Анамның тауып берген қызын аламын


Ертең группаласым Әли (шын есімі Мұхаммед Әлі) еліне, Иеменге кететін болғандықтан шағын дастархан жасаған еді. Әрбір топта бәрінің көңілін көтеріп жүретін жан болады ғой, оның функциясы сол еді. Үйленгелі жатыр. Өткенде қалыңдығы арнайы келіп те кетті. Қызық. “Қызыңды қанша уақыттан бері білесің?” десем, “Анам тауып берді” дейді. Бұл дегеніңіз ол қызын ешқашан көрмеген деген сөз. Олардың салтында болашақ келінді анасы өзі іздейді. Сөйтіп, ың-шыңсыз үйленеді. Суданнан келген Тинго да: “Анама сенемін. Анамның тауып берген қызын аламын” дейді.

Ливияда отау құру мұншалықты қиын деп ойламаппын. Отыз төрт жастағы Халид есімді келесі бір досымның Малайзияға келместен бұрын: не оқу, не үйлену деген екі таңдау болыпты.

Сәт сапар, Әли!

Сәт сапар, Әли!

Ойлана келіп ақыры: “Оқып, жақсы жұмыс істеп, ақша жиып, бірақ үйленемін” дейді. Рашад есімді келесі бір ливиялық досым: “Әзір мүлдем үйлену туралы ойланғым да келмейді” дейді. Түсінгенім, олардың елінде той жасауға көп ақша керек екен. Иранда да солай болса керек. Ираннан келген Әлидің қызы да осыдан екі апта бұрын сүйіктісіне келіп кеткен. Группа болып “Пай, пай” дестік.  Ал Қытайдан келген Йаң әлі күнге дейін бір де бір жігітпен кездесіп көрмегенін “махаббат” тақырыбындағы conversation класында айтуға мәжбүр болды. Йаң негізі Қытайдағы ақпараттық технология саласында ірі компанияда белді қызмет істейді екен. Оқу орнын әлдеқашан тәмәмдаған. Оның қасында түбі ирақтық, бірақ қазір Мысырда тұратын Шаһад жастау. Ол да “махаббат” деген сөзді естігенде қызарақтап қалады.  Ираннан келген Нина болса, дизайнер болуды армандайды. Бірақ оның елінде мұндай өнердің еркін дамуына жол жоқ. Өзінің эскиздары бойынша жасаған киім коллекциясының көрсетілімін есік-терезені қымтап, музыканың дауысын барынша ақырын қойып, үйінде өткізеді. Иранннан келген балалармен кездескен соң барып, Иранның ішкі ахуалын жақсы біле түскендей болдым. Группамда тағы кім бар? А, жергілікті малайлық Тың Зоның қызы күнде таңертең оған тәтті нан әкеп беріп тұрады. Қызы да біздің орталықта оқиды.

Келесі аптада Асхат еліне қайтпақшы… Мен емес Францияда тұратын Асхат. Асылында менің де, оның де есімі арабтың “asaad” деген сөзінен (яғни, құтты, ырысты, бақытты деген мағына) шығады. Менің есіміме қатысты қызықты хикаяны бәлкім алдағы уақытта бір жазармын.

28 thoughts on “Анамның тауып берген қызын аламын

  1. аналары тауып бергені негізі дұрыс емес сияқты кішкене )))
    жігіт пен қызды да ойлау керек қой )))

  2. Қызық екен…анасы таңдап берген қызға үйленетіндері. Асхат, сұрамадыңыз ба, ондай некелер берік бола ма екен?

  3. Енді аналары өмір көрген деп айтатын шығар… ) Қызық бірақ, все-таки бір сезім болу керек қой екі жастың арасында, махаббат адамда ғана болады деуші еді…🙂

  4. Қазақтардың айттыруына ұқсас қой. Ауруханада бір апамен (жасы 70-ке келіп қалған) бір палатада жаттық. Сол кісі айтқан, “енем мені көріп,ұнатып, ұлына әйел ғып алып берді” деп. Күйеуін сонда өмірінде көрмеген де. Бірақ, екеуі де жарасып кетіпті. 6 баласы бар екенін де айтты.

  5. қайсысы болса да,
    жігіт пен қызда келісіп-келіспеу еркі болса болды )))

  6. Керісінше таңдау болатын салттары бар ел жоқ па екен: мысалы, қыздар болашақ енені таңдасын деген секілді🙂 ?

  7. Баян, расында да, қыздардың таңдау жасауы өте қиын, ол тіпті … білмеймін, қалай айтарымды. Жанболатпен келісемін :)… Әйтеуір, бәрі бақытты болса екен!

  8. Тойына да шақырып еді. Бара алсам қатып кетер еді. Бәрін көзіммен көретін. Шіркін, Йемен, қандай екенсің?🙂

  9. Түрлі зерттеулерге сенетін болсақ, ер жігіт, қалай болмасын, өз анасына ұқсайтын қызды таңдайды: мінезі, түр-ажары немесе іс-әрекеттері. Енді бір зерттеулер бойынша, адам өзіне ұқсайтын адамдармен тез тіл табысып, өзінің “ксерокопиясына” түсіністікпен қарайды.
    Меніңше, дұрыс әрекет, анасы тауып берді деген.

  10. кейін әйелімен араларында түсінбестік туындап жатса, баласы анасын кінәламас па екен?

    • “Сый” ұсынушыға деген өкпем болмас еді деп жігітше ойлауға тырысып көрелік. Егер өзім таңдай білмесем яки хақым болмаса, шешімін тапқан, оңайлатқан жанға кінә тағуға бармаспын.

  11. Меніңше, анасы өз ұлына өмірлік жар таңдап бергені өте дұрыс. Қай ата-ана туған баласына жамандық ойласын?!Ата-ананың разылығы Аллахтың разылығымен тең.Демек, анасы өзі таңдаған болашақ келініне разы болғаныда…

  12. Бирден есиме Такиялы периште филми тусти. Ширкин Амина апайдай аналар улына келин тауып жатса жаксылык кой…Дурыс кой.Омирге акелип.тарбиелеген ана улына жаксы жар тауып бергиси келеди.Тагы да сол улынын болашаагы ушин кам жейди. Сиз кашан елге ораласыз?

  13. бізде де бар ғой ол қазіргі кезде де:)
    Бір рет өз басымнан да өткен, бір жігіттің мамасына ұнап қап, содан ортаға адамдарды салып, ақыры ұлымен таныстырып :)))) бірақ ақыр аяғы жараспасақ та, өкінетін experience болды деп айтпас едім🙂
    Жаман салт демес едім. Тек ана Жанболат айтпақшы келіспеуге хақылары болса болды да..:)

  14. Мен1н де агам уйде жалгыз ул бала. Мама “Таныс жерден аламыз”- дейд1. Мундай жагдайларды толык дурыс немесе толык дурыс емес деп айту киын екен. Коп факторларга байланысты сиякты. Б1рак ата-ана жамандыкты тилемейд1 гой оз баласына. Ал кейде просто достары болгандыктан немесе алеуметт1к жагдайга кызыгып жасалады. сондайдан Кудай сактасын.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s