Ертегілер әлеміндегі университет


Ертегілер әлеміндегі университет

Ертегілер әлеміндегі университет

Шынымды айтсам, Малайзияда маймылдарды қашан көрер екенмін деп ойлап жүретінмін. Көшеде бір күні алдымнан атып шығатындай көрінетін. Бірақ университет маңында ұшырасады деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірмепті.


Кеше Халықаралық Ислам университетіне бардым. Дүниежүзінде мойындалған оқу орындарының бірі. Өзі бөлек бір қала. Мен тұратын жерден екі рет монотрейлді (биікте салынған көпірмен жүретін трейн) ауыстырып, одан автбоусқа, сосын кішкене жаяу жүріп, бір сағат дегенде әзер жеттім. Монотрейнмен қыдырғысы келетіндер үшін арнайы видео түсіріп едім. (Видео монотрейн ішінен түсірілді. Жолды көруге болады. Сосын ұнайтын бір діни әнді фонға қостым.

Ол жақта бірнеше қазақ бауырларымыз оқиды. Қызық қылғанда сонау алыстан ат арылтып келген мені тура Университет қақпасына келгенде автобус тексерген сақшылар түсіріп тастады (Алматыдан Жаркентке барғанда да солай тексеріп, түсіріп тастаушы еді). Сөйтсем, келушілер арнайы құжаттарын қалдырып өтуі керек екен.

Халықаралық Ислам Университеті

Халықаралық Ислам Университеті

Сақшылар өзара кім екенімді ойлап біраз әңгіме айтысты. Қытай деп ойлады. Менің құжатым болмаған соң, студенттік ID куәлігімді қалдырайын десем, бой берер емес. Сосын “бәленбай түгенбай студентімізі осында оқып жүр. Визасы дайындалуда” деген ресми бір жапырақ қағазым бар еді. Соны көрсетіп, ақыры кірдім.Қақпадан кіргенім сол, ертегілер әлеміне тап болғандай болдым. Архитеутаралық шешімдері таңдай қақтырарлық.

Азан шақырып жатыр екен. Мешітті іздеп таптым. Зәулім мешіт. Намаздан соң бауырларымызбен кездесіп, шай-пай ішіп, кампусты араладық. Жатақаханалары кішігірім ауыл тәрізді бөлінеді екен. Әрқайсысына бір-бір сахаба атын берген. Қыздар қауымы бөлек жерде тұрады. КазГУград тәрізді. Бірақ одан он есе үлкен болар. Қазір каникул кезі екен. Десе де қазақ балалар жиналып, сенбі сайын футбол ойнайды. Біләл атындағы жатақханалар ауылында болдым. Аядай ғана бөлме береді екен. Бұл жатақханада сабақ оқуға ыңғайлы болуы үшін бір адам жеке өзі тұрады. Сосын ТМД елдерінен келген студенттер де баршылық. Меннен бірінші кезекте елдің жаңалықтарын сұрады.

Университет мешіті

Университет мешіті

А-а-а, маймылдар. Балалармен кездескен соң, олар мені тамақ дайын болғанша, бір корпустың қасындағы кафеге шайға шақырды. Шай  ішіп отырып, маймылды көріп, тұтығып қалдым. Кәдімгі қоңыр маймыл. Құйрығын сұрақ белгісі тәрізді иіп алған, өзі бүкірейген, көзі бақырайып маған қарады да, әрі қарай секеңдеп кетіп қалды. Сол кезде суреткер түсірермін деп ойлап  едім. Ойпырм-ай, бұдан соң шай іше алсамшы. Әлгі маймыл тағы біреуді ертіп келер деп ойладым. Жігіттерден сұрасам,

мына жерде осылай жайылып жүреді деп күледі. Адамдарға өздерінше сес көрсетеді. Бірақ  қатты қорқады

дейді.  Сосын мысықтар көп екен. Енді мысықтардың пошымы біздікіне келеді. Бірақ қатты семіріп, еркінсіп кеткен мысықтарды осы жерден көрдім. Бұрыш-бұрышта керіліп жатады. Күн ыстық қой, қайтсін енді дейсің. Десе де, бір де бір ит көргенім жоқ. Бірақ мысықтардың неге мұнша көп екенін, оларға қарсы неге шара қолданылмайтыны түсініксіз екен. Бір танысым, телефонына түсірген видеоны көрсетті. Су құбырынан бір жануар сау етіп, арыққа түсіп, шолп-шолп етеді. Қалтырауын ба десем, одан сәл кішілеу. Сөйтсем, кесіртке екен. О, тоба!

