Астанада малай стилінде мешіт бола ма?


ЖЖ-дағы блогшылар Астанада 5 мың адамға арналған осындай мешіт салынады депті. Суретті қараған сәтте-ақ Малайзиядағы мешіттер есіме оралды. Меніңше, біздерге мешіт салғанда әр елдің стилін көшіргенше (татар, иран, араб, түрік, малай) өзіміздің стилді қалыптастырған дұрыс сияқты.

000cb95s

Пы.Сы. Бір жерде осы мешіт қарапайым болуы керек деген хадис бар ғой деймін. Біліп жатсаң, есіме түсіріп жіберші. 

29 thoughts on “Астанада малай стилінде мешіт бола ма?

  1. Расында да, көшірме деген жақсы емес. Идея, өзіндік қолтаңба деген болу керек қой. Сырт көз үшін ғана емес, шетелдіктер үшін ғана емес, ішкі ұяттың алдында да адам, сәулетші, суретші ұяла алса ғой дейсің. Әттең…

  2. Толықтай келісем. Біздің елдегі мешіттердің көпшілігі негізі Қазандағы құдай үйінің архитектурасы негізінде бой көтерген.
    Бір қазақы нақышы бар мешіт бой көтерсе.

  3. Кей мешіттер шет елдің қаржысына салынады. Сол себепті де бүкіл жобалау жұмыстары солардың мойнында болады. Ұсақ-түйектері ғана қазақы нақышта болмаса, басқасы басқаша болады. Нұр Астана мешітінің ішкі көрінісі қазақша жасалған.

    Хадис па білмедім. Қателеспесем, Омар (р.а) мешіттерді аса қатты сәндеуге жол бермеген екен. Себебі, мешітке кірген адам жан-жағына қарап жалтақтайды екен.

    Суреттегіні көріп, мешіт емес, басқа бір ғимарат деп ойлауға болады.

  4. мен бірдеңе дей алмаймын мешіттердің саны көбейу жаман нәрсе емесғой оның стилі самолёт болсада

  5. Мәселе де сонда ғой, Ақбөкен, көп ақша шығындап бір “самолет” мешіт салғанша, сол қаржы мен еңбекке әдемілеу біреуін салмай ма?🙂

  6. Астанада болады дейді. Қашан салынатынын біле алмай отырмын. Білгенің болса, бөлісе отыр, dnatic!

  7. Ассаляму алейкум! осы адам баласына жагу киын, канагат жок осындай 5 000миныдк адамга арналган мешит салынып жатырганына куанайк,салынбаганда не болатын едик? Ол кисилер бизсиз де жан жакты карастырган неге адеми мешит болмаска баска елдерден келген конактарда кызга карайды Алланын уйи таза ари адеми болганы дурыс.
    суретин коргиси келетин киси болса маган жазыныздар.Негизи мен куандым осындай адеми мешит салынып жатканына

    • Уағалейкум ассалам, Дархан! Блогымы қош келіпсіз! Пікіріңізге рахмет. Қуанышыңызға ортақпын. Мүмкін болса, суретін салып жібересіз бе? Поштамды блогымның оң жақ үстінен көре аласыз! АРБ!

  8. Ойбуй, жазуды ұмытып кетіппін.🙂
    Екі мұнара тұрған мешіт пен жаңағы сайттағы “Two pillars and one in between, further away. Is there a chance that this may be Masonic symbolism?
    Yes, the twin golden pillars represent the two pillars of Masonry named Boaz and Jachin.” деген жермен ұқсастықтар бар сияқты.
    Мешіт салғанда мұнаралардың саны қанша болуы керек? Әлде ол маңызды емес пе?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s