Туған күн өтті осылай…


мен компьютер. менСен. менМен.
7 АДАМ және mail.ru мен facebook туған КҮНіммен құттықтады.

Ең болмаса осы күні дүниеге келіп, анам мен әкемді қуантқаныма шүкірлік етемін.

25 thoughts on “Туған күн өтті осылай…

  1. Қазнетті қуантудасыз!🙂
    Тағы да көп мәрте құттықтаймыз! (твиттерде көріп қалдым, білетін боламыз).
    Күш, жігер, иман, махаббат тілеймін.

  2. Е, бәсе. Компьютер құттықтағанда, қалтафонның үнсіз қалуы мүмкін емес еді. Моблог – жақсы бала🙂

  3. Өткен туған күніңізбен! Осы өмірге келіп, бізді де қуантып жүрсіз. Соған да шүкір деңіз! Аман-есен өйстіп, ойнап-күліп, өмірдің қызығын көріп жүре беріңіз!🙂

  4. Өткен туған күніңізбен! Осы күні дүниеге келіп,Сіз тек ата-анаңызды ғана емес, басқаларды да қуантып жүргеніңізді ұмытпаңыз!

  5. Асхат, туған күнің құтты болсын! Қазақ тілінің жанашыры болса, сендей-ақ болсын! Мықты денсаулық, қайрат-жігер тілеймін! Бақытты бол!!!

    • Рахмет, Мақпал! Қазнеттің даму жолында атқарып жатқан сенің кәсіби еңбегің көпке үлгі! Сенімен мақтанамыз!

  6. тук-тук … ммм аздап кешігіп қалдым ба?!…

    Асхат мырза, туылған күніңіз құтты болсын! Ата-анаңыздың деніне саулық тілеймін, жасына ұзақтық тілеймін… Ал, сізде бәрі жақсы болатынына сенімдімін! 🙂

  7. Өткен туған күніңізбен! Келесі туған күнді жұрпен “онлайн” өтуіне тілектеспін!

  8. Туған күніңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз! АЛЛА сүйген құл, Қазақ сүйген ұл болып, аман-есен жүре беріңіз!!!

  9. Өткен туылған күніңізбен! Көп – көп бақыт, денсаулық, алға жетелейтін таусылмас арман, нық қадам басып шығатын биік шыңдар тілеймін!!!

  10. Сәлем, Асхат. Ит тірлікпен жүріп, компьютерге де, блогыма да енбегеніме біраз болған еді. Сенің туған күніңнің болып өткеніне аттай 6 күн болыпты. “Ештен кеш жақсы” демекші, кеш те болса құттықтауды жөн көріп отырмын. Туған күнді аса елей қоймайтын елміз ғой. Сол себепті де айналаңдағы бірге жүрген достарыңның, әріптестеріңнің туған күнін елеусіз өткізіп алып жатамыз. Сол үшін ғафу өтіне отырып, шын жүрекен құттықтаймын. Туған күннен туған күнге аман есен жете бер.

  11. Өрімтал өмірге келгенде қуанған блоггерлер саны, қазақ ұлы Асхаттың дүниеге келгенінде қуанған қауымнан асып түсері анық ақ. Осы блогтын иесіде адам екен ау деитін ойлар келеді….🙂 Туған күніңізбен!
    Барлық есік айқара ашық, таңдауын өзің жасайсың, күн шуағы да бар, көлеңкесі де…
    Үрейлі, қызықты, сабырлы…
    Әр қадамыңа сәттілік Өреке, жақсы көретін ісің- жұмысыңа айналғанда ғана алмайтын қамал болмас! Аман жүріңіз….

    • Рахмет. Өзіңізге де соны тіледім. Аллаһ тағала есендікте жүздесіп, сіз біз десіп жүруді нәсіп етсін🙂

  12. Мен мына жазбаны жаңа көріп тұрмын… “Өтіп кеткен туған күніңмен” деп құттықтасам ба екен әлде “Келе жатқан туған күніңмен” деесм бе екен а?.. Енді қайттым?:))) Не де болса аман болшшшшш, құрдас!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s