Пы.Сы. Университеттің білім беру жүйесіне қатысты әзір көп нәрсе біле алмадым. Алдағы уақытта жазармын деген үміттемін, ИншАллаһ!


15 thoughts on “Ертегілер әлеміндегі университет

  1. Мынау өзі қызық екен… Университетте оқып жүрген бауырларымыздың көңіл-күйі қалай екен жалпы? “Болашақпен” барғандар ғой, дұрыс түсінген болсам (бірақ сколаршип гранттар да бар)?

    Кесірткенің кесірі болмаған сияқты еді, маймылдың да енді бұзықтығы кесапатын тигізе қоймас. Мүмкін болса, бір-екі банан жегізіп кет, Қазақстанның қонақжай халық екенін білсін еш болмаса🙂

    Малайзияда осы қолтырауындар бола ма екен? Қашан кездестіремін деп жоспарлап жүрсің?🙂

    • Нұреке, өкінішке қарай “Болашақ” бағдарламасының шәкіртақысы бұл оқу орнынан бөлінбейді екен. Басқа елден келгендердің оқуларын мемлекеттері көтеруде. Биылғы жылы “Болашақ” тізімінен Малайзия алынып тасталды дегенді де естідім. Анық қанығын зерттеу керек болып тұр.
      қалтырауындарды Зообақтардан көрсем деген дәмем бар. Куала Лумпурда үлкен Зообақ бар екен

  2. ма*ма, ужс екен. эгзотиканың арасы деңізч, негізі маймұлды менде елестете алмай отрм, вдруг, бос жүрген маймұлды көріп қалсам да🙂

    Қырқып Қой: суретті көп салңзч, өздеріңіз көп көрген соң, көз үйреніп кетеді де, мән берілмейд, ал бізге комнетпен сурет көп керек🙂

  3. “біздерге com. net. пен сурет көп керек” деді де Штирлиц бір түрлі тіксініп бір орында қалшиып тұра қалды… Ымырттың кезі еді…

  4. Шынымен, сәулеті мықты екен… Соған сайкес білім беруі де жақсы шығар?

  5. ООО машаллаһ қандай керемет қазақ ағайындарымыздың қал жағдайы қалай екен бәрі ойдағыдай болар. ислам Университетінің сырты сондай көз тартарлық аты қатына сай екендігі суретінен ақ көрініп тұр осындай керемет жаңалықтарды үзбей жазып тұрған Асхат ағама алла разы болсын дегеннен басқа айтарым жоқ біз әрдәйім сізбен біргеміз

  6. Алаш баласына ертегі іспеттес алыстағы Малай еліндегі Асхат ағайға Сарыарқаның жонынан, Алтай мен Алатаудың асуларынан, Атыраудың теңізінен ыстық ықыласқа толы жалынды сәлем!!! :):):)
    Университеттің суреттегі кейпі өзгеше-ақ, шын бейнесі тіпті де керемет шығар…
    Айтпақшы, дағдарыс дейтін дүние Малайзияға қалай әсер етіп жатыр?Ол жақта дүрлігіп жатыр ма, әлде…

    Құрметпен,
    Дінмұхамед қой )))

  7. Жоғарыдағы университетке апаратын монорейлдің бір қызық тұсы бар. Ішінде “Кішкене сығылысып тұрыңдар” дейтін кондуктор, “Ретро” радионы күллі солонға айғайлатын қоятын шопыр да жоқ. Автоматты түрде өзімен-өзі, беймарал, жүре береді🙂

  8. Эльвираның Стамбул суреттеріндегідей мысықтар өріп жүр десеш:)
    мысықты пайғамбарымыздың өзі қорғаған деп тиіспейтін боп тұр ғой шамасы..
    мдаа андағыдай универде оқысаң арман жоқ қой..

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s