Аралда болдым бір күні


Панкор аралындағы әдемілікті тілмен айтып жеткізу қиын. Екі түн, үш күн қас қағым сәттей өте шыққандай. Теңіздің тұзды суы, алтындай сусыған құмдары мен мүлгіген жасыл тыныштығына астасқан көк аспан астындағы алаңсыз күндер де өмірімде болады екен. Әлһамдулиллаһ! Суреттер өзі-ақ сөйлесін…

Pangkor_Island 004

Ко Тың Зи: “Досымның анасының турфирмасы бар, бізге арзан бағамен аралға тур ұйымдастыра алады” дегенде бәріміз қуана келісе кеттік. Кезекті оқуымыз аяқталып, алдымызда он күн демалыс болғандықтан, оны аз ақшамен қызықты өткізу бәріміздің де ойымызда еді.

Pangkor_Island 011
Куала Лумпурда қазір оқушылар демалысы болғандықтан, бұл уақытта аралға билет табу өте қиын екен. Әрі барлық бағалардың “ұшып” кететін әдеттері бар. Біз барған турфирмада бізді қытай келіншек қарсы алды. Сөйтсек, бұл фирманың аралдағы төртжұлдызды қонақүймен келісімі бар екен. Бір қызығы қытайлықтар үшін баға арзан да, еуропалықтар үшін қымбаттау екен. Сөйтіп, барлық құжатты малайлық қытай досым Ко Тың Зи мен Қытайдан келген Дзаң Яңның атына тіркеп, Анжела, Ко, Дзаң төртеуміз хабрға (аралға жеткізетін арнайы кеме) дейін өз көлігімізбен баратын болдық. Коға бензиннің ақшасын жинап бердік те, Малайлықтардың ауылын аралап, жолға шығатын болдық. Куаладан таңертең сағат тоғыз шамасында шығып, хабрға түске қарай жеттік. Жақын жерде мешіт бар екен, мешітке кіріп, намазымды оқып алдым. Ко машинаны үш күнге автотұраққа қойған соң, бәріміз хабрға міндік. Бізбен бірге арабтар, немістер, үндістер де болды. Мен кеменің үстінгі қабатына шығып, айналамды суретке түсірумен болдым. Достарымның кеменің шайқалғанынан бастары айналып, жоғары шықпады. Менің әрлі-берлі суретке түсіріп жүргенімді көріп, қытайлық емес екенім аңғарылып қалса керек. Бізбен көршілес отырған ағай, қасында орамал таққан келіншек, оқушы қызы бар (қызын мектеп демалысында аралға апара жатқан болар деп ойладым) Кодан: “Достарыңмен демалып бара жатырсыңдар ма?” деп сұрады. Сосын бәрің де Кейэл (KL) куаладансыздар ма деп еді, Ко біріміздің Қазақстаннан, біріміздің Индонезиядан, енді біріміз Қытайдан келгенімізді айтты. Сөйтіп, ол кісі менің Қазақстаннан келгенімді біліп: “Оһо,” деп таңданысын жасыра алмады. Екеуміз оны-мұны айтып, сөйлесе кеттік. Ол Шанхайда қазақтарды кездестіргенін айтты. Мен оған Қазақстаннын қай жерде орналасқанын айта бастадым. Ағылшынша түсінісіп тұрғанымызды көрген әйелі: “Ағылшыны жақсы ғой, несіне тіл үйреніп жүр” дегенді айтып қалды. Сөйткенше жарты сағатта аралға де келіп жеттік. Кішкентай кемеміз жағаға тоқтағаны сол еді, бізді арнайы автобус күтіп алып, біз джунглидің ішімен қонақ үйімізге қарай тарттық. Асығыста малайлық ағайыма сау болыңыз деп айтуды да ұмытып кетіппін.
Pangkor_Island 023
Қонақ үйде бізді малайдың ұлттық киімін киіп, гитарамен ән салған әдемі топ күтіп алды. Есімді жиып, фотоаппаратқа ұмтылғаным сол еді, біреу қолыма салқын сусын ұстатты. Күн ыстық еді, сөйтіп, бізді құдаларды күткендей қарсы алды. Қонақ үйдегі бөлмеміз сұмдық үлкен екен. Іші салқын. Тереземіз құмдары алтындай сусыған жағажайға қарайды. Балкон есігінің сыртына: “Маймылдарға тамақ бермеңіздер, есіктеріңзді жауып жүріңіздер, олар заттарыңыз бен тамақтарыңызды ұрлап әкетеді” депті. Бөлмемді аралап жүріп, төбедегі құбыланың қай жақта екенін көрсетіп қойған бағдарға түсті. “Қандай жақсы” деймін ішімнен “мен тәрізді құбыланың қай жақта екенін таппай шатаса беретіндер үшін жақсы істеп қойған екен”


