Іздегіш өзіне ат іздеп жүр


Іздегіш өзіне ат іздеп жүр. Көргенің бар ма? Көзіңе шалынып жатса, төмендегі поштаға хабарласарсың.

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті KazNet сегментін дамыту шеңберінде ұлттық іздеу жүйесін құруды жоспарлайтынын хабарлады. Іздегіш қоғамға бағдарланған. Осыған байланысты Интернет-қауымдастықтан оның атауын таңдауда жәрдемдесуін сұраймыз. Ұсыныстарды bazhaeva_n@aic.gov.kz Адресі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз

Былтыр Yandex-пен бірлесіп, іздеу жүйесін жасаймыз дегені бар еді. Сол үшін бюджеттен ақша да бөлінген. Қазнеттің майын ішкен мамандар: “Бұның түкке де қажеті жоқ”, деп қарсы шыққанымен, өзінше жаңалық жасап, тарихта атын қалдырғысы келді ме, бұған елең еткен ешкім болмады. Бүгін адасып жүріп, сайттарына кіріп қалсам, әлгіндей құлақтандыру тұр. Қашаннан бері тұрғаны белгісіз. Ескі болуы да ғажап емес!

Жеке өз басым, қазақтілді интернет қолданушылар көбіне қазақша ақпарат іздегенде google.kz тұтынатынын білемін.

Біріншіден, іздегіш жасалған күннің өзінде гуглға төтеп бере алмасы түсінікті. Одан зорын ойлап табу керекпіз!

Екіншіден, іздеу жүйесі қазіргі қолданыста бар жүйенің тек өңін айналдырумен шектеледі деп ойлаймын. Сондықтан жаңа іздеу торабының аты басқа болғанымен заты өзгермесе, онда сонша ақша тек жаңа атқа ғана бөлінегені ме? Ол аттың өзінде Ақпараттандыру агенттігі өздері ойлап таппай, жұртқа тауып беруін өтінуде. “Көкелер-ау, сонда кім айлық алып отыр?” деген сұрақ туындайды.

Үшіншіден, үкімет қазір интернетте кеңінен танымал жобалардың қазнеттегі баламасын жасауға көңіл аударуда. Соған қарағанда күні ертең, өз іздеу торабымыз бар деп, гуглдан да бізді айырып тастамаса жарар еді. Тілім тасқа! Ұлттық қауіпсіздік мақсатында кейбір елдер google, yahoo, msn, aol тәрізді кеңінен танымал іздеу тораптарын пайдаланбай жеке өздерінікін жасап шығарғандары бар. Әрине, біздердің әлі де болса mail.ru-ға байланып отырғанымыз өзімізге сын.

10 thoughts on “Іздегіш өзіне ат іздеп жүр

  1. Бұл құлақтандыру біраздан бар сияқты, Өреке. Уәждер де орынды. Мен бірде телефон шалып хабарласардай болған едім, әрлі берлі футболдап жібергесін ол бастамамды аяқсыз қалдыруға тура келді. Гугылдан өтімдісін ойлап табу оңайға түспесін сезетін сияқтымын…

  2. Меніңше керісінше мэйл румен біріге отырып, соның қазақша баламасын ойлап табу керек. Интерфэйсте қазақша жаза алатындай.
    Әйтпесе баяғы сол артық қыламын деп, тыртық қылудың ізі көрініп тұр.

  3. Асхат пікірлеріңе келісемін. Яндекспен бірге іздеу жүйесін құрғаннан құдай сақтасын.

    Ал Гоогледі жеңіу біз үшін оңайға соқпас. Бірақ басқалары оны оп-оңай алып тастай салады. Өйткені іздеу моторы -ол старатегиялық зат. Ұлттық қауіпсіздік, экономика, ұлт-мүддесі үшін. Сондықтан басқа елдер кешікпей Гоогеден сытылып шыға бастайды. Сол үшінде Гоогел жанталасып қызметтерін Локалдандыруға тырысып жатыр.

    Майл.ру бірігеміз бе? Жоқ 100% қарсымын!

    • Егер мэйл.руға кіріп, Мой мир әлеуметтік желісін ашсаңыз, жарты Қазақстан жастары сонда жүргенін байқайсыз. Олардың барлығын өзіне баурап алатындай қандай ресурс ұсына аласыз? Мысалы, мен сол жерден кеткім келмейді. Өйткені ол жерде қаншама уақыт отырдым, қауымдастық құрдым, мыңдаған адамдар мүшелікте бар… Соның бәрін тастап кеткім келмейді. Маған тек қазақша интерфэйс жасап берсе болғаны…

  4. Айтсам қатты айтты демессіздер.
    Мемлекеттік құзырлы мекемелердің мұндай майда-шүйде істерге араласуы олардың қандай деңгейде екендіктерін көрсетеді. Іздеу моторларының қайсысы мемлекеттік екен? Әлі күнге дейін интернеттің не екенін түсіне алмай келетін секілді.

  5. ansarphotos, өте дұрыс айттың.
    Yandex – өте мықты іздеу жүйесі, тіпті google сияқты грандтардың оның сурет іздеу функционалына қызығушылығы бар. Екіншіден, ТМД-лық мән-мағынадағы контент іздеуге өте ыңғайлы. Өз тарихымыз бен болмысымызға сәйкестеу қылып тауып береді.
    Майл.Ру-ға байланып отырғанымыз неге өзімізге сын екенін түсінбедім. Ком-ға байланған ше? Әлде тек орысша болмасын деген тезис пе?

  6. Әлі күнге дейін мейл руға пара-пар дүниені жасай алмадық. Әрине, сылтау көп қой (қазнеттегі қазақ тілі, қаржы т.с.с.) десе де осының бәрі бізге сын дегенім ғой😦
    Орысша болмасын демеймін. Қанша дегемен Ресейлік ресурс болған соң орысша болуы заңдылық. Тек сол ресурстағы Ресей ақпаратын еріксіз тұтынып, жұтып отырғаныма налимын. Гмейл пошта қанша дегенмен, “Муж Виктории Карасевой крестился ради ее выздоровления” деген тәрізді жаңалық ұсынбайтынымен қуантады. Бәлкім осындай ақпаратпен уланғандар “ұлттық” деген айдар таққан іздегішті ешқашан таба алмайтын да шығар…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s