abai.kz ақпараттық порталы ашылды


abai.kz

abai.kz

Бірнеше айға созылған дайындық кезеңінен соң, abai.kz ақпараттық порталы өз жұмысын бастады. Сайтты ашқан бетте ішіндегі ақпараттың молдығы көзді арбайды. “Мынаны оқу керек, мынаны да уақыт болғанда оқу керек” екен деп бірнеше мақаланы түртіп қойдым. Сайттың сол жақ бағанында екі азаматтың есімі аталған. Соған қарағанда сайт жұмысын белгілі журналист Дәурен Қуат пен саясаткер Айдос Сарым үйлестіретінге ұқсайды. Порталға көбіне есімі елге танылған, қаламы ысылған журналистердің жазбалары түсетіндіктен бірден-бір сұранысқа ие болатын ақпараттық ресурсқа айналады деген үмітім бар. Сайт авторлары өздерінің беташар жазбаларында порталды ашудағы мақсатын былай түсіндіріпті:

Біз, қазақтың бір топ жас саясаткерлері, ғалымдары мен журналистері, кең-байтақ Отанында басым ұлтқа айналған қазақ жұртына арнап «Абай.кz» ақпараттық порталын ашып, елінің бүгіні мен болашағын ойлаған азаматтардың барлығын осы ресурстың айналасына бірігіп, еркін ой мен парасатты пікір айтуға шақырамыз.

Интернетті реттеуге қатысты дау-дамай өршіп тұрған тұста, Қазнетте тағы да бір мазмұнды порталдың дүниеге келуі қазақ қоғамын бір мақсатқа ынтымақтастыру жолында жасалған игі қадамдардың бірі болғай.

14 thoughts on “abai.kz ақпараттық порталы ашылды

  1. қазақ интернетін бақылап,
    соның бәріне үлгеріп жүргеніңізге таңқаламын😀

  2. Асхат, мынау бір жақсы сайт екен. 15 сәуірде ашылған екен. Рахмет, пайдалы ақпаратыңызға, сіз айтпағанда, білмейді екенбіз.

  3. Ас болсын!🙂
    Сайт ішінде Нұрғисаның блогына айтылған жылы лебізді оқыған боларсың.

  4. Енді abay.kz, абай.ком бұлардың барлығына сайт ашу керек.

    Сайтқа жоғары баға бердім, Жақсы сайт!
    Қазақ тілін дамытатын бір ғана жол менің ше осындай ресурстарды көбейту.

  5. Бір мақала мен екінші бір текст беттесіп (бірінің үстіне бірі шығып) кетіпті. Техникалық жағынан әлі толыққанды емес пе, әлде менің браузерлерім дұрыс ашпады ма?

    Абай клубының мүшелері деген жерде сіздің де аты-жөніңіз бар екен, Асхат аға.

    Енді осындай жан-жақтан жиналған, елдің жағдайын айтатын журналистерді біріктірмесе, БАҚ деген сөздің мән-мағынасы кетіп барады. Бір беткей болып алған біразы.

  6. Меніңше дәл осындай тәлімдік форматтағы ресурстар өрге жетелеуі тиіс Қазақ жаһантор кеңістігін. Авторлары осы бастамадан тез шаршап қалмай, жұмыстарының нәтижелері еселі болса екен деймін. Бұл үлкен жұмыс, сөзсіз!

  7. Ақзере, сосын ақырындап түймелерді қазақшаға аудара бастаса, тіпті қатып кетер еді…

  8. sait turali jana gana okip otirminda birak siltem istemeidigoi ne sebepten…
    Ashilar degen umittemin..Ne bolsa da kutti bolsin kazakhsha suieler kobeigenge ne jetsin

  9. Иә, қазір мен де ашып көрдім. Сайтта бір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанға ұқсайды. Ертең сайт иелері Алматы қаласында ресми баспасөз мәслихатын өткізіп, тұсаукесерін жасауы керек. Жаңа сайтқа сәттілік тілейік!
    Блогымның құтты қонағы болып тұрыңыз, Амандық!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s