Тек өзіме ғана айтайыншы…


Сезімсіз сөйлейтін адамды көрдің бе? Мен көрдім. Аузынан сөз шығып, көзі күлімдегенімен… жылу жоқ. Ызғар да жоқ. Сондай адамдармен неге ғана араласады екенмін???? Мәжбүрмін.

Pangkor_Island 147 (Small)

***

Соңғы сәтте қолымды сілтей салғым келді. Таусылмайтын, қыж-қыж тірлік. Болмайды. Алға қарай жүру керек. Кейде аздап демалып, сосын қайтадан алға қарай жүру керек. Алдымда не күтіп тұрғанын білмесем де, алға қарай жүру керекпін.

***

Алдап кетті дейін десем, алданып қалған өзім кінәлімін… Өкпелеуге негіз жоқ!

***

Маған қарағанда менің үйленіп, әкелі болған достарым меннен гөрі әлдеқайда есейіп кеткен тәрізді. Осы есеюге неге құмармын? Түсінсем бұйырмасын, “сәби болып қала бергісі” келетіндердің өсиетін тыңдасамшы. Болмайды. Өмірдің заңы ғой. Мойынсұнған жан болған соң, қалайша қарсы шығамын?

***

Кітап дүкеніне кіріп, әртүрлі кітаптарды көріп тұншығып қалдым. Қайсын оқырымды, қолыма ұстарымды білмей дал болдым. Соңғы рет мұндай кітап дүкенінде қашан болғаным есімде жоқ… Стипендия алған сайын бір кітап сатып алу әдетім еді. Қазір стипендия да жоқ.

***

Көптен армандаған күніме дайындықсыз келіп қалғаныма налып отырмын. Соңғы өкінішім болсыншы…

9 thoughts on “Тек өзіме ғана айтайыншы…

  1. Қызық екен! осындай ойлар ағыны тек менде және мен оқитын кейіпкерлерде ғана болмайды екен! Осындай ойлар дауылдың ортасында бір сәтке тынып, жинақталуға керек екен!

  2. Aselhan, ”Басында қиындығы мен мәселесі жоқ” деген адамның өзінде бір проблемасы бар дегендей сз бар. Рндай көп адамда кездеседі. Ең болмағанда сол үшін ойланып қатты қам жейді.
    Urimtal мырза, ештеңе етпес, уақыты келгенде олар өтіп кетеді. Тек, САБЫР сақтау керек.

  3. Меніңше, осындай іштегі арпалыстар болмаса, адам дамымай, бір орында тұрақтап қалатын сияқты.
    Көптен армандаған күнге дайындықсыз келгеннен “эффект” көп болатын секілді.

  4. Адамды алға сүйрейтін де осы ішкі сезімдер бұлқынысы ғой. Тек үміт өмірді сүюге жәрдемдеседі.

  5. Асхат бізге басқа қыранан көрініп жатыр…. жақсы бала екенің бірден білінеді….

  6. Бағытын өзгертпегендер бастапқы орнына қайтып келеді дейтін бе еді? Бұл да адамның өз-өзін іздеуі, бағытын өзгертуге, қателігін жоюға талпынысы ғой! Қандай жақсы! Қайырлы болсын!

  7. Осы біреудің алға не артқа жүргенін қалай білуге болады? Алға деген қайда? Артқа деген қайда?
    Топас сұрақ сияқты бірақ ойланып қарасаң…Әркімнің алды мен арты әртүрлі сияқты. Машайық Сат Мырзаның алдымның артымнан артықшылығы деген аңыз болғаны тақырыбы есіме түсті.

  8. Өмір “рэйсинг” деп қарасақ, әрқашан да дөңгелектерді тексеріп, май ауыстырып алатын пит-стоптардың болуы заңдылық;))

  9. Осындай жазбаларды қызығушылықпен бастап, кейін 1-ші, 2-ші дәптерге ауыса бастаған соң, күнделік ретінде жариялап жатқандар да бар. Өз сөзім өзімдікі, керек деген адам алсын (қалай еді?) деген Абайдың сөзін алғысөзге жазып тұрып. Көбіне бұндай ойлар бірдеңе түрткі болған сәттерде туып жатады ғой..
    Өрімтал..ал мен Ұрымтал деп оқып жүрсем)

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s