Куала Лумпур “Весак” Буддаға құрмет көрсетті


Досым екеуміз кафеде тамақтанып отыр едік. Терезенің сыртынан көшенің қақ ортасымен бір топ жүргіншілер кетіп бара жатқанын байқадық. Дені қытайлар екен. Жұма күні қытайлық оқытушымыз қара түсті киім киіп келген. Ол бұнысын билікке қарсы шығу күнімен байланыстырған. Көшедегі бір топ қауымды көріп “мүмкін бейбіт шеру болар” деген ой келді. Бірақ анықтап қарасам, кейбіреулер қолдарына шырақ ұстап алыпты.

Содан “шіркеудан үйіне дейін шырақ ұстап баратын христиандардың ғұрпы есіме түсті. Сол болар деп топшыладым. Бізбен бірге терезенің сыртына үңіліп тұрған официанттардан даяшылардан “Не болып жатыр?” деп сұрап едім. Мардымды жауап алмадым. Сыртқа шыққан соң барып түсіндім. Буддистер құдайларының туған күнін атап өтіп жатыр екен. Букит Бинтаң көшесімен осылай діни шеру жасайды екен. Весак күні Гаутама Будданың туған күні, оның нұрланғаны және қайтыс болған күні дегенге иланады.

Букит Бинтаң Буддаға құрмет көрсетуде

Букит Бинтаң Буддаға құрмет көрсетуде

Уесак күнін тойлау жөніндегі шешім 1950 жылы шығарылған

Весак күнін тойлау жөніндегі шешім 1950 жылы шығарылған

Тас мүсінге көшедегі жүргіншілер осылай табынып жатты

Тас мүсінге көшедегі жүргіншілер осылай табынып жатты

Весак күнін осындай шырақтармен қарсы алады екен

Весак күнін осындай шырақтармен қарсы алады екен

9 thoughts on “Куала Лумпур “Весак” Буддаға құрмет көрсетті

  1. бізде жеңіс күні аталып өтті. іскери шеру мен ардагерлер шеруі өтті. әскери оркестрлер шеруі кезінде жаңбыр жауып кетті.

  2. Кеше мен де соны ойлап едім. Әлемнің бір шетінде соғыстың аяқталуын еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетіліп жатса, мына жерде қолдан жасалған құдайды ортаға алып, оған тағзым етуде😦

  3. Қызық екен, осы ұлт өкілдерінен таныстарым бар еді, сұрап көретін екен, осы мерекелерінің ерекшелігін

  4. Баян, Қазақстандағы бұл діннің өкілдері бұл мейрамды дүркіретіп атап өтпесе керек. Мүмкін, шағын етіп тойлайтын шығар. Десе де, көрер көзге ерсі көрінді. Бұл жайт күні ертең біздің елде де “Масленица”, “Пасха” т.б. еліміздегі өзге діни мейрамдар осылай тойланады дегеннен хабар береді.

      • Солай десе де болады. Себебі шерудің қауіпсіздігін жергілікті полиция қамтамасыз етті. КЛ-дың басты көшелері бірнеше сағатқа жабылды.

  5. Ислам діні ресми дін болғанымен, өзге дінді ұстануға рұқсат етілген. Қала ішінде шіркеулер да бар. Пұтханаларды да кездестіруге болады. Бірақ көпшілік орындарда тек намаз оқитын бөлмелер бар. Өзге дін иелері арнайы құлшылық қылатын ғибадатханаларына барады. Қазір сол бөгде дін иелері “сенім бостандығы жоқ, біздің құқымыз аяққа тапталып жатыр, теңдікті талап етеміз!” деген сарында өз қарсылықтарын білдіруде. Солардың адуын басу үшін де осындай шаралар ұйымдастыруға рұқсат берген болар деген ой келді.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s