Жұма келді


Үреймен арпалыс құшағында ояндым. Тағы да найзағай күркіреп жатыр. Петронастың ар жағы жарқ-жұрқ етіп, қара аспанды әлдекім суретке түсіріп жатқандай. Жаңбырлы маусым аяқталып, ыстық кез басталады деп еді. Қайдам. Әлі де сол жылы нөсер толастамай тұр.


Қазір таң атты. Күліп ояна алмадым. Жұма келді.

7 thoughts on “Жұма келді

  1. Аспан тесіліп кетердей еді. Бөлме іші ыстықтау, көрпесін жамылмай теуіп тастаған. Сосын аспан тесіліп кетердей тасыр да тұсыр ете бастады. Жаңбырдың кезекті атой салуы еді. Тұрып, кіші дәретін сындырып қайтты. Ұйқысы келмей қойды. Тыпырши берді. Арқұасын маса шағып кетіпті. Қышиды. Қолы жетпиді бірақ. Қасиын деп еді, ыңғайы келмеді. Аунай берді. Бір қараса таң атыпты. «Эхх, жұма» деді ол. Он бес минуттан соң ол ас үйге барып кешеден қалған сорпаны жылытып ішетін болады. Дежавюлер ғой баяғы…

  2. Білмедім, мына жақта найзағай ойнаса: “Енді жер сілкінісі қашан болар екен” деп күтетінім бар😦
    Алматыдағы екі-үш рет куә болған жер дүмпулерінен соң қалып қойған шошымам ғой деймін…

  3. Білмеймін, өз басым жаңбырлы күнді жақсы көрем. Жұманы ерекше күтем. Сондықтан, ешбір ауа райы жұма сайын күліп оянуға тосқауыл болмайды екен🙂

  4. ну Нұрғиса, қашан кітап жазып шығарасың. Машалла, сөйлем құрастыруың қандай еді.
    Шымкенттеріңде, Алматыларыңда, Малайзияларыңда қайдам, бізде плюс екі градыс. салқын тиіп ауырып қалдым.

  5. Бүгін сенбі. Алматыға, әсем Алматыға нұр құйып өтті. Табиғат сұлулана түскен. Найзайғай аздап қана ойнады. АЛЛА қалас, жұмаға бес-ақ күн қалды!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s