Малайзияда оқып жүр… жаңа бір блог


шетелде оқудың өз қиындықтары мен қызықтары бар

шетелде оқудың өз қиындықтары мен қызықтары бар

Ақзере өзінің соңғы жазбаларының бірінде “Ағылшын тілін қалай үйренсем болады?” деп сауал тастаған екен. Аталған жазбаға бей-жай қарамай пікір білдіргендер саны да жетерлік. Осыған қарап-ақ ағылшын тілі мәселесі қай қайсымызды болса да айналып өтпегенін, алдымыздан кесе көлденең шыққанын көрсетіп отыр.

Қазіргі нарық тұсында бір ғана біліммен қанағаттанып, кәсіби біліктілікті жетілдіру мүмкін еместігін түйсінгендер шетелде оқудың жай жапсарын іздейтіні түсінікті. Осы орайда қауіпсіз, әрі қаржы жағынан да тиімді болатын елді қарастыратынымыз бар. Жеке өз басым, Алматыда жұмыс істеп жүріп, қанша жерден ағылшын тілімді жетілдіремін деп кешкі курсқа қатыссам да көңілім көншімейтін. Себебі, Алматыдан қалтаңа сәйкес керемет курстар табылғанымен, жұмыстан шаршап шыққан соң, құлқың болмайды, әрі ағылшын тілін күнделікті өмірде қолданбаған соң нәтижесі де көрінбейтін. Содан шетелге үш-төрт айға кетіп, ағылшынымды жетілдіруді ойластырдым. Әрі мүмкіндік тауып, білім алсам деген ниетім болды. Содан шетелге шығудың амалын қарастырдым. Назарым, Алматы қаласындағы Орталық мешіттің қасында орналасқан “Фаттаһ травел” деген агенттікке түсті. Бір досым отбасымен бірге осы агенттік арқылы Малайзияға кеткенін жақсы білетінмін. Әрі бұл елді көру іштей бір арман болатын. Сөйтіп, Куала Лумпурға топ ете түскенім баршаға блогшыларға аян.

Мен тәрізді “Қайдан?”, “Қалай білім аламын?”, “Қанша тұрады?” деген сауал жетегінде жүргендерге көмек болсын деген оймен жаңа блог бастап отырмын. Себебі, көптеген таныстарым, достарым осы төңіректе сұрақтар қоюда.

Малайзияға келуімде, пәтер табуда, құжаттарымды реттеуде, әуежайдан күтіп алу, үйден сәлемдеме беріп жіберу, дәмді де арзан тамақ табу т.т.т. толып жатқан көрер көзге көрінер көрінбес, бірақ жүйке мен уақытты алатын жұмыстарды кәсіби атқарып жүрген Fattah-travel агенттігіне алғысымды білдіре отыра, барлық таныстарыма агенттік іздейтін болса, Фаттаһқа хабарласуға кеңес берудемін. Фаттаһтағы ұжым қалай екенін білмеймін, бірақ Малайзияның білім беру министрлігі тікелей қадағалайтын көптеген оқу орындарымен, әрі ағылшын тілін оқыту орталықтарымен тікелей байланыс орнатқан. Сондықтан құжаттар қауіпсіз, әрі дер кезінде межелі жерге жетеді екен.
Сонымен Малайзияда болатын ендігі санаулы айлардың ішінде Малайзияда білім алуға қатысты білген мәліметтеріммен бөлісіп отымақпын. Одан кейінгі уақытта блогты бәлкім, Малайзияда оқып жүрген басқа бір студентке табыстармын… Сұрақтарың болса, хабарласа отыр. Пікірлеріңді әрқашан блогта күтетінімді жақсы білесің! Жаңа блогтың мекен-жайы: http://fattahkz.wordpress.com

7 thoughts on “Малайзияда оқып жүр… жаңа бір блог

  1. Рахмет, Асхат! Аузын ашса кеңірдегі көрінетін жансыз ғой…🙂
    Көмегі тиіп қалар, үлкен рахмет!

  2. Сіздің қазіргі ортаңыз қанша пайыздай ағылшын тілді орта? Ағылшын тілін үйрену үшін жақсы орта керек. Тіпті, Лондонда тұрып та ағылшын тілін жақсы үйрене алмай қалуға таң қалуға болмайды. Себебі, күнделікті қатынас ортасы басқа тілді орта болады көбіне. Мен де әзірге тілді жақсы меңгермедім. Себебі, ортам орыс және түрік тілді орта болды.

  3. 100 пайыз ағылшынтілді орта дей алмаймын. Бірақ әр күнімнің шамамен 9 сағаты (демалыс күндерін есептемегенде) ағылшынтілді ортада өтуде. Интернетке отырғанда қайтілдегі сайтты қарасам, сол тілде ойлануға тырысамын.

  4. men sizge dan riza bop otyrmyn.zaman talabyna sai oku kerek degen nietpen men de wet tilin wet elde okudy oilastyryp jyrgem>uakytynyz bolyp jatsa myna @powtaga oku joninde akparat jbertseniz>yermekbaeva@mail.ru>Raxmet!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s