AWARD.kz 2009: өтініштерді қабылдау басталды!


Былтыр Аршаттың қолынан шыққан (Нұрғиса оны мазмұнмен байытқан) блог ең үздік атанғаны естеріңде болар.  Биыл да Аршат керемет дүние жасап шығарды. Қазнеттегі сайттардың мінез-құлқын анықтауға болады. Қазинет деп аталатын арнайы бағдарлама сайт, блогтың оқырмандарының санын көрсетеді (Блогымның оң жақ бағанында тұрған төртбұрышты жасыл түйме). Тек, әзірге санын ғана. Алдағы уақытта қай қаладан, сағат нешеде, қай жазбаны оқығанына дейін көрсететін болады деп ойлаймын. Күзге дейін уақыт бар. Бағдарламаны жетілдірсе, аталған сайтқа дауыс берушілер көп болар еді деген үміттемін. Қондырып аламын десең, сайтқа кіріп, тіркелсең болғаны!

Award-тағылар тағы да хабарландыру жіберіпті. Қазақшалап, әзірлеп жіберіп едім, сайтқа жарияланған болар. Биылғы жылы қазақ блогшыларының белсенділігі былтырғыдан да жақсы болар деген үміттемін. Былтырғы жылы аталымдарға біраз өзгеріс енгіземіз деп едім ғой. Биылғы жылы қазақ тіліндегі үзді сайт пен екі тілдегі үздік сайт бөлек-бөлек анықталмақ.

AWARD.kz ұлттық интернет жүлдесі 2009 жылдың үздіктерін анықтамақ. VII рет ұйымдастырылғалы отырған шара қазақ интернетіндегі үздіктерді тауып, жүлде тағайындайтын жалғыз кәсіби байқау.

Байқау әдеттегідей 5 аталым бойынша өтеді. Қатысып, бағын сынаймын деушілер өз өтініштерін осы бастап бере берсе болады. Өтініштерді қабылдау 2009 жылдың 19 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Қолымды сілтей салғым келді. Істеп жатқан жұмысың бағаланбаса, оның ешкімге де пайдасы жоқ деп ойласың. Бірақ, бір орында тоқтауға болмайды, Асхат!

11 thoughts on “AWARD.kz 2009: өтініштерді қабылдау басталды!

  1. Асхат рахмет жарнамаңа. тек ана сілтемені дұрыстап жібер, алдына хттп қойып🙂

    Вордпресс.комдағы блогтарға қалай код қою керегін менің сайтымда жаздым.

  2. Рахмет, Аршат!
    Мына оң жақтағы бағандағы сурет сайтқа тікелей сілтеп тұратындай етіп, код жасап қойсақ қатып кетер еді🙂

    • Асхат, сайтымдағы мақалаға өзгерістер енгіздім. енді сілтемелі код қоюыңызға болады. рахмет, ескерткеніңе!

      • Рахмет, Аршат!
        Енді бірте-бірте, sitemeter-ден кем түспейтіндей етіп, қосымша функция (қай облыстан қанша адам кірді, қай мақаланы қарады т.с.с ) үстерсіңдер деп үміттенемін.

  3. әлі басталмаған ба?

    Caйтты тiркеу
    Извините, прием заявок на AWARD.kz 2008 окончен. Ждем вас в следующем году, заявки на 2009 год будут приниматься с мая-июня 2009.

    • Сәттілік тілеймін! “Бастысы жеңіп шығу емес, қатысу” деген ниетпен тіркелдің бе, әлде жеңіп шығуды алдыңы мақсат қойып отырсың ба? Сұрағым, ыңғайысздау болса, кешір😉

      • басты мақсатты еске салып жібергеніңізге шын көңілден үлкен рахмет

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s