Livejournal, blog.mail.ru … енді wordpress құрсаулана ма?


Солай деп шулап жатыр. [ор.тіл]. mail.ru пошталық қызметін ғана анда-санда тұтынатыным болмаса, блогтарын оқи бермеймін. Тек бір танысым ғана намаз уақыттарын ілетін болған соң, блогына жазылған едім. Енді келіп бұл блогты да құрсаулап тастаған екен. Маған Малайзияда бәрі ашылып тұр. ЖЖ-да. Сонда Қазақстанның ішіндегілерге ғана көрінбей тұрғаны ғой. Ендігі кезек, уордпреске келсе не істейміз, ағайын?

Advertisements

18 thoughts on “Livejournal, blog.mail.ru … енді wordpress құрсаулана ма?

  1. Жалпы әр елде интернетті белгілі бір дәрежеде қадағалау керек. Қай дәрежеде екенін сол елге байланысты.

    Ливежурнал турлаы пікір жоқ, уордпресске тиспейді деп ойлаймын. Өйткені уордпрессте үкіметтің шабына тиетіндей жаңалық болған жоқ, болсада аз. Өйткені Қазақстандықтар орыс тілінде қолданғанды ұнатады. Майл.руды құрсаулағанын қолдаймын.

  2. »Ата заңымызға түкіргенім бар» дегендер көбейіп кетті. »Демократиялық елміз, … цензураға тиым салынады» деп жазып алып, …… Livejournal-дың неге ашылмай қалғанын түсіндіргендері боқмұрын балақайдың сөзі болды емес пе?! Америкалық бір фирманың жұмысы деп.

  3. Қателеспесем, әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми жауап болған жоқ. Әліптің артын бағуға тура келеді. Десе де блогтарымыздың айналық нұсқасын әзірлеп қойғанның артықтығы жоқ деп ойлаймын. Бірдің кесірі мыңға тиетінін ұмытпайық.

  4. janarbek, Майл.Рудың құрсауланғанын неге қолдайсыз? Себебін айта алмас па екенсіз?
    Шектеу Интернетте емес, адамның өз талғамында болуы керек. Адамның өзінің моралдық шекарасы ғана өзіне шектеу бола алады: қолдамайтынын – қарамай-ақ қояды, ішпей-ақ қояды, шекпей-ақ қояды.
    Өкініштісі, Үкімет пен басқа да сорымызға жазған орындарға – өз талғамын ең дұрыс көретін адамдар өтіп кетеді.

  5. Адам мысал-әфсаналарды оқып ғана қоймай, өзі де ойлай білуі керек ғой.
    Мысалы, Асқат бауыр, маған жүз баланы он жылға тәрбиеге беріп, «Сізде оқығаннан кейін – бұлар өмір бойы бірде-бір қылмыс жасамайтын адамдар боп өссін, әйтпесе – басыңды кесіп аламын!» деп шарт қойса, мен оған келісе аламын ба? «Алла біледі де!» демес пе едім?
    Интернет те солай, өмірден айырмашылығы жоқ. Сайттың түр-түрі болсын да, оның қайсысына бару-бармауды – арымыз білсін. Ал «мынабіреуі дәмді екен де, анабіреуі – ащы екен» деп, барлығымызға бірдей самса әкелген баланың талғамы маған жақпайды. Себебі, мен тіпті самса емес, бәлішті ұнатушы едім…

  6. Жабылатын сайттардың тізіміне ұсыныс!
    Google.com – 2008 жылдың тамызында оған «Kazakstan» деп тергенде, «Borat movies, free download» деген резалт алғашқы жүздікте көрсетіліп тұрды. Бұ не деген оңбағандық, иттік, шошқалық, а? Брин – уішівөл!
    Youtube.com – «қазақша секс» деп тергенімде, «горячие, горячие казашки» деген резалттар шықты. Ларри, басыңменжарсоқ!
    Премьер-министрдің блогы – қазақшасы – менің ағылшыншам сияқты.
    Тағы ойланып алайын, жігіттер… Плиз уәйіт…

  7. technosyndrom, Әрине себебін айта алатын болғандықтан Майл.рудың құрсаулаңғанын қолдаймын.
    Бір ғана себебі бар-Ол Орыс тілінде Қолданушылардың ресурстарын аз да болса азайтып оларды(Майл.рудың қолданушыларын) Қазақ тілінде ресурстарды керектенуге шақыру. Әрине бұл жерде Майл.руды жауып салса олар Қазақша вебдерді қолдана ма деген сұрақта бар. Мысалы, Майл.ру ешқашан өзің сайтын Қазақшаламайды. Бірақ Гоогле және Уордпресс өздерің сайттарын Қазақшалауға мүмкіндік беріп отыр.

  8. Бүгіңі жағдайда Уордпресс.ком ның жабылмайтын себептері: Былтыр, Асхат блог жазушы ма еді? Жазатын. Жанарбек жазушы ма еді. Әрине жазатын. Бұларды үкімет көрмеді ме? Қазақстанда үкімет бәрін көреді. Ендеше Уордпресстің бүгінгі қолданушыларын үкімет ұнатады. Яғни бүгінгі жағдаймен Уордпресстің КЗ-де жабылу мүмкіндігі нөлге жақын бір сан.

    Ал, Рахат Әлиев сияқты біреу уордресстен блог ашпасын деп тілейік. Егер ондай хабар бола қалса онда сол күні блогымды аустырам.

  9. Көкелер, Қазақстанда әлі де mail.ru блогы ашылмай тұр ма?
    Пы.Сы. Жанарбек, «Қазақстанда үкімет бәрін көреді» дегенің жүрегіме қанжардай қадалды. Кей-кейде естігің келмейтін шындық болады ғой. Бұл бір тура сондай ақиқаттың бірі болды.

  10. 😦 Мен мұны мэйл.рудағы жөндеу жұмыстарының салдары ма деп ойлап жүрсем…
    Менің мэйл.ру-да да блогым бар еді. Онда қазақша, орысша жаза беретінмін. Бірнеше орыс блогтарына жазылып, оқып тұратынмын. Енді олардан жаңа жазбалар бар екендігі туралы хабарлар келіп әлек, мен көре алмағаннан өшіріп әлекпін…
    Мысалы сол жерде мен ешкімге зияны жоқ ақпараттар енгізетінмін, біреу дұрыс жазбады екен деп біз неге жапа шегуіміз керек?
    Түк түсінсем бұйырмасын, құрыған саясат…

  11. Не болса да – қарық болдық.
    …Әуелде төртяқтап жүрдік. Қазір – екі аяқпен жүрміз. Бүйтіп кете берсек – бір күні аяқсыз жүретін түріміз бар, түге…
    («RRRrrrrr!» фильмінен)

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s