Pangkor_Island 047

Pangkor_Island 068
Бөлмеге заттарды жайғастырған соң: “Айхау, теңіз!” деп толқындары шолп-шолп ұрғылап жатқан теңіздің жағасына келіп, біраз тыныстадық. Суретке түстік-ай дерсің. Сөйтіп, қалай кеш батқанын да білмей қалдық. Сүйретіліп, бөлмеме келіп, құлай кеттім. Ертесіне таңертең бізді хандарға арналған таңғы ас күтіп тұрды. Не жоқ дейсің. Қалағаныңша ал да жей бер. Мұндай тамақтың мол түрін бұрын соңды көрмеген екенмін. Шіркін, көз тоймайды ғой… Ко Тың Зи “Сағат тоғызда бізді арнайы кеме басқа аралға апарады” деген соң, көз сүзіп қарап тұрған тамақтармен қимай қоштасып, кішкентай кемемізге қарай аттандым. Кемеде бізді қытайлық капитан күлімсіреп күтіп алды. Бәрімізге сақтық үшін қызыл желеткадан кигізді. Әуелі балық аулаймыз деп, басқа бір аралға қарай жүйткіп бардық.
Pangkor_Island 091
Моторлы қайық тез жүргендіктен, достарымның басы ауырып, балық аулай алмайды.Әйткенмен теңізден бір-екі балық ұстадық. Сосын біз теңіздің астындағы балықтарды көру мүмкіндігіне ие болдық. Арнайы маска кигізіп, суға түсірді. Басымды сүңгіп қарап қалғаным сол еді, О, тоба! Түстері сан алуан балықтар үйір-үйірімен жүзіп жүр. Бірі сары жолақты, бірі көк жолақты, тұрқы да әртүрлі. Мен мұндай керемет тек Discovery арнасында ғана болатын шығар деп ойлап жүргенмін. Қытай капитан қолыма бір тілім нан ұстатты. Кәдімгі бөлке нан. Соны қолыма ұстап тұр едім, жыпыр-жыпыр етіп, балықтар келіп, нанды жұлып әкетіп жатты. Кейбіреулері нанды емес, қолымды да тістеп әкетті. Тістеген жоқ еді, бірақ еріндерімен өбіп кетті. Қызық әсер екен. Өзің судың астындасың. Төбеңде шақырайған күн. Трубкадан теңіздің суы кіріп кеткен. Содан тұншығып, сыртқы қарай шықты. Тереңге сүңгіп, трубакама су толып кетіпті. Содан суды төгіп тастап, қайта сүңгідім. Балықтардың кереметіне көзім тояр емес.
Pangkor_Island 079

Pangkor_Island 086

Pangkor_Island 089

Pangkor_Island 101

Әттең, амал не? Олармен де қоштасқан соң, бізді жақын жердегі аралдармен таныстырды. Мына бір арал “Жылан аралы” деп аталады. Суреттен неге олай аталғаны түсінікті болар.

Pangkor_Island 116

Pangkor_Island 133

Келесі бар аралдың құмының түсі ерекше екен. Сөйтіп, достармының “теңіз ауруы” жазылмаған соң, бізді басқа бір жақын жердегі аралға қалдырып кетті. Сол жерде бізге арнайы тамақ та әзірленіп қойыпты. Одан соң, моторлы қайық келіп, бізді бір-бірден теңіздің үстімен аралатты. Содан соң  Banana boat деген үрленген қайтықтың ерттеп, соны моторлы қайыққа тіркеп, теңізге шықтық. Бұл цилиндр тәрізді үрленіп тұрады. Жылқыға мінгендей тақымыңды қысып отырмасаң құлап түсесің. Ақыры құладық та!🙂

Pangkor_Island 145

Pangkor_Island 146

Pangkor_Island 147

Pangkor_Island 168

Сосын осы жақта мекендейтін hornbill деген құстар бар екен.

