Қазақ оқушылары ELS-ті “шулатып” жатыр


ELS-те сабақ берген америкалық Эрик есімді оқытушым (төмендегі суретте): “Алдағы айда Қазақстаннан он беске жуық оқушы келмекші. Асхат, олармен қалай қарым-қатынас жасауым керек?” демесі бар ма.

Айтпаса да түсінікті Бұған дейін қазақ балалармен жұмыс істеп көрмеген Эриктің қаупін түсіну оңай. Себебі біздің өзіміз мындағы араб, қытай, жапон, т.б. студенттерден айырмашылықтарымыз бар. Сөйтіп, мен оған “оқушылар тым қатты сынап, өз пікірлерін еркін білдіріп жатса, таң қалма!” дегенмін. Апта басында күткен он шақты оқушымыз ELS табалдырығын аттады. Соларға оны-мұны көрсетемін деп жүріп, блогқа жазба жазатындай уақыт болмай қалды. Ғафу ет! Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген екен. Арасында алматылық оқушылармен қатар, Қостанай, Орал, Ақтау, Шымкент өкілдер де бар. Дені 10-11 сынып оқушылары. Жетінші сыныпта оқитын ақтаулық Асхат деген жүгірмек те бар. Қазір соның тәтті қылықтары күллі ELS-тің аузында. Жалпылай алғанда қазақшалары ағылшындары жақсы.

ELS-те оқып жүрген студенттер

ELS-те оқып жүрген студенттер

Бұл оқушыларға қарап, тәуелсіздіктен кейін туған ұрпақтың көзқарасын көріп отырмын. Менің кезімнен мүлдем басқа. “Диджитал ұрпақ” десе болады. Келген бетте арзан компьютер мен флэшканы қайдан алуға болатынын сұрады. Сосын қазақилықтары ашық. Қазақша сөйлеген мені тым ересек, ескішіл (консервативті) көзқарастағы адам деп қабылдады (мүмкін, шынымен де сондай болармын). Келген бетте алған әсерлерін айтып жатыр. “Дядя, Асхат, а почему это так?” деген тәрізді. Олардан бір күн кешігіп Ақтөбедегі бір оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істейтін апай да ағылшын тілін үйрену үшін келді. Қатты қуандым. Гүлмира апай “Жыл оқытушысы” деген сайыста жеңімпаз атанған екен. “Өзге елдерге конференцияларға барғанда, ағылшынша түсінісе алмайтыным көп кедергі болуда” дейді ол. Меніңше, қазіргі оқытушылар жастары мен отбасыларын сылтауратпай, ғылым жолына бет бұрған соң, осындай қайраттылық танытса, көп ұтар едік.

Бұл оқушылар бір айдай болады екен. “Фаттаһ” арқылы келгендіктен сапарларының бәрі алдын ала ұйымдастырылып, сырттарынан қадағалайтын бір кісіні де қоса ертіп жіберген екен… Оқушылардың арманы шетелде білім алу. Соған мектеп партасынан бастап дайындалып жатыр. Басында демалып, көңіл көтеру үшін келген желөкпелер болар деген күдігім болған. Қателесіппін, шынымен де білім қуғандар екен. Әліптің артын бағайын!

Бүгінгі жұмаларыңыз қабыл болсын!!!

14 thoughts on “Қазақ оқушылары ELS-ті “шулатып” жатыр

  1. Ешкімді жарғым келмеп еді, абайсызда болып қалды, Ансар! Жарылмай тұра тұр, сен бізге керексің!😉

  2. О,о, Асхат деген жүгірмектің (сіз емес🙂 ) суретін ілмедіңіз бе …
    Гүлмира апай дейсіз бе? Ол “Дарын” мектеп-интернатынан емес пе екен?

  3. “Бұған дейін қазақ балалармен жұмыс істеп көрмеген Эриктің қаупін түсіну оңай.”
    қауіптенетіндей несі бар екен. біз де бейбіт адамдармыз ғой🙂

    • Қауіп дегенде, үрей-қорқныш емес, өзге елдің жастарының салтын білмеген соң қате бір нәрсе істеп қоймайын деген сақтық шаралары ғой. Шетелде өзге елдің мәдениеті, дәстүрін дұрсы түсінбесең, басың бәлеге қалды дей бер.

  4. Жақсы ақпарат! Бір жағынан білімді жастардың барын көрсету, екінші жағынан білім алғысы келетін жастарға қандай мүмкіндік барын айқындау! Осындай мәліметтер жастарға көбірек жете берсін!

  5. Жақсы оқып, елге аман есен оралуларыңды тілейміз…
    Асхат қайда жүрсеңде аман бол, Ел игілігі үшін істеліп жатқан еңбегің рәтті бола берсін….

  6. Бұйртса, ертең бұл өрендер елге қайтпақ. Жаңа топ келеді деп жатқан. Кеше алматылық төрт қазақпен жолықтым. Жаңаден келген беттері екен. Біраз қаланы аралатып, әңгіме-дүкен құрдық. ELS-ке келген студенттер уақыттарын қызықты да, пайдалы өткізді деген ойдамын.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s