Бейкүнә сәби жүзді әнші Еуропаны таңқалдырды


Eurovision ән байқауын қадағалап отырмын деген ескертуді Facebook-тағы ой-жолаққа (жаңа сөздерді аударғанды сұмдық жақсы көретін болып жүрмін) жазып қойып едім, сәлден соң: “Кімге дауыс бересің?” деген пікір келіп түсті. Ригада Перлдің үйі деген қонақүйге тоқтаған едік. Солар екен. (Негізі, ойда жоқта Ригаға барып, тоқтайтын арзандау жер іздесең, сол жерге баруға кеңес беремін. Иелері қайырымды жандар). Одан соң Баян да чатқа шығып, сол тектес сауал қойды.  Не деп жауап берерімді білмедім. Себебі оның алдында ютюбтан қатысушылардың әндерін қарап отыр едім. “Осы мен кімге дауыс бермекпін?” деген сұрақты өз өзіме қойдым да, жауап таппадым. Себебі мені әншілер емес, жалпы байқаудың ауқымы, халыққа насихаты, ресейліктердің өздерін танытып жатқаны, Биланның орыс рухын дүрліктіргені қызықтырған еді.
Бүгін тағы да ән туралы дерек іздеп отырып, мүфтияттың сайтына жолықтым. Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы “Муызка тыңдау харам ба?” деген мақаласын жариялапты. Ұзаққа созбай мына бір жерінен ғана үзінді келтірсем, ислам дінінің бұған қандай жауап беретінін ұғуға болатын тәрізді:

Пайғамбарымыздың музыкаға байланысты хадистерінің әр түрлі болуының астарынан тыйым салынған немесе рұқсат етілген нәрсенің тікелей музыка аспаптары емес, олардың қалай қолданылуы, сондай-ақ, тыңдаушы мен орындаушының түпкі ниетіне байланысты екенін аңғарамыз.
Себебі, кез-келген музыка аспабының жақсы-жаман әркелкі тартылуына, бұған қоса, айтылатын ән мазмұнының әр алуан болуына байланысты оның адамға тигізер әсері де әр түрлі болады. Міне, сондықтан харам-халал үкімін музыка аспабынан гөрі оның қалай қолданылуын негізге алып қарастырған жөн.

Fairytale: Alexandr Rybak

Fairytale: Alexandr Rybak



Әрине, eurovision-дағы әндердің бәрі діни әндер емес. Адамның нәпсісін қоздыру арқылы, өзіне назар аудартқысы келген әншілер де ішінде көптеп кездесті. Бірақ жеке өз басыма, жеңімпаз атанған Александр Рыбактың өзін ұстауы, өлеңін жеткізуі ұнады. Норвегияның бейкүнә сәби жүзді әншісі [eng+pics] өзінің осы қасиеттерімен көп ұпай жинауы да кәдік. Eurovision-ды қарағанда да әншілердің негізгі ниеті танымал болу, елдің даңқын асыру екені белгілі ғой. “Байқау барысында адамды туралыққа шақыратын бір де бір белгі болмаса, несіне көрдің?” деген сауал туындайтын шығар. Дұрыс. Өзіме де осы сұрақты қойдым. Маған байқауға қатысқандардың жігері, жеңімпаз болсам деген ниеттеріне деген көзқарасын білу маңызды болды. Мақсатына жеткен жандарды көргенде еріксіз өзім де алдыма қойған мақсатыма қаншалықты адал екенімді ойлаймын.
🙂

19 thoughts on “Бейкүнә сәби жүзді әнші Еуропаны таңқалдырды

  1. Бұл “Евровидение” ұйымдастырылуы жағынан ерекше болған секілді. Тек техникалық жағынан ғана емес, декорация,сосын жабылу сәтіндегі ерекше бір қойылым, көргендер болса, айтарсыздар, пловецтер (дәл түсіндіре алмай отырмын) болды көрсеткен өнерді.
    Рыбак шынымен де, әрі өнерлі, әрі харизмасы бар жігіт екен.

  2. Иә, ғарышпен де байланыс болды дегенді оқып қалғаным бар еді. Дағдарыс тұсында Ресей аянып қалмады. Өткен жылы Биланның жеңісі Ресейдегі саясатпен қатты байланыстырылыпы еді. Бұл жолы қайтар екен. Әліптің артын бағайық.

  3. қатты дайындалды.. қарағым келген еді негізі ұмытып кетіппін, ақыры сол түнде ұйқтамай жүргенде сіңлім екеуміз таңғы төртте жеңімпаздың әні деген жерден ғана көріп қалдық. Бірден инеттен іздеп мп3 плэйіріме қондырып алдым:)
    Александр шынымен талант, энергиясы білініп тұр..

