Армандауға қорқатындарды жек көремін


Армандауға қорықпа!

Малайлық бүлдіршіндер

Армандауға қорқатындарды жек көремін. «Өз алдыңа кішкентай мақсат қойма!» дегенді қаншама рет естідім. Адамдар бізге осыны айтқанда: «Шынымен де, көтере алмайтын шоқпарды беліме байлағалы жүргенім жоқ па? Әлде бұл айтылып жүргені жай сөз бе? Асылында солай болар…» деген ойдың жетегінде қаламыз.

Мен де ұзақ уақыт бойы солай ойлап жүрдім. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) хадисін оқығаннан кейін барып, көзқарасым түбегейлі өзгерді. Пайғамбарымыз өз хадисінде дұға қылып, Аллаһтан жәннатты сұрағанда, абзалы жәннатың ең жоғарғысы – әл Фирдаус, әл Әләны сұрау керектігін айтады. Яғни, Аллаһтың елшісі бұл жерде: «жеңіл мақсатқа ұмтылмаңыздар» дегенді меңзеп тұр.

Университетте емтихан тапсырғанда қаншама рет өз-өзімізге «Тапсырсақ болды» дегенді армандап, нәтижесінде «жақсы» немесе «қанағаттанарлық» деген баға алатынбыз. Аллаһтың елшісі бізге мақсатты биігірек қою керетігін үйретеді. Себебі, ең төменгісіне ұмтылатын болсақ, өкінішке қарай, бағындырғанымыз аласа қырат болмақ.

Сонымен, біз өз алдымызға мүмкіндігінше биік мақсаттар қою керектігімізді түсіндік. Алайда нақты мақсаттарымыз болмаса, не істемекпіз? Егер осы уақытқа дейін өмір сүрудегі мақсатымызды түсіне алмай жүрсек ше? Барлық мақсаттарымызды орындайтындай ұзақ өмір сүреді деп кім айтты?

Алайда егер біз болашақ туралы ойлағанда кейбір маңызды жайттарды қаперде ұстайтын болсақ, қалғанын Аллаһтың өзі береді:

  1. Барлығы да өмірлік мақсаттарыға сәйкес болуы керек. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Мен жындар мен адамдарды өзіме құлшылық қылу үшін жараттым» (Құран, 51:56) деп айтады. Біздің осы өмірдегі мақсатымыз Аллаһқа құлшылық қылу екен. Сондықтан да алдымызға мақсат қойғанда оның Аллаһтың қалауына сәйкес екеніне көз жеткізу керек. Егер де мақсатыңыз тыйым салынған істердің бірінен болса, онда ең үлкен мақсат – жәннаттқа жетелейтін жолдан адасып қаласыз.
  2. Барлық амалдар ниетке қарай бағаланады. Ниет – екі дүниеде де бақытқа жетелейтін алтын кілт. Мысалы, сабаққа тек амалдың жоқтығынан бару керек болғандықтан қатысатын студент пен Аллаһ ризалығы үшін баратын студенттің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Біріншісі екінші студент ниетіне сай алатын берекеден мақұрым қалмақ
  3. Кезкелген амалды Аллаһ ризалығы үшін атқаруға болады. Сіздің дәрігер, физик немесе журналист т.б. мамандық иесі болғыңыз келетіні маңызды емес. Ислам діні мен күллі адамзатқа пайда әкелу үшін сізге өз мамандығыңызды жақсылап меңгеріп алу қажет. Егер дәрігер болсаңыз, өлім аузында жатқандарға көмектесесіз. Аллаһ Тағала бұл туралы Құранда: «…Ал осы жанды сақтау барлық адамды өлімнен құтқарғанмен бірдей» деп айтты (Құран, 5:32)..
  4. Не істесеңіз де, ақша үшін ғана емес, өз еркіңізбен шын беріліп істеңіз. Өзіңіздің жаныңыз қалайтын, қызығып, құмартып істейтін іс тауып алыңыз. Әдетте ата-аналарымыз бізге болашақ мамандықты таңдағанда оның болашақтағы маңызы, атағы мен артықшылықтары жайлы көп айтып, өз пікірлерін мақұлдатқызғысы келеді. Әрине, біздер ата-аналарымызды ренжітпей, көңілдері толатындай кейіпте істі атқаруымыз керек. Десе де, өмірде өзіміз жақсы көретін іспен шұғылдануды қалайтынымызды дәлелдеуіміз керек. Өзіміздің қызығушылығымызды тудырған істі атқарған кезде, оны Аллаһ Тағала сыртымыздан қарап тұрғандай шын беріліп істейміз. Шындығында, бұл солай.
  5. Сыналасыз. Сонымен, ниетіңіз түзу жолда болға кезде, алдыңыздан қауіпқатерлер шығатынына дайын болыңыз. Берілмеңіз! Өмірлік мақсат жолында сізге «құр сағым қуып жүрсің, арманыңа қол жеткізуің мүмкін емес» дегенді айтатын жандар да табылады. Сөйтіп, олар сенің өзіңе деген сеніміңді мұқалтқысы келеді. Егер мұндай қысымға шыдамайтын болсаң, Аллаһ Тағалаға сенбей, сынақтан өте алмай қалдым деп есептей бер. Егер Аллаһ Тағалаға қарай бір қадам аттаған болсаң, Ол бірнеше қадам жасайтынын қаперіңде ұста. Бізге бақытты да беретін, онымен адамды сынау үшін алып қоятын да бір Өзі.   Әрбір адамның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттары болатынын ұмытпауымыз керек. Алайда біздің ең үлкен мақсатымыз – Жәннаттың шыңы мен тозақ азабынан құтылу. Осы өмірде мәңгі өмір сүретіндей жұмыс істеңіз, бірақ о дүниеге ертең аттанып кететіндей дайындықта жүріңіз. Ертең не болмақ? Ертеңгі күннің таңы сіз үшін атпауы мүмкін екенін де ұмытпаңыз. Жалған өмірге бүгін, ертең дайындалыңыз, алайда мәңгілік өмірге бүгін және әрдайым дайын болыңыз.

