Үйімде кесіртке жүр


Қысқа да нұсқа жазайын:

  • Кешке үйімде кесіртке жүгіріп жүргенін көріп, жүрегім тоқтап қала жаздады. Басында жергілікті үлкен тарақан болар деп ойлағанмын. Жақынырақ қарасам, ұзындығы жеті-он сантиметр, түсі сары кесірткенің нақ өзі құйрығымен бұлғаң еткізді де жоғары қарай өрмелеп кетті. Қасымдағыларға айтсам: “Канализационный люкпен келген ғой” деп жайбырақат отыр. Аузым ашылып қалды.
  • Жақсы бір тамақ ішетін жер табылды. Жұма күндері мешіттің алдында жәрмеңке болады + Есіктің алдында қаланың шет жағынан келетін жергілікті малайлар өз тамақтарын пісіріп әкеледі + ащы тамаққа үйрене бастадым. Суретте бүгінгі пицца! kl-063-wince
  • Мында суға дейін “халал” деген белгі жазып қойған. “Халал” емес тамақ табу қиын.
  • Қазір күн сайын жаңбыр жауып тұр.
  • Жергілікті газеттерде мұсылман емес басылымдарда “Аллаһ” деген сөзді қолдануға тиым салынғаны, сосын жұмыс іздеп келген бангладештерге виза берілмегені сөз болуда. Сосын мемлекет басшылары жемқорлықпен күрес комитетінің жұмысын талдап жатыр. Туризм министрінің пара бергендігі анықталуда.
  • Малайзияда бес жүзден астам қазақстандық студенттер бар екен.
  • Малайзияда наурыз тойламайды🙂
  • Дүкен сатушылары маған бірінші кезекте жапония тауарын не себепті ұсынатынын енді түсіндім. Мені жапон деп ойлап жүр. Мүмкін болса, тез арада DHL-мен қошқар мүйіз оюы бар тақия (жүн нәскидің орнына) салып жіберіңдерші…

26 thoughts on “Үйімде кесіртке жүр

  1. Бөтен ел, бөтен жұртқа үйрену де оңай емес, иә? Бәрі де жақсы болсын сізде!

  2. Сіздің жазбаларыңызды оқып, күннен күнге Малайзия өзіне тартатын болды) Қазақстандық студенттермен кездескен жоқсыз ба?

  3. Оларда біздегідей ұзын, ұшатын тарақандар жоқ па екен? Шегіртке тәріздес. Саранчалар?🙂 Үйдің барлық жеріне кетайский карандаш жағып таста🙂 ол күшті заһар білем анау кесіртке-месіртке деген жәндік атаулыға… Қош бол, Медеу… Қайра-а-ан, жүн нәски-и-и…

  4. Нұрғиса, жүн нәскиге не болды?
    Суретті көре сала, кесірткені де жеп үйренген болар десем🙂
    Асхат, жапондарда тақия жоқ па екен? Болса, сізді тақиялы жапон дер.🙂
    Малай елінен үйренеріміз көп екен.

  5. Кесіркеден өлердей қорқушы едім сіздің жазғаныңызды оқыпта қорқып кеттім һеһеһе пайғамбарымыз С.А.С нің бір хадисі барғой СОҚЫРДЫҢ ЕЛІНЕ БАРСАҢ БІР КӨЗІҢДІ ЖҰМЫП ЖҮР ДЕГЕН сіздіңде ара тұра Малайлықтарға ұқсай жүргеніңіз артық болмас деп ойлаймын қанша дегенмен жат мемелекетғой ел аузынан естіп едім жалған болса айып етпеңіздер Малайзияда еркектерге арналған тәкси және әйелдерге арналған тәкси деген екі бөлек болады деген шын ба Асхат аға

  6. Үйлерінде кесіртке арқаны кеңге жайып қойып жүрсе олардың да бізден үйренері бар екен… деп резюмелесем маған қарай бәтеңкелерді ала жүгіріп лақтырмайсыңдар ма?🙂

  7. Оһо, пікірлеріңіхге көп рахмет.
    Барлықтарыңызға тамақ мәселесі шешімін тапқанын. Ащы тамаққа үйрене бастағанымды қуанышпен жеткізгім келеді.
    Кесірткеден келесі жолы туысқан тарақан бауырлары бар ма екен (ұшатын, ұшпайтын) сұрап қалуға тырысамын.
    Сонымен маған ешкім де тақия жібермейтін сияқты ғо…
    Жүрейін, енді осылай, сақалы бар жапон болып🙂
    Ақбөкен, хадисті еске салғаныңызға рахмет🙂
    Өте жақсы хадис!!!
    Баян, пиццадағы қызыл түсті көкөніс қызыл бұрыштың ащы емес түрі.
    Айко, бір шұқып, екі қарауға тырысамын.
    Нұрғиса, келісемін. Біздің де оларға үйретеріміз бар. Мәселен, жылдам жұмыс істеуді үйренсе болады🙂
    Арсенал, осы жұма күні кешке Халықаралық студенеттердің кездесуі болады. Барып жатсам, жерлестермен кездесіп қалармын.
    Аңсар, немістерден де үйренеріміз көп болар😉
    Жанайна, пікіріңізге көп рахмет!!!!

  8. Дубаида журген досым қонақуйдін тамағы унамай, кунде Макдональдсқа баратынын айтушы еді. Бірақ сіз тек халал жейтін сияқтысыз ғой.🙂

    Жапондыққа емес, қазаққа ұқсайсыз. 🙂

  9. Рахмет, Аселек! Жиі-жиі қонақ болып тұрыңыз. Дубайдағы досыңыз үйге біраз кило тастап келген шығар🙂

  10. 🙂
    Малайзия жөнінде бір деректі фильм көргем, онда әлемдегі ең үлкен гүл өседі-міс. Табиғаты керемет! Кесіртке демекші, жазда ұьйдің есігін ашып қойсақ құрбақа кіріп кететін үйге, қайдан келетінін қайдам🙂

  11. Біздің кесіркеткелер жаңбыр жауғанда су құбырымен келетін тәрізді. Қазір жаңбырлы маусым басталды. Құрбақаларды да жаңбырмен қатысты ырымдайтындар бар ғой.

  12. ассаламу алейкум )
    жақсы демалватыр екенсіз ғо )
    халал судың біздің харам прАстой суымыздан қандай айырмашылығы бар екен сонда?

  13. ее кесірткеге де үйрренесің ақырындап:))
    бастысы халал болса болды ғой ащысна үйренесің дее:))

  14. Қытайда оқып жүргенде мені кәріс деп, қазақ екеніме сенбей қойып еді бірнеше рет))) Асхат ағай, Сіз ол жерде жапон “болып” жүр екенсіз ғой))) Малай халқының Қазақстан туралы танымы қалай екен?
    Құрметпен,
    Дінмұхамед.
    P.S. Тағы бір Мұхамед)))

  15. Оһо, Қытайда не оқыдың?
    Малайлықтар Қазақстанның дұрын Совет елі болғанын, Байқоңыры бар екенін, сосын мұсылман ел екенін біледі. 🙂

  16. Мен қытайтанушы болғандықтан, 3-курста Қытайға, тәжірибеден өтуге барып қайтқанбыз. Сол кезде болған жағдай ғой)))

  17. Асқар, енді суға да, шайға да, тіс пастасына да (Колгейт), бәріне “Халал” деген арнайы белгі қойып қойған соң айтқаным ғой. Әйтпесе, мақсатты түрде “халал” емес, яғни харам тамақ іздегенім жоқ. Имандай шыным!😉

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s