Жоғалған көктем


Келгенде жаз еді. Төрт ай болды. Әлі де жапырақтар жап-жасыл. Көшеде жүрген сайын “Осылар қашан сарғайып, күз келіп, қыс түсіп, көктем келеді екен” деп ойлайтын болдым. Өткенде Ко Тың Зиға “Өмірімде алғаш рет көктемімді жоғалтып алдым” деп едім, аузы ашылып қалды.

Pangkor_Island 168 (Small) Қалың қардың астынан иіліп шыққан бәйшешекті, ағаштың бүр жарып, айналаны жұпар иіске бөлегенін, қырдың сұлу қызғалдақтарының құлпырғанын көрмеген малайлық досыма көктемде табиғатпен бірге қыз бен жігіттердің де бойында сезімдер бүршік жара бастайтынын түсіндіре алмай-ақ қойдым…

Қазір қасыма либиялық Мұхаммед көшіп келді. Жасы отызға жақындап қалды. Либияның бір ауылдық жерінен. Әкесі түске дейін мектепте математикадан сабақ береді, түстен кейін мешіттің азаншысы. Мемлекеті Мұхаммедті ұмытпай, ай сайын 1200 АҚШ доллары көлемінде стипендия жіберіп тұрады. Сол ақшаға барып, елінде жоқ бургерді жеп, кинотеатрға барады. Оның әңгімесін тыңдаған сайын: “Олләәәә!” демеске лажым жоқ. Осы жасқа дейін ешқашан басы ашық әйелдердің арасында болып көрмепті. Тек теледидардан орамалсыз жүрген қыздарды көргенін айтады. Компьютерден ағамның тойындағы суреттерді көрсетіп едім (ағам мен жеңгемнің мешітте неке қиып жатқаны, той үстіндегі суреттер т.с.с ): “харам, харам, харам!” деп күбірлеп отыр. Оның суреттерінен тек үйлерді, даланы, сосын мешіт ішінде әңгімелесіп отырған, құран оқып отырған еркектерді ғана көресің…

Мен табиғатымыз ғана әртүрлі деп ойлайтынмын. Әртүрліміз. Қызық. Бізді әртүрлі етіп жаратқан Аллаһ тағала қандай шебер десеңші!   

Айтпақшы, өткен жолы біздің корпуста оқитын бір бала H1N1 вирусын жұқтырды деп едім ғой. Баланікі жай тұмау болып шықты. Дәрігерлер осы аптада ғана анықтапты 🙂

18 thoughts on “Жоғалған көктем

  1. Қазақтардан емес, суреттегі әдемі қыздардан “легкий шок” алды ғой деймін 🙂
    Бір анек: Мұсылман елдерінен келген кейбір достарым фейсбуктағы достарымның суреттерін көріп: “Мұнша сұлу қыздармен қайдан танысып жүрсің” деп сұрап жүргенін жасыра алмаймын, Баян 🙂

    • Асхат, сіздің фейсбуктағы таныс қыздарыңыз мына сөздеріңізді комплимент деп қабылдап, Мұхамедтің “харам, харам” дегенін құлақтарына ілмей кететін шығар 🙂

      • Әбден мүмкін, Баян! 😉
        Бір анек айтайын: Куала-Лумпурға Ресейде туып-өскен қазақ қыз ағылшын тілін үйрену үшін келгенде әужейда оны ұстап қалыпты. Әңгімелесу барысында одан: “Мұсылмансың ба?” деп сұрапты. Қыз:”Иә” десе, “Үстіндегі киімің не?” деген екен… 😦

      • Қатты мән береді ия сонда киімге …(: Енді, ол құрбымыз сонша қатты ашық-шашық киінбеген шығар…тек олардың өлшемімен “харам” көрінген болуы да мүмкін ғой…

  2. “харам, харам, харам!”
    1200 АҚШ доллары көлемінде стипендия жіберіп тұрады. Сол ақшаға барып, елінде жоқ бургерді жеп, кинотеатрға барады.

    Kinoteatrlarda da bar goi ondailar. Älde, Halal kino bar ma eken kazir?

  3. Сауд Арабияда кинотеатр жоқ дегенге сену қиын екенін білемін, Ансар 🙂 Біреу болыпты, оны ашылғаннан кейін, келесі күні жауып тастаған.
    Мұхаммед Либияның түпкі бір ауылынан… Ауылдың баласы! 😉

  4. Менің бір таныс қызымда көктемді аңсайды, басқаларын менсінбейтіндей, мен айтам, қыс деген керемет қой, қыс болмаса көктем қайдан деп) көктемің келед асықпа, әлі талай көктеми келеді)

    Ко Тың Зиға ауылда мал бақтырып қойса мүмкін бәрін түсініер меді)))) булда анек!

  5. … Ақыры, Фейсбугыңда небір сұлулар бар екен… “көктемде табиғатпен бірге қыз бен жігіттердің де бойында сезімдер бүршік жара бастайтынын” біледі екенсің ақыры… Сен бізді жаңсақ түйсіктерге ұрындырма. Әйтеуір сол көктем бір сұлу. Фейсбугыңда көп сұлу… Айналаңдағы жай сұлу.. Еліңде күткен Айсұлу… Өмірлер өрнектеледі. Өр оюларын…

  6. Алматыда ағаштардың жапырақтары ақырындап сарғая бастады. Күз келе жатыр. Күз көктемді шақыру үшін келеді. Сіз келгенше дала гүлдеп, қар еріп, бар сұлулық жарқырай түседі, ИНШАЛЛАХ! :)…

  7. Сізді қайдам көрдім десем, FAcebook екен ғой!
    “Жас қазақ” газеті азаматтықтарға алғысын білдіреді деген арнайы форумды ашқансыз!
    Негізі Алматыда да биыл көктем ерекше жаңбырлы болды!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s