Жаңа мешітті "Хазрет Сұлтан" деп атау ұйғарылды


“Қазақстан Бүгін” агенттігі төмендегідей ақпарат таратты:

Президент бір мезгілде 5000 адам мінәжат ете алатын мешіттің макеттерімен танысты.

Рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы мешіт құрылысын Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен "Қазақ Елі" монументінің жанынан салу жөніндегі шешімнің кездейсоқ еместігін атап өтті. Өйткені, бұл рухани байлықты, елдің ұлы тарихы мен халықтар бірлігін айқындайтын Астананың айшықты әрі сәулетті ғимараттарының бірі болмақ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша жаңа мешітті "Хазрет Сұлтан" деп атау ұйғарылды. Оны ұзындығы 91 метр болатын төрт мұнара айналдырып тұрады. Ғимаратта дәрет алу және неке қию жораларына арналған орынжайлар, Құран оқитын бөлмелер мен оқу-ағартушылық топтарға арналған залдар орналасады. Осы орасан зор ғимарат барлық қазіргі заман талаптарына сай келеді. Мешіт құрылысы таяу арада басталмақ.

17 thoughts on “Жаңа мешітті "Хазрет Сұлтан" деп атау ұйғарылды

  1. Сұлтан Бейбарыстың атына шығар

    әлде НҰР астана, хазрет СҰЛТАН ба ?

  2. Сұлтан деген де Хазіреті деген де адамның дәрежесін білдірмей ме?
    Сұлтан Бейбарыс болса, онда Бейбарыс дегенін тастауға болмайды. Есімі ғой ол.

  3. Әрине, бұл атауды қоюды кім ұйғарғаны әзір маған белгісіз. Десе де еш қарсылығым жоқ.🙂
    Мешіт қалаға көрік беру мақсатында емес, Астананың иманын күшейту үшін қызмет етіп тұрса деген тілек бар. Мешітке белгілі бір есім беру кейбір жерлерде дұрыс емес деп жатады. Менің білетінім, ел аузында жүрген танымал мешіттерге есімді тарихтың өзі қойып кеткен. Ешкім ұйғарып, шешім шығармаған.
    Астанада НұрАстана мешіті бар, ендігісі ХазіретСұлтан болып жатса, таңқалудың еш қажеті жоқ сияқты…

  4. Айтпақшы, бағана бір сайттан макетінің суретін көріп едім, сонша ұсқынсыз емес тәрізді. ЖЖ-дағы блогшылар өткенде қасақана жақыннан түсірген бір суретті жариялап жіберген болар деген ой келіп отыр. Макетінің суретін тауып жатсаң, салып жібересің бе?

  5. Иә, осы макет бірақ басқа қырынан түсірілген еді. Кім салатыны, дизайның авторы кім екені әзір белгісіз тәрізді. Әлде ТВ-дан айтып жатыр ма? Оразаға қарай енді айтылып қалатын болар.

  6. КазГОР жобалау жұмыстарын ұтып алған екен. Ал құрылысты жүргізушілер кімдер болмақ? Меніңше, улкен мешіт болса, отындық құрылыс компаниялары сала қомас. Бірақ, мешітке қарағанда басқаға көп ұқсаса, салуы ғажап емес.
    Малай елінде қалай мешіт құрылысын жүргізу жағы?

  7. Өзбектер мен қателеспесем, түрікмендерде де айтулы ғибадат орындары бар сияқты. Бұл қалыпты жоба. Елден ерек болу емес, Асеке, өзің демекші, иманның күшеюіне оң ықпал етсе мақұл. Солай болмақ та, инш.

  8. Астананың қақ төрінде мешіт….жастар әр кун некесін сонда қыйдырып жатыр….Орталық алаңға барғандар еріксіз көзіңе мешітке тұседі ….иә біз мұсылман елміз!оо тәуба?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s