Халал карточка: иіскейін, тиіспейін


Біріншіден, Еркін Нұржанға рахмет! Сол бір өлеңі бар. “Иіскейін, тиіспейін” деген. Ішінде: “Иіскетші жұртымның топырағын” деген сөздері ерекше ұнайды. Қазір де соны тыңдап отырмын.

Кеше ұяттан өртенердей болдым.Фейсбукқа белорус досымнан хат келіп еді. Ішін ашсам, “мына бір сайтты тексеріп көр” деген екен. Сілтемесін ашып, мәліметтерді енгізіп едім, сайт әрі қарай ашылмады. Содан жаба салған едім. Біраздан соң барып, бұның спам екенін білдім. Енді менің атымнан фейсбуктағы достарыма сондай хат келіп жатыр екен.

Бәрінен кешірім, сұрап, мүмкін болса, кілтсөздеріңді өзгертіп қойыңдар деп едім.

Ұят болды! Спамды әдейі таратқандай болып қалдым…

Бүгінгі күнім Малайзияның Maybank деген ислам банкінде карточка аштырумен өтті. Бұл банкте бәрі банкоматтандырылған деп айтып едім ғой. Сол бір сағаттың көлемінде халал карточка жасап беріп, онымен қалай қолданатынын түсіндіріп берді. Қызық екен. Қазір онлайн аккаунтыма кіріп, қанша ақшамның бар екенін, қайда қалай жұмсалғанын бақылап отырмын. Қазақстанда Казкомда (тағы басқа банктерде) сондай қызмет түрі бар. Бірақ өзім қолданып көрмедім. Қолданып көргендер өте тиімді деп жатыр. Орныңнан тұрмай-ақ коммуналдық т.б. төлемдерді жасауға болады екен. Виртуалданып келеміз!  

Пы.Сы. Интернет банкингпен жұмыс істеп болған соң кэшті өшіріп тастауға кеңес береді екен. Жақсы кеңес.

Осыған ұқсас жазба: Харам карточкалар

5 thoughts on “Халал карточка: иіскейін, тиіспейін

  1. КазКомның хоумбанкі бар, ол да өте ыңғайлы. Тамақты да үйден шықпай тапсырыс беруге болады. Жұмысты да үйден шықпай, компьютермен жасай беруге болады. Сыртқа тек қоқысты шығару үшін шығар заман. Бірақ… Қоқысты да ақша беріп, арнайы қызметтердің үйіңнен кеп өздері әкететіндей етуге болады… Інімізден шықпауымыз – керемет виртуалдануымыздың үлгісі! Вива, интернет!!!🙂

  2. Қазкомға бір қолым жетпей жүр. Көріп жатсаң, менен сәлем айта салшы. Мына жақта бір тұтынушысы қатты абыржулы деп🙂

  3. спамыңызға рахмет ! паролімді өзгертіп үлгердім…

    тек казком және бтаны қолданып үлгердім. ыңғайлы )))

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s