Бұған дейін қалтафоннан блог жүргізу жайлы айтып өткен болатынмын. WP бұл істі одан да оңайлатыпты.[eng] Өз кезегінде біреуге пайдалы болар деген оймен, қалтафоннан блогқа аралда жүрсеңіз де, суретті қалай жолдауға болатынымен бөліскім келіп отыр.
Бірден айтайын бір суреттің құны қай елдің операторы болса да 15-20 теңге айналасында болуы тиіс. (Active, DG сондай кететінін білемін). Десе де алдын ала тексеріп алғанның айыбы жоқ.
WP осыдан бір айдай уақыт бұрын э.пошта арқылы блогқа жазба жазу мүмкіндігін енгізген. Яғни, блогыңызға арнайы пошта береді де, соған жіберген дүниеңіз блогыңызға (егер хатпен бірге сурет тіркеген болсаңыз ол да) жарияланады.
Ең бірінші блогыңыздың э.поштасын алу керек. Ол үшін менің шотым – менің блогтарым деген жерге барасыз. Сол жердегі блогтың тұсындағы post by email дегеннің астындағы “рұқсат” деген түймені түртесіз.
Таңдаған блогыңызға дербес адрес беріледі. Әдетте ол символдар жиынтығы болады де соңы @post.wordpress.com деп аяқталады. Соны қалтафоныңызға сақтап қоясыз, Кейін суреттеріңізді, жазбаларыңызды сол адреске жолдай бересіз.
Мен Панкор аралынан блогыма суретті солай жолдадым. Қалтафонымызда қазақша әріптер болса, автобус ішінде отырып та, сабақ үстінде отырып та блогқа жазба жаза берер ме едік 🙂
ол ушин миндетти турде уордпресте енгизип койган мейлден жиберу керек па? или любой мейлден кабылдай бере ма?
WP-те тіркелген блогыңызға берген мейлден жібересіз. Сол тікелей блогыңызға жариялайды.
O its really cool! Endi eshqandai klient, basqa servis kerek jok:)
Күдікті технологиялық мутация… Сәйкесінше сападағы суреттер мен жазбалар… Ш орнына W жаза салу… Сосын жаңа әліпбидің стандартқа еніп кетуі…
Digital әлемнің шындығы сол шығар, бәлкім!
«Расстрелять нельзя помиловать»-тың көкесі алда болар… Электронды форматтағы документтердің заңдық құқығы жоқтығы қандай жақсы!!!
Енді мүмкін қалтафон операторларының жұмысына килігетін шығар 🙂 Тіпті, арнайы заң да шығарып жатса, таңқалмаспын!
қызықты дүние көп екен!өте пайдалы блог!