WordPress.com 5 жаңалық


  1. VideoPress.com видеопорталы ашылды: WordPress.com өзінің Videopress деген видеопорталын іске қосты.

  2. E-mail арқылы пікір келгенін хабарлау жетілдірілді: Байқаған боларсыздар, қазір блогқа пікір қалдырғанда оның жауаптарын пошта арқылы бақылап отыруға болады. Әрі жекелеген пікірқалдырушылармен жеке пікірлесу мүмкіндігі бар.
  3. Пікірлерді іздеу: Wordpres.com блогтарына әрбір секунд сайын пікір қалдырылады екен. Блогтұғырды әзірлегендердің бірі April Wrap-Up-та 8.6 млн. пікір қалдырылғанын мәлімдеген. Әрине, “пікірсіз блог жетім” (бір жерден естідім) екені белгілі. Сондықтан WP жаңашылдығы қазақ тіліндегі блогтардың да маңыздылығын арттыра түсті. Айтпақшы, бұдан былай блогтағы жазбалармен қатар пікірлерді де іздеуге болады.
  4. Стастиканың жаңа келбеті: WP блогы барлар, ендігі кезекте блогтың стастикасын көрсететін графиктің де өзгеріп шыға келгенін, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда әдемі болғанын аңғарған болар. Бұрынғысы жүректің соғысын көбірек елестетсе, соңғысы, Алатаудың жоталарын еріксіз еске түсіреді🙂 Бір қызығы, бұдан былай стастика біздің жергілікті Астана уақытымен көрсетілетін болды.
  5. Айтпақшы: бұдан былай wordpress.com деп теріп жатпай-ақ, wp.com деп терсеңіз де wordpress.com-ның негізгі беті ашылады. Қазақ тіліндегі блогтар kk.wordpress.com мекенінде екенін айтпай-ақ қойсам да болатын шығар🙂

5 thoughts on “WordPress.com 5 жаңалық

  1. Вордпресстен блог ашсақ па екен… Қызық екен… Бірақ… просты .кз те жаман мүмкіндіктер ұсынбайтын тәрізді.

    Қазақ блогосферасының тропосфераларға қарғи беруі үшін!!!

  2. Мен wb-ге блог ашқанымда көп болған жоқ, әрине көптеген өзгерістер болды келешектеде жасай берсін

  3. Ауылдың баласы, wp аудармасымен Бақытгүл апай бастаған ынталы топ (qazaqblogshilar.wordpress.com) айналысып жатыр. Алайда бұл еркін бағдарлама болғандықтан кез келген адам оны аударуға өз үлесін қоса алады. WP ағылшынтіліндегі дүниенің қазақшалануы сіз бен біздің белсенділігіміз бен ширақ қимылымызға байланысты.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s