Pangkor_Island 162

Осындай қызықтардан соң, өз аралымызға түстен кейін бірақ келдік. Есімізді жиып үлгергенше кеш те батты. Түскі аста жеген тамақтар әлі де көз алдымда болса да, кешкі астың десертін көріп, оны да жеуге тура келді. Кешке тамақты ресторанда емес, сыртта күннің батуына тамашалап отырып іштік.
Pangkor_Island 174

Pangkor_Island 176

Pangkor_Island 182

Pangkor_Island 205
Ұнағаны: бұл қонақүйге көбіне мұсылмандар келеді екен. Әдетте жағажай десе, азғындықпен байланыстырамыз ғой. Бұл жақта ондай ештеңе байқалмады. Суға киетін киімдері де шариғатқа сәйкес. Ішіп алып, кім көрінгенге соқтығысып жүргендерді де көрмедім. Тек қонақ үйдің төбесінде қадалып қарап тұратын маймылдар бар. Тамақтың бәрі халал. Ішімдіктері барлар басқа жерде, әрі оларға бөлек бассейн салып қойған екен.

Өмірімде ешқашан бұлай демалып көрмеген болармын! Сіздерге де жазғы демалыстарыңызды жақсылап өткізулеріңізге тілектеспін.
Pangkor_Island 221

Pangkor Island
Pangkor Island

Панкор аралынан түсірген қосымша суреттерді (128) көремін десеңіз, neweurasia блогындағы слайд шоуды көруге шақырамын.

26 thoughts on “Аралда болдым бір күні

  1. Басында осы жазбаңызды оқығанда балық ауладыңызба деп сұрайын десем оныда жазып қойыпсыз:-)Қытай достарыңыз Ко Тың Зи мен Дзаң Яңның қай дінді ұстанады екен?

  2. Ко Тың Зи будда дінін ұстанады, ал қытайдан келген Дзаң Яң өзін буддаға жатқызады, бірақ дін арасындағы айырмашылықтарды түсіне бермейді.

      • Күнде ести берген соң жаттап алады екенсің🙂 Сосын қытайлар аттары қиын болған соң, кейде ағылшынша ат қойып алады. Иуан деген танысымның ағылшынша аты Айван (Iwan) болатын, мен оны Иван дейтінмін🙂

  3. Рахмет, Баян! Сөзсіз, Қазақстанда да осылай демалуға болатын шығар деп ойлаймын.

  4. Тайлықтардың тілінен аударғанда “Әдемі арал” дегенді білдіреді екен. Аралдан түсірген жүзден аса суреттерді neweurasia.net сайтына жарияладым. Көремін десең, сол жерден табарсың.

  5. Күшті!!! Тек ана жазуларды су тез шайып кетпесе екен…😉

    Осындай демалыстаған сендер арман жоқ екен! Рахат, анау жағыңда үлкен су, астыңда мамық жастық… Үй төбесінде маймылдар… Ал сен “Шашыңнан иіскейін” деп ыңылдап жатасың… Романтика!!!🙂

  6. тамаша!!
    табиғаты керемет екен..
    Құдалардай күтіп алды деш:)))

  7. Түс көргендей болыпсыз ғой… Керемет! Армандар орындалады деп осыны айт! Сіз үшін өте қуаныштымын…🙂

  8. Осы жаққа бәрің де келіңдерші, а?
    Құдаларды күтіп алғандай қарсы алады. Шыным сол! Аралдан кетерде “Ауылың сенің іргеліні” айтқып келіп-ақ кетті🙂
    Нұреке, ең бастысы жазылды ғой. Панкор аралы бұрын-соңды Нұрғиса дегенді естіді ме екен десеңші, енді оған саусақтың ізі түсті. Су шайса да із қалады.🙂
    Ақзере, шын сенсе, армандар орындалады екен! Бар болғаны соған қарай талпыну керек екен. Дүниелік армандардың оңай орындалатын тәрізді…

