Сарыарқаның бір уыс самал желін жіберіңдерші…


Қапырықтан қылқынып, жұтына беремін. Басында ауа жетпей, мына қалада тұншығатын шығармын деп ойлағанмын. Қазір үйренген сияқтымын. Десе де желді сағынасың. Жел жоқ емес, бар ғой. Бірақ Куалада ыстық леп бетті ұрады. Кішкентай кезде ағаларым маған қой баққызғанда, желге қарсы жүгіргенді жақсы көретінмін. Еркіндікті мен солай сезінгенмін. Сосын біздің жақта жусан көп өседі. Соларды жұлып алып, иіскейтінмін. Қазір сабақтан үйге қарай келе жатқанда соны ойлап келдім. Мына жақта жусан да, жусанның иісін аңқытар Сарыарқаның желі де жоқ. Шіркін, біреу мына жаққа Сарыарқаның бір уыс самал желін лақтырып жіберсе ғой дейсің.
Әлгінде көрші бөлмедегі досым, терезені ашып: «Анау, тауға барып қайтсақ» дейді. Мына жақтан тау көрсем, көзім шықсын! Сөйтсем, кішігірім бір қырат. Алматыда тауға қарап оянатынбыз. Қай жақтан қарасаң да, төбеңнен төніп тұратын. Мына жақта шыңдары аппақ қардан жылтырап жататын тау да жоқ.

Бүгін сынақ тапсырдық. Араб достарым бұртиып жүр. Осы айдан бастап, оқу орнында сынақтар IELTS стандартына сәйкес тапсыралады екен. Сондағысы жүз сұрақты (тыңдау, оқу, грамматика) бәрін біздің ҰБТ-дағыдай біріктірген. Тура ҰБТ-дағыдай қосымша бір қағаз, сосын тест сауалдары бар кітапша береді. Мен үшін бұл қалыпты нәрсе болғанымен, өзге елдерден келгендерге бұл таңсық екен. Еліміздегі білім беру жүйесіндегі осынау кішкентай детальдің өзі үлкен рөл атқаратынын бағамдай бермейді екенбіз. Сосын группада сынақтан соң, мектепте кішкентай кезде нашар оқушыға қандай жаза қолданылатынын талқыладық. Судандықтарды әлі күнге дейін шыбықбен сабайды екен, йеменде де солай. 😦 Малайзияда да алақанын шыбықпен ұрады, ал бізде бұрышқа тұрғызып қоятын 🙂

Жаңа «Тюльпан» фильмінің үзіндісін көдім. Көремін десеңіздер, бейне үзік «Жаңаеуразияда». Осы айдың соңына қарай Австралияда көрсетіледі екен. Қазақстанда қашан көрсетер екен, ә?

Advertisements

12 thoughts on “Сарыарқаның бір уыс самал желін жіберіңдерші…

  1. Әдемі жазыпсыз! Әбден сағыныпсыз! Самал жел деп неге ерекше айдар тағып, тамсанатынын тағы бір аңғардым! Бәрінің де АЛЛА қайырын берсін!

  2. Баян, Ел Арнадан тек кинотеатрларда көріңдер деген жарнама жүрген. 🙂 Кинотеатрларда шыға бастаса керек…

  3. Әрине, жай ойларым ғой. Әйтпесе, ешнәрсеге шағымданып жатқаным жоқ. Бұл жерде де қонақпыз ғой. Әлһамдулиллаһ! Осылай ара-тұра ойланып қоямыз 🙂

    • Мені бұрышқа егқашан тұрғызбапты. Есесіне, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі сыныптың көзінше еден жуғызып қойғаны есімде. Сол кезде білсемші, адам құқығын қорғау ұйымына хабарласар едім 🙂

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s