Кесіртке-фотомодель


қашып кетер деп алыстан түсірдім

Компьютерде жұмыс істеп отырып, бір затымды алайын деп бөлмеме ұшып барсам, сүйікті сүйкімді кесірткем бөлмемнен зыр жүгіріп қашып барады.

Бір кезде жерде төселіп тұрған кілемшенің үстіне тоқтай қалып, онымен бірге сіңісіп кетті. Әзер тапты. Сосын қабырғаға қарай өрмелеп бара жатыр екен. Дереу фотоаппаратымды алып, суретке түсіруге ұмтылдым.

Әуелі қашып кетер деп, алыстан түсірдім. Сосын бірте-бірте жақындай бастадым

Ескерту: әрі қарай кесірткенің суреттері жарияланады.

Байқаймын, кесірткеме суретке түскен ұнайтын секілді. Бір орнынан тапжылмай қозғалар емес. Он шақты рет түсірген соң, тіпті қасына таянып алдым. Сөйтсем, бұл пақырым фотоаппараттың жарығынан сал болып қалған екен ғой. Байғұс, аяп кеттім. Қарсы бөлмеден Мұхаммед (ливиялық) шықты. “Е, бұл бір танымал болатын болды ғой” деп қояды. Іштей: “Сүйкімді кесіртке” дедім.kl-080-small

kl-081-smallkl-082-small

20 thoughts on “Кесіртке-фотомодель

  1. Еее, сүйкімді кесіртке осы екен ғой🙂 Блогшылар, енді көрімдік беруілеріңе болады басты кейіпкерге🙂

  2. Асеке, жақсылап тамақ беріп, бордақылай бер, өсіп қолтырауынға айналса, терісінен киім тігесің:) Әдемі-ақ екен.

  3. Жақсы ұсыныс, Мәке! Ертең жергілікті достарымнан кесірткіні қалай асырау керектігіне қатысты біраз мәлімет жинасам ба деп отырмын. Бірақ ол ащы тамақ жемейтін шығар…

  4. Astana auejaiynan salem! kop kalaga aua raiyna bailanysty uwu keinge wegerilip jatyr. Meniki uakytynda eken, Wimkentte koktem🙂 Aseke, koltyrauyn ideasyna baikas bol, greenpeace seni kara tizimge engizip jurmesin. Ol ne jeidi eken ozi? Halal Pepsi iwe me? Kozderi botanykindei eken. Asau bota emes..

  5. “Асқат – қосмекенділер әміршісі” деген деректі фильмге біраз материалдар жиналып қалғанға ұқсайды.🙂

  6. Нұрғиса, бота дейсіз бе :)) ну былай әдемі деп айта алмаймын, мүмкін өзіме үйреншікті болғасын. достасқаныңыз жақсы болды🙂

  7. Асеке, Борсық құмның кесірткесі мен малайлық кесірткені түбінде бір атадан тараған десек, бұл да шыбын-шіркей мен адыраспанның жапырағын жеуі кәдік.

  8. Мына жақта адыраспан қайдан табамын? Кесірткем (оған бір ат ойлап табу керек шығармын) келесі жолы кездессе, сұрап көрейін. Мүмкін нан жейтін шығар. Үйде шыбын-шіркей жоқ. Хммм, сонда ол немен қорекетеніп жүр екен…

  9. “Дискавериден” бір деректі фильм есіме түсіп отыр. Ұмытпасам, түлкілер – урбанизация кесірінен мекендеу аясы тарылғаннан…бейімделе бастаған! Яки түнде қаладағы қоқыстарды аралап, тіпті аудандарға бөлініп төбелеседі. Шұжық, нан дегендеріңді соға береді енді, қарап тұрсаң…
    Бұл кесірткеге де сондай тағамдардан…
    Асеке, байқаймын, сүйкімді-ақ жануар, кеденнен рұқсат берсе – алып келсейші Қазақстанға🙂
    Әйтпесе, тағы бір фотосессиядан кейін бауыр басып қаласың-ау! Сосын, сағыныш болады… Бәле ғой сағыныш деген…

  10. Agai, kesirtkenin ziyany zhok pa aiteuir?Shakpai ma degenim goi. Men ozi kesirtkeden katty korkatyn bolgan son ba,shagatyn, ne tisteitin siakty korinedi.Suretinin ozin korgen de birturli korkynysh shakyrady eken.Denem turshigip ketti.

  11. ма*ма ужс қой, осыны көрген соң қалай ұйықтап жүрсіз, мұндай сұмдықтарды көрсем болд мен… тіптен сіздің болгтағы суреттен тітіркеніп қалдым, пичения жеп отрп көріп отырғам ары жұтылмай қалд. үлкен ғо мұнау, шақпайд ма екен …
    өз басым қорқып ұйықтай алмай шығатын етім мұндайды көрсем, бала кезімде жылына бір лет көретін жыланан есім кетіп қорқатынмын. сондай суық қой жарықтық.

    Бір әнек кеп тұр айта кетейін. Бірде достаррыммен алматы зоопаркін аралып жүріп, яяя қойыңдар я, мені жылан ішіне кірмейм дегем, одан жүрде жүр, олар сені не істейд, жабықта тұр ғо деп кіргізді😦 аралап келеміз, сондай қорқынышты етін, қарауға дәтім шыдамайд прям. содан есімнен шығып кетіпті қолтығыма ұстап келе жатқан сумкамда соткамды “дызылдатқыш”(выбиратся) қойып қоғаным, қызық болғанда біреу звондай қалып, ойым бәрі әлгі жыландарда болып келе жатқанын сезіп(әлі сыртқа шықпаған болатынбыз), қорыққанымнан сумкамды лақтырып жіберіппін🙂 жанымдағылар көзден кетіп атр, бітіп. ал маған не до смеха, уж бұтыма нетіп қойдым😦

  12. Айко, ол суретте ғой үлкен болып тұрған. Ал былай өте әдемі. Тістемейді екен. Шөппен қоректенеді. Судандық Мұхаммед өз ауылдарында кесірткенің неше атасы бар екенін айтып берді.

  13. Ереке, кесірткелер анда-санда ұшырасып қалады. Өткенде бір досымның қалтафонынан қалтырауынның ұзындығындай кесіркенің суда шолпылдап жүргенін көрдім. Қазір 18 қабатқа көшіп едім. Ендігі уайымым сары құмырсқалар болды. Ноутбугымды үй қылып алған тәрізді. Ашып қалсам болғаны, саусақтарыммен бірге клавитурада жағаласып жүреді. Біреуін қашып бара жатқан сәтінде суретке түсіріп қойдым. Сары құмырсқаларды зерттеудемін. Білетіндер, олар электрленеді дейді. Айтпақшы, мына жақтың мысықтарының құйрықтары екіге тілінген. Біздікінен өзгеше. Ммм, қалай айтсам екен, мүмкін бір күні суретке түсірсем көрерсіз. Мысықтары да басқа. Ойбай, өткен сенбідегі маймылдар туралы дай атпаппын ғой. Суретті жаңаеуразияға қыстырғанмын. Көз алдымдағы пальманың төбесіне секіріп, қуыспақ ойнап жүрген.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s