Көбейейік


Төменде не бар екен, ә?

Апай, қашан келед? Қарным ашты... 

Қанекей, ұлдар оң қолымды, қыздар сол қолымды ұстаңдар!

Таңертеңгі ұйқымды қалтафонға жеткен хат оятты. “Сүйінші! Інілі болдың!” деген ағамның қуанышы екен. Қазақстанда шамасы қазір сағат сегіз болар деп шамаладым. Қасиетті айлардың бірінде дүниеге келген екен. “Есімін кім деп қояды?” деп төсектен еріне тұрдым…  “Дінмұхаммед, Сағидолла” деп қоймас. Бәлкім, атасы мен әжесі еркелетуге ыңғайлы болатындай есімінің соңына -контай, –кош жұрнағын жалғайтын бір ат қояр. Хмм, інілі болдым. Дұрысы, көке боларлық жауапкершілігім еселей түсті деген сөз. Әлгі бір банктің жарнамасы қалай еді. “Көбейіп келеміз” бе еді. Солай ғой деймін. Қос қолын екі жаққа керіп, зауыттың ішінде жүретін әртіс бар еді ғой.

Басқа жақта қалай екенін білмеймін, бірақ біздің ауылға барғанда бір байқайтыным бір үйде шай ішіп болған соң біздікілер: “Ал кеттік!” демейді. Әкем үнемі: “Көбейейік!” дейді. Әжем де солай. Бұрын бұған мән бермедім бе, алғаш естігенде күлкім келіп кетті. Кейін мәнісін ұққандай болдым. Ағам да ұққан тәрізді.

Пы.Сы. Дүкенге барып, ініме тағы бір сыйлық алып қою керек.

20 thoughts on “Көбейейік

  1. Асхат, інілеріңе көрсетер сенде ағалық ізет болса, оларда да құрмет көрсетерлік сана болсын! Қайда жүрсең түгел жүр, сау бас бол!

  2. Бауы берік болсын!

    суреттер күшті екен! Бір фотоблог ашпайсың ба…

    қай мектептің балалары?

  3. Үлкееен азамат болсын! (Қандай атқа ие болғанын жазуды ұмытпа)

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s