сәулесі

Мен бұрын Қазақстанда көрген мектеп интернаттардың жатақханасына (Алматыдағы №2 мектеп интернет, Астанадағы қазақ-түрік лицейі) қарағанда бұлардың өз ішінде кішкене асханалары бар екен.ELS студенттері Намаз оқитын бөлмелері, демалатын, сабаққа дайындалатын арнайы сыныптары да бар. Ертең джунглиға барамыз.

4 thoughts on “Гентингтегі мектепте

  1. Шынымен де солай, Әлия. Суық деген түсінік жер бетінде әртүрлі екеніне көзім енді жетіп отыр🙂

  2. biz de bargan edik.. Genting kushti jer. sol kezdin suretteri kaida jatir eken.. izdep kormesem.

    Koktobege uksaydi birak Gentingte bezdegidey tau jaktan tusip oz betinshe aparmaydi. kanatkamen jogari shigarip, kayta tusiredi. ol jagi kizik emes. Sosin Gentingke bilet alu ushin ulkeeen ocheredte turganimiz esimde. jaman.

    magan Gentingtin parki unadi. ote. barip pe edin?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s