  9. ма*ма рахат. күЧт жер екен. ана ерге жазыпсыз типа, басқа жағажайлар сияқт емес деп. сонда қыздар қайтып киніп түсед екен. купальниксіз ыңғайсыз шығар ә🙂
    судың мөлдірлігі ұнады.
    маймұл дейтіні қызық екен :))

    • бір жерде “маймұл” деп кетіп қалып па? Кечрп қойңыз!🙂 Көрсетіп жіберсеңіз, жөндеп қояйын.

      • ки*ки*ки. өзім ғо қазақша атын айтып атқаным. типа. терезеңді жауып жүр маймұлдар кіріп кетед дегенін айтам соған күлгем. а былай қате ештемесі жоқ қо қазақша солай айтылмауЧ ма ед🙂 ну очм жай күлгенім ғо. кеЧрп қойңз сізде …

  10. Айко, қыздар купальник киеді ғой, бірақ күллі денесін, шашын да жабатын купальниктер мода екен бұл жақта🙂 Еркектер жағы да көбінесе әуратын жабатын арнайы киімдер киеді. Оны мына жақта кез келген жерден сатып алуға болады.

    • ойлайм да, басқа жерде жаба берсін, бірақ пялжағы кайфтың түрін бұзып қайтеді😦. ұнамайды ма қарамасын!!! мысалы адамзат о баста жалаңч жүрген екен. жылдың 4 мезгілі әлгіндей жүргеніне кедергі келген соң суықтан қорғану үшін ойлап тапқандары киім/сиімді…
      ердің купальнигін елестете алмай қиналып отр, даж қыздың да, мүмкін болса купальник киіп жүрген суреттер ілсеңіз екен🙂 ну қызық қо. енд әбден жалаңач купальник көрген біздерге бір экшн босын🙂

      а атйпақЧ ышқырдан төмен әңгіме қозғап кеткеніме ренжімеңіз.😦 буынсыз жерге пышақ ұрып отақан сияқтымын.

      фуййй, не деп кеттім. кеЧрп қойыңз мендей пендені.
      мода куальник в студию🙂

  11. Айко, өтінішің орынды. Әдейілеп суретке түсірмеппін. Ол жаққа көбіне кісілер бала-шағасын ертіп келеді. Мұсылмандық тәрбиемен өскен кішкентайлар үлкен аға-тәтейлердің таза лыпамен жүргенін көрсе, өмір бойына шок алатын шығар🙂
    Ол жақта енді бәрі бірдей шариғат купальнигінде емес, бірақ дені норма ұстанады. Әдетте пляж десе, күнге бөксесін қыздырынып, арқасына күнге қарсы крем жағып жатқандарды теледидар көп жарнамалайды ғой. Бұл жерде ондайды көрмейсің дегенім ғой. Бала-шағасымен, күйеуі, әйелі баласы өздерімен өздері суға түсіп, мәз болысып жүреді. Қарап тұрып, қызығып кетесің. Сондай отбасым болса ғой деп…
    Айтпақшы, “Исламский купальник” деп гуглдаттсаң, біраз суреттер шығады екен. Менің көргендерім тура сол суреттердегідей🙂

  12. Бәрі сол қызығудан басталады, Асхат.

    Малай елі дегенде, Малай елі,
    Шақырымдар арада талай еді…
    Бойдақтар да үйленер бір күні деп,
    Деуші ме еді, қазақтар, қалай еді? :)))

  13. АЛЛА сізге одан да ғажап Жұмақты нәсіп етсін! Бәрі әдемі екен!🙂

  14. Ashat, keremet! Ozim de barip kelgendey erekshe aser alip otirmin, rasimen de kala shuinan son bundai jerler tura jumaktai bolatin wigar. asirese kun batuin tamashalai otirip, shai ishkenge ne jetsin:)

  15. Иә, күн батып бара жатқанда бойыңды бір тыныштық кернеп, өмір туралы, жаратылысың туралы, әдемілік туралы ойланады екенсің.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s