Ырымдап айт қойыпты Мұхаммед деп…


Пешенеме үш Мұхаммедпен бір пәтерде тұру жазылады деп ойламаппын. Бірі Сауд Арабиядан, екіншісі Суданнан, үшіншісі Ливиядан келген (жастарына қарай тізбектедім). Әртүрліміз. Әрине мұсылмандардың бәрі бірдей емес. Десе де осы үш досыма қарап, мұсылман әлемі қаншалықты батыстанып бара жатқанын, ағылшынтілді мәдениеттің ішіне сүңгіп кетіп бара жатқанымызды айқын көріп отырмын.

ырымдап айт қойыпты Мұхаммед деп...

үш Мұхаммед және мен

Сауд Арабияның жастары көше рэбіне құмар деп ешқашан ойламаппын. Бәлкім, маған кезіккен Мұхаммед қана сондай шығар. Алғашқы күннен бастап, үнемі қара киім (қара футболка, кең балақты джинсі,  бандама) киіп жүретіндіктен, кішкене алыстан араласуды жөн көрген едім. Бөлмесінен үнемі рэп оқыған америкалықтардың даңғырлағы естіледі. Бүгін бір ашылып сөйлестік. “Кетемін” дейді.  Басқа пәтерге көшпекші. Өзі бұрындары Украинада орыс тілін оқыпты. Әжептеуір сөйлей алады. Алғашқы күні Қазақстаннан келгенімді біліп, