Гентинге барар жолда


Күндіз ELS менеджері Естер ханым хабарласты. Қазақ студенттерінің бірі ауырып қалған екен. Қалған студенттер Genting Highland деген жерге кетіпті. Сөйтіп, мүмкін болса, інішектің қасында отыра тұруымды өтінді. Барсам, “батырымыз” тәп-тәуір. Оның алдында дәл кондиционердің түбінде ұйықтағаннан қызуы көтеріліп кеткен еді. Батырымыз енді: “Мен де Гентинге барамын” дейді.

KL 351 Genting Highland – АҚШ-тағы Лос Анджелес, Қазақстандағы Қапшағай мен Бурабай тәрізді ойынханалар орналасқан мекен. Ерекшелігі биік төбенің үстінде орналасқан. Малайзиядағы биік таулардың бірі екен. Бұл күнде көптеген туристердің көзқұртына айналған бұл демалыс мекені ел бюджетіне де елеулі үлес қосады. Сондай-ақ бұл жер балаларға арналған атракциондардың көптігімен, әртүрлілігімен танымал. Соның бірі – skydiving (аспанға сүңгу) ғарышқа ұшқандай салмақсыздық тудыратын бөлме. Шетелдік студенттердің де келуінің сыры осында.

Гентинг жайлы мәліметтердің көбісін бізден RM 70 (2800 KZT) қағып, алған өзін тайниз (тай+малай) деп таныстырған Абдолла Раһым (бірақ шетелдіктерге өзін Uncle Taxi деп таныстырады) айтып берді.   

 

Екеуміздің таксиге отыра бергеніміз сол еді “Қайдан боласыңдар, жігіттер?” деп сұрады. “А-а-а, менде сендердің ақшаларың бар” деп әртүрлі елдердің тиындары жиналған, сырты былғарымен тысталған қойып дәптерін ашып көрсетті. Кітапшасын мұқият қарап отырып, оның көлігіне бұған дейін еуропалықтар, америкалықтар, украиналықтар отырғанын түсіндім. Бірақ қазақ теңгесін таппадым. “Ағасы, теңге жоқ қой” десем, “Мынау не?” деп қырғыздың сомын көрсетеді. Содан жол дорбамның түбінде жатқан бес тиынды коллекциясына қосып қойдым. Әрине, жолай тиынның бетінде бедерленген жазуладың мән-мағынасын түсіндіріп бердім. Гентинг қаладан 36 шақырым қашықтықта. Өрге қарай шығу керек болғандықтан бір сағаттай уақытта межелі жерімізге жеттік. (жалғасы бар)

5 thoughts on “Гентинге барар жолда

  1. иә, шет елдерде шығарда қазақ теңгесін алып шыққан дұрыс.
    Ойынхана мекеніне суретте көрсетілгендей арқан жолмен жетедіме?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s