Әлемдегі ең қарт блогшы дүниеден өтті


Интернетте отырғанда аурып жүргенімді ұмытатынмын

Интернетте отырғанда аурып жүргенімді ұмытатынмын

“Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры” деген тақырыпта тренинг жүргізгенде мен оның блогын мысалға келтіргенді ұнататынмын. Әлемдегі ең қарт блогшы – испниялық Мария Амелия Лопезға баласы, блогты туған күніне (27.12.2006) ашып берген еді. Содан бері қарт ананың блогына кіріп, кеңес сұраушы жасөспірімдер көбейіп кеткен. Монитордың ар жағында отырған Марияның шашына ақ кіріп, жүзін әжім шалған олар қайдан білсін… Ал білгеннен кейін испан жастары алғашқы махаббат, оқу орындарындағы қиындықтары, отбасындағы түсінбестікке байланысты өз ойларымен бөлісе бастаған.

Мария Амелия 97 жасында дүниеден өтті.
031 (Small)
Испанияның ең үздік блогшысын үкімет басшысы арнайы кездесуге де шақырған. Соңғы кезде ол өз жазбаларын немересіне дауыстап айтып тұрған екен. Блогшының қайтыс болғанын естіп, дәл қазір 755 адам пікір қалдырыпты. Өзінің соңғы жазбаларының бірінде: “Мен интернетте отырғанда ауруларым туралы ұмытып кетемін” деп жазыпты. Өмірінің соңғы кездері Facebook-та да тіркеліп, қарт адамдардың құқығын қорғайтын топ ашқан.

Пы.Сы. Осыдан санаулы күн бұрын ғана Қарағанды мешітінде 130 жастағы Сахан апаның жаназасы шығарылған еді…

сурет: timesonline.co.uk сайтынан алынды

14 thoughts on “Әлемдегі ең қарт блогшы дүниеден өтті

  1. Шамасы немересі қолында болмаған шығар. Әйтпесе, немересін шекеге ертіп апарудан қолы босамау керек еді ғой. Негізі қызық болар еді. Әжелер барып келген құдайы тамақ, шеке, тойлардан суреттер іліп, жазбалар жазып, үнхабар жасап жүрсе🙂
    Күлетін несі бар, әбден мүмкін!

    • Шеке, тойлар демекші, онда менңше, біздің әжелердің блогтарында құдағайлықтан келген киіттің суреттерімен толатын шығар🙂

      • Современный апалар болар еді. Жапонияда әрбір екінші апа интернет қолданады дегенді естіп едім. Бір тексеріп көру керек еді. Олар блогтарына киіттің суреттерін іліп жүр ме екен🙂

  2. иә, есімде, айтқансыз.
    жақында ювижндағы(оО жарнама?) бір блогтан оқығанмын, сіз өзіңіздің блогтарыныздан, әлеуметтік желілерден, почтадан парольдеріңізді біреуге айтасыз ба, себебі кім біліпті, ертең не боларын. осы апа өз блогын немерелеріне, не балаларына таспырды ма екен

  3. Балаларына тапсырған секілді. Қайтыс болғаны туралы жазбаны балалары жариялаған.

  4. Еретең, Айко апа, Ақзере апа, Арсенал апа, Мылжың профессор ата, Техносиндром ата болып жүрсек күчт болатын шығар🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s