Ұлттық идеология наннан басталады


Бүгін бір малайлық мұғалім сабақ өткізді. Группамызда үш малайлық қытай бар еді. Тобымызда әртүрлі елден келген студенттер болғандықтан бір-бірімізді еліміздің атымен атау қалыптасып кеткен. Үш қытайлық бала Малайзия азаматы болғанымен, біз үшін қытайлықтар ғой. Десе де мұғалім анық та танық дауыспен бәрімізге қарата: “Біз бәріміз – малайлықтармыз” дегенді шегелеп айтты. Малайзияның тәуелсіздік алғанына жарты ғасырдан асты. Ұлтаралық мәселе әлі де оң шешімін таппады. Қазақстандағы билік те қазір “қазақстандық” ұлт идеясын тықпалап жатыр. Бірақ біз де санаулы жылдардан соң, осындай мәселемен ұшырасатын тәріздіміз.

Малай нанындағы Ұлттық ұстаным

Малай нанындағы Ұлттық ұстаным

Суретте:Малайзияда сатылатын әрбір нанның сыртында Ұлттық ұстанымдары жазылған. Құдайшылық, Хан мен Констиутцияның жоғары басымдыққа ие, заңға бағыну, айналадағылармен жақсы қарым-қатынас түзу, саналылық

Осы тақырыптың жалғасын оқимын десеңіз, “Жаңаеуразиядағы” жазбаны ашуға кеңес беремін.

17 thoughts on “Ұлттық идеология наннан басталады

    • Суреттегі нанды мен қаланың нағыз орталығында тұратын болғандықтан 2.90 RM (116 теңгеге) алып жүрмін. Дәмі біздің жеп жүрген бөлке нанға келмейді. Басқашалау. Негізі қаланың басқа бөлігінде бұдан арзан бағаға (50-60 теңгеге) алуға болады деп естідім.

    • Ереке, енді бұл елдің басшылығына Брежневтің: “Нан болса, ән де болады” деген өсиетін жалпыхалықтық ұранға айналдыру керек болып тұрған тәрізді.

  1. Асекең жүре берсе – көре береді екенбіз. 🙂 🙂 осы сөзден асқан комент бола қоймас сіздің еңбегіңізге! 🙂 АЛЛА жар болсын!

  2. Жазбаны орнатып жатқанда, жалп етіп, свет өшіп қалды. Жаңаеуразияға сілтемесін көрсетіп үлгермей қалдым. Кешірім сұраймын. Қазір түзетіп қойдым. Свет(а) келді. 🙂

  3. Бұрын бастауыш класта оқығанымызда
    Нан қиқымын шашпаңдар,
    Жерде жатса, баспаңдар.
    Теріп алып, қастерлеп,
    Торғайларға тастаңдар — дееген өлең жолдары болатын. Қазіргі оқулықтарда сондай тақылеттес дүниелер бар ма екен, осы?

  4. Студент жүрген кезімде, бір әншілер келіп ән айтып жатты да. Сонда бір топ малайлықтар мені кел кел деп өздерің жандарына шақырып алып орын берген еді (Өздері қысылысп отырсада).

    Содан ба осы елдің халқы маған ұнайды, былай момақан, жуас, жүздері күлген деп елестетем. Әлде мен теріс айтып отырмын ба Асеке?

    • Жанарбек, өкінішке қарай, әзірге малайлықтардың арасынан ешкіммен жақын достасып үлгермедім. Менің танитындарым малайлық қытайлар. Қазір қаланың орталығында болғандықтан (барлық елдің ірі қалаларының орталықтары осылайша батыстанған болар д.о.) бұл жердегі кісілердің батыстанғаны, еуропаланғанын көріп жүрмін. Букит Бинтаңнан тысқары шықсам, ол жерлер мүлдем басқаша. Куала Лумпурдың сыртындағы қалалар мүлдем басқа екені де шүбәсіз.
      Мен кездестірген малайлықтардың (сатушы, күзетші, даяшы, көлік жүргізуші, мұғалім) қарапайымдылығы мен кеңпейілділігін біздің ауылдағы адамдардың ақ жайлау мінездерімен салыстырар едім. Денінің мінезі – жұмсақ. Әрине, малайлықтарды еуропадағы халықпен мүлдем салыстыруға келмейді. Менің өзім, кафеге барғанда бір нәрсе ұнамаса “Мынау неге былай?”, “Неге бұлай емес?” деп (мәселен, мен тамақты ащы қылмай әкел десем, ол ащы қылады. Нанды бірінші әкел десем, соңынан әкеледі, ұзақ күтіп қаласың т.с.с.), өз өтінішімді, талабымды даяшыға айтуды дұрыс деп білемін. Сөйтсем, бұл елде оны шағымдану деп қабылдайды екен 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s