Ылдым-жылдым: Ислам банкі ашылатын болды


Осы айдың емтихандары басталғандықтан busy as a bee болып кеттім. Десе де күн құрғатпай блогымды тексеріп тұратын достарыма, алғысымды білдіре отырып, жағдайымның жақсы екенін жеткізуге асықпын. Өткен жексенбіде Нұрғиса ағамыздың блогында пікірлерімізді білдіріп кеткен едік. Танысып шығамын десеңіз мына жерде. Біз туралы ол жерде “слух” бар.
Бүгінгі күннің ең үлкен жаңалығы – Қазақстанда Ислам банкі ашылатын болды деген хабар. Жаңа ғана хабардар болдым. Әзірге аударып үлгермедім. Қысқаша айтар болсам, Біріккен Араб Әмірлігінде орналасқан банк Алматыдан бір бөлімшесін, яки банкін ашпақшы. 2009 жылдың екінші жартысында ашылатын банктің қоржынында 2009 USD27 млн. қаржы болмақ. Бұл банк қандай қызмет көрсететіні әзір белгісіз. Бір анығы, олар Астанадан да банк ашпақшы. Толығырақ мына жерде. [ENG]

4 thoughts on “Ылдым-жылдым: Ислам банкі ашылатын болды

  1. Ассалаумағалейкум! Асеке, Қазақстандағы жағдайды жазып отырғаныңыз жақсы болған екен. Емтихандарыңызды жақсы тапсыруыңызға тілектеспін. Тек қана алға.

  2. Ассалаумағалейкум аға емтиханыңызды жақсы тапсырыңыз бұл өте жақсы жаңалықғой сонда ислам банкасы шариғат бойынша ісін жүргізедіғой солайма? қалай ойлайсыздар?

    • Уағалейкум ассалам, дәл солай, Ақбөкен. Бүгін Қазақстанның ақпарат құралдары да бұл хабарды таратқан екен. Бұл банк жеке тұлғалармен де: тұрғын үй, туризм саласында жұмыс істемек. Әрі ислам банкингінің бірнеше мамандары осы жұмысты жүргізу үшін арнайы келетін көрінеді.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s