Көбейейік


Төменде не бар екен, ә?

Апай, қашан келед? Қарным ашты... 

Қанекей, ұлдар оң қолымды, қыздар сол қолымды ұстаңдар!

Таңертеңгі ұйқымды қалтафонға жеткен хат оятты. “Сүйінші! Інілі болдың!” деген ағамның қуанышы екен. Қазақстанда шамасы қазір сағат сегіз болар деп шамаладым. Қасиетті айлардың бірінде дүниеге келген екен. “Есімін кім деп қояды?” деп төсектен еріне тұрдым…  “Дінмұхаммед, Сағидолла” деп қоймас. Бәлкім, атасы мен әжесі еркелетуге ыңғайлы болатындай есімінің соңына -контай, –кош жұрнағын жалғайтын бір ат қояр. Хмм, інілі болдым. Дұрысы, көке боларлық жауапкершілігім еселей түсті деген сөз. Әлгі бір банктің жарнамасы қалай еді. “Көбейіп келеміз” бе еді. Солай ғой деймін. Қос қолын екі жаққа керіп, зауыттың ішінде жүретін әртіс бар еді ғой.

Басқа жақта қалай екенін білмеймін, бірақ біздің ауылға барғанда бір байқайтыным бір үйде шай ішіп болған соң біздікілер: “Ал кеттік!” демейді. Әкем үнемі: “Көбейейік!” дейді. Әжем де солай. Бұрын бұған мән бермедім бе, алғаш естігенде күлкім келіп кетті. Кейін мәнісін ұққандай болдым. Ағам да ұққан тәрізді.

Пы.Сы. Дүкенге барып, ініме тағы бір сыйлық алып қою керек.

Advertisements

20 thoughts on “Көбейейік

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s