H1N1 және жаңа группаластарым!


Өткенде мен оқып жүрген корпуста бір бала H1N1 вирусын жұқтырғаны анықталды. Сол күнгі студенттердің көңіл-күйін бақылау қызық болды. Сабақта біреу түшкіріп қалса, бәрі есікке қарай қаша жөнеледі. Онымен ешкім амандаспауға тырысады. Бәрі сырттай күлімсірегенмен іштей қашқақтап тұрады.

19062009191

Кейін мұғалімдер сабаққа гигиеналық сұйықтық пен түшкіргенде пайдаланатын арнайы салфеткаларды алып келді. Бір топқа Малайзияның Денсаулық Сақтау Министрлігнің өкілдері келіп, маска да таратып кеткен. Бірақ олар масканы корпус ішінде киіп, сыртқы шыққанда шешіп тастайды🙂

Негізінен студенттердің дені бұл ауру туралы мәліметпен қанықпағандықтан қорыққан тәрізді. Мұғалімдер бұл вирустың үшінші, төртінші адамға жұғу қаупі өте төмен екенін, әрі жұққан болса, одан бәрі бірдей өлмейтінін айтқан соң көпшілігіміздің жүрегіміз орнына түсті. Егер вирус жұқтырған адамның жүрек демікпесі, бұрыннан келе жатқан бір дерттері болса, солар асқынып, адам өлуі мүмкін екен. Ал он екі мүшесі сау, шапқылап жүрген адам жазылып кетеді. Сондықтан психологиялық паниканың құрбанына айналмай сақ жүруге кеңес берді.

Мына суреттегі менің жаңа группаластарым.

Сол жақта бірінші болып, қолын пистолет ұстағандай қылып отырған – Ғасан, оң жақтағы қызыл футболкалы оның інісі – Санад. Екеуі иемендік. Ғасанның қасында үнемі көңілсіз жүретін ирандық Хұсейін. Арманы – Австралияға барып, білім алу. Айтпақшы, көңілсіз жүруі Ирандағы соңғы сайлаудың нәтижесіне байланысты деп ойлаймын. Оның қасында екі езуі аспанға сәл жетпей қалған индонезиялық Анджела Джесика. Небарі 17 жаста ғана. Мектепті бітіріп, енді медицина оқымақшы. Анджеланың қасындағы ағамыз Либиядан келген. Есімі – Милад. Бала дәрігері. Осында әрі қарай дәрігерлік оқуын жалғастырмақшы. Сұмдық сабырлы! Ол бір сөз айтамын дегенше мен он сөз айтып тастайтын шығармын.🙂 Такс, Санадты таныстырдым, оның артында отырған екі баланың әкесі АбдОлла! Либиядан отбасымен келген ол бухгалтерлік бойынша докторлық жұмыс жазбақшы. АбдОлланың қасында маған қытайдың қызыл, әрі пури шайын тегін берген тайвандық досым – Шоң. Шоңның қасында отырған иемендік программист – Мұхаммед. Мұхаммедтің қасында біздің бір мұғалім Уил Смит деп атап кеткен – АбдУлла. Абдулла Сауд Арабиядан келген. Ағылшын курсын бітірген соң немен айналысатынын әлі шешкен жоқ. Бірақ оразаны өз елінде өткеру үшін еліне қайтпақ. Абдулланың қасында отырған малайлық Вики. Вики маған күн сайын малай газетін әкеп тұрады. Сол үшін оған көп рахмет! Викидің артында отырған адамның кім екенін айтпасам да болады. Ал бәріміздің артымызда түрегеп тұрған сауд арабиялық суретші Ахмед. Үнемі күлімсіреп, сабақ үстінде кітабына сурет салып отырады. Келесі апта емтихан аптасы. Одан кейін бұл достарыммен де қоштасуға тура келеді.

6 thoughts on “H1N1 және жаңа группаластарым!

  1. Адамдардың кездескені, кездесу барысында бір-бірін бағып, басында бір-бірін бақылағаны қызық.🙂. Сосын.. Сосын достасып, араласып, бауыр басып кетеді. Ал, бауыр басқан жандардың қоштасуы да қиын-ақ! :(((

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s