oraza.info неге ашылды?


Былтыр Жомарт, Жандос үшеуміз Оразаға байланысты арнайы блог жүргізген едік. Мақсатымыз Рамазан айына қатысты қолда бар деректерді бір ресурс айналысында топтастырып, іздеген адамға ыңғайлы жағдай тудыру еді. Әрі үш адам бір жобаны қолға алған кезде бір-бірімізден үйренеріміз де көп болатыны сөзсіз. Сосын бұл жобаны аз ғана уақытты қажет ететін.

Биыл да осы ісімізді жалғастырмақ едік. Себебі оразаға да бар жоғы бір айдай уақыт қалды. Ойымды құптаған Жанболат арнайы домен де алып қойды. Сөйтіп, қазір oraza.info деген портал аштық.

oraza.info “Блогтардың барлығы ақпарат құралдарына теңестірілді деп шулап жатқан тұста тағы бір блог ашып, есіңнен танған шығарсың”

деуің мүмкін.

Десе де бұл блогты “фәтуа” беретін орталыққа емес, Оразаға қатысты ақпараттармен, ойлармен бөлісетін алаңға айналдырғымыз келеді. Себебі көпшілік оразаны өмірдің бір ажырамас бөлшегі деп емес, жылына бір рет тұтып, құтылатын “міндет” деп түсінетіндер бар.

Кейбір достарым Оразаны

  • кінәсі көп болғандар
  • арықтағысы келгендер
  • ақша үнемдегісі келгендер

тұтады деп түсініп, сондай ниетпен Оразаға келетінін жасырып қайтейін… Блогта “Өміріңіздегі алғашқы ораза” деген айдармен 5 сауал қойған едім. Сауалдарға жауап берген Ансарға, Баянға, Нұрғисаға алғысым шексіз. Алдағы уақытта басқа да достарым жауап берер деген үміттемін. Себебі кез келген адамның өміріндегі алғашқы оразасы (тұтуға не себеп болғаны, қызықтары, сол кездегі көңіл-күйі) күні кешегідей есінде болар деп ойлаймын. Әрі Эльвиара да “Өсиет әңгімелер” блогындағы кейбір жазбаларды пайдалануға рұқсат берді.

Өмірімдегі бір оразаны болса да мұсылман елінде өткізу кішкентай армандарымның бірі болатын. Осыдан санаулы жыл бұрын Рамазан айын Нью-Йорк шаһарында өткізгенім бар-ды, биыл, бұйртса, оразаны Куала Лумпурда қарсы алмақпын. Блогқа үлес қосамын деушілер болса, яки қолдарыңызда өзгелер үшін пайдалы болады дейтін Оразаға қатысты дүниелеріңіз болса, бөлісулеріңізді сұраймын.

9 thoughts on “oraza.info неге ашылды?

  1. Меніңші, мұндай діни әрі рухани блогтарда заңға қайшы клетін пікірлер жазыла қомас. Ал жазбалары жайлы тіптен олай ойлауға келмейді.

    Бірақ Құдайдан қорқпағаннан қорқ дегенді ескерсек, сақтықтың болғаны артықтық етпес.

    • Емізулі баласы бар әйел, жүкті әйел адам (Сәбидің дүниеге келу күні жақындап әзер жүрген әйел адамға ораза тұтпауына рұқсат етілген)

      Бірақ та кейін қазасын өтейсіз (ұстайсыз)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s