    Артынан Малахоытың бағдарламасы басталып кетті.
    сол студиядағы көбісі британдық қызға жанкүйер болдық десіп жатты, кейбірі литва Эстон Түркия деп жатты.
    Мені орыстардың ұйымдастыру жағы қызықтырған еді қайткенменде 2014 олимпиадаға дайындалып жатқан мемлекет..
    Сахнасы шынымен ұнады..
    сосын тағы бір айтып кетер жәйт жалпы ұйымдастырылуы, тікелей эфир, одан біте салысымен обсуждение бағдарлама жасауы, әрине ондайға Малаховтан асқан кім жақсы болады. Орыстардың телевидениесі тағы да алға басты.
    Қалай алға жылжыған деген ойда отырдым сұхбатты тыңдап отырып..
    өзім жалпы жапондардың бағадарламаларын инеттен көп қараймын, әрі қызықты, күлкілі, әрі бір нәрсе үйреніп қалатын бағдарламалар, бір жоспармен жүріп отырса да, әр бағдарлама жаңаша, еш іш пыстырмайды.. қатты қызығамын шіркін бізде де осындай бағдарламалар болса ғой деп..
    Ал осы жолы орыстардың ұйымдастыру деңгейіне риза болдым, үйренері көп сөзсіз, сосын адамды өзіне тартатын шоумендері ол бар..

  4. Пайғамбарымыздың музыкаға байланысты хадистерінің әр түрлі болуының астарынан тыйым салынған немесе рұқсат етілген нәрсенің тікелей музыка аспаптары емес, олардың қалай қолданылуы, сондай-ақ, тыңдаушы мен орындаушының түпкі ниетіне байланысты екенін аңғарамыз.
    Себебі, кез-келген музыка аспабының жақсы-жаман әркелкі тартылуына, бұған қоса, айтылатын ән мазмұнының әр алуан болуына байланысты оның адамға тигізер әсері де әр түрлі болады. Міне, сондықтан харам-халал үкімін музыка аспабынан гөрі оның қалай қолданылуын негізге алып қарастырған жөн.

    Мысалы?

  5. мағынасымен зинаға шақыратындай болса тб сондай музыка қатысты болу керек

  6. Andi tyndaganda kozine eriksiz jas keledi eken, nedegen oner desenshi qashan QAZAQ anshisi osylai Asiany tangaldyrar eken🙂

      • “Азия даусынан” кейін Мұрат Иргалиев көрінбей кетіп еді, кеше “Жас қанатта” қазылар алқасының мүшесі болып отыр екен, ТВ-дан көріп қалдым.
        Айтпақшы, “Жас қанаттың” Гран-Приін семейлік әнші Әсем Омарова жеңіп алды.

  7. Эххх, адамдар, бақыттысыздар ғой, теледидарға уақыт бөле аласыздар?!

    • Алмас, мен ютюбтан көрдім. Қазір қазақ радиосында да онлайн беретін болды ғой. Соны онлайн тыңдап отырамын. Тек IE мен істейді. http://kazakstan.kz/kaz/radio
      Әйтпесе, біз де ТД қарайтын уақыт қайдан болсын🙂

  8. Алмас, уақытты тиімділеу икемге келтірмек керек бар болса, тилибизір қарап, ол үшін бақытты болып қалу ма? Ендеше Қазақстандықтың жартысынан астамы бақытты болғаны ғой😉

    Скрипкаға еліктеп апты бәрі. Орыстың атын бүркеніп шыққан украин қызы сахнада үш минут ішінде елу жасқа қартайып кетті, ол да бір елеулі момент екен🙂

    Патрисиа Каас апамыздың сахнамен қайта қауышуы жаман болмады деп және түйе отыралық.

    Біздің Қапқарашканы жіберу керек еді. Шабадан арқалатып қойып, төбеден арқанмен түсіріп, кейін ол мұздарды жарып… Мына жақта Лана мен Жәмила скрипкамен ойнап тұрар еді… Сосын біз бірінші орын алып, арғысы – Алматы не Астанада Евразиявидение 20ХХ өтер еді :)))

    • Қапқарашка осы жылы “Новая волна” байқауында өнер көрсетеді.

  9. ups, Eurovision bitip kaldi ma ne uje!? Askhat rahmet arkanda finaldi korip aldim at least.

    Alex Jim Carrey’ge uksaydi eken, ia?

    Jurgizushi Dima bolipti goi (KVN, Stantsiya sportivnaya).. super. agilshinsha netken taza/ademi soileydi.. tanirkap kaldim.

  10. Иә, жүргізушілердің сайрап тұрғаны ұнады. Алсу ағылшыннан басқа қосымша тағы бір тілде жүргізді ғой деймін, қателесепесем…

  11. Иә, Баян, ұяттымыз. Тұмсығымыздың астында өткен “Жас қанаттың” қалай өткенін білмейміз де, көрші елде не болғанын бүге шегесіне дейін жақсы білеміз😦
    “Азия дауысы” өкінішке қарай өзін ақтамады ғой. Әйтпесе, Еуровижннің Азиядағы баламасы болар ма еді.

  12. Жалпы Рыбактың өнері ұнады. Басынан соған жанкүйер болдым. Бірақ өзі беларусь қой ұлты. Норвегияның атын шығарғанмен, елге келіп қуанып жүргені біртүрлі жасанды көрінді… ИМХО

  13. беларус болғанымен көзін ашқалы көргені Норвей, 3-4 жасында Норвегеияға көшіп кеткен. Орысшасынынң өзі акцентпен, бірақ болғанмен жақсы екен, соған қарағанда үйде орысша сөйлейтін шағыр..

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s