______________________
Ширен Эламави (Shirien Elamawy) — АҚШ-тың Луизина Штатындағы Мемлекеттік университеттің бұқарамен байланыс бөлімінің белсенді студенттерінің бірі. (“Қазақстан” басылымынан)

10 thoughts on “Армандауға қорқатындарды жек көремін

  1. Жақында бір отырыста бір досымыз “Біздің бақыт дегеніміздің бәрі иманмен байланысты. Дос табу – бақыт, егер ол имансыз болса, тек сорың. Жар сүю – бақыт, имансыз болса – тірі тозақ. Аман жүру – бақыт, имансыз болсаң – ….”

    Армандар да сонымен байланысты болу керек дейсіз ғой. Келісемін! Үлкен армандар (+++ ұсақ-түйек мақсаттар да) адамды қанаттандырып отырады, алға жетелейді. Бірақ, мен машинам болса, үй алсам деген мәселелерді армандардың қатарына жатқызғым келмейді. Пкікіріме келіспейтіндер көп екенін білем, бірақ, … солай.

    Бәріңіздің де асқақ армандарыңыздың орындалуына тілектеспін!

  2. адамның әрқашан да алдына қойған мақсаты болу керек.
    сонда ғана бірнәрсе болатын сияқты.

    Еңбек етсең, табысын көресің…

  3. Дос табу – бақыт, егер ол имансыз болса, тек сорың.
    Трансқа түсіп кеттім…

  4. Жалпы қиянатсыз, таза ниетпен өмір сүру керек меніңше. Діннің осындай тәлім беретін тұстары маған өте ұнайды.
    Бірақ, Аңсар айтпақшы, мақсат пен арман бар да, бірақ оған қадам жасауға қорқыныш ол да бар. Сондықтан екінші мәселе осы қорқынышты жеңе білу, батыл қадамдар жасауға үйрену керек.
    Ал имандылық – ар-ұят басты мәселе, Абай атамыз да айтып кеткен ғой, “Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
    Ата-ананың қызынан ғапыл қалма” – деп, осы сөздер адамның өзін ұстау мәселесіне, досқа да, сүйген жарыңа да байланысты деп ойлаймын.

  5. Бүгін ғана осы темаға ойланып едім. Жаңа кірген жұмысымда маған үлкен сенім артып, жаңа проектілерін үйретіп ары қарай маған тапсырып еді. Қатты қобалжыдым. Бірақ ішімнен “сенімдерін ақтай алмай қалсам қайтем?” деген ой жегідей жеп барады. Бірақ мен алдыма қойған мақсатымды орындауым керек. Рахмет Асхат аға сенімділік бергеніңіз үшін.

  6. Әссәләму ‘аләйкум уә рахматуллаһ! Бауырлар, http://www.al-hanifiya.kz сайтының форумында күн сайын дерлік “Үш негіз және оның дәлелдері” атты кітапқа түсіндірме жазылып жатыр! Бұл кітапта адамның қабірінде қойылатын үш с9раққа жауап бар. Ғалымдар білім ізденушілер мен қарапайым адамдарға ең бірінші болып түсіндіретін кітабы – дәл осы кітап! Сондықтан, құрметті бауырлар, зор мүмкіндіктен құр қалмаңыздар! Аллаһ береке берсін! Аллаһ білімімізді артырып, қабірдегі “Раббың кім? Дінің не? Сендерге жіберілген елші кім?” деген сұраққа лайықты түрде жауап беруімізді нәсіп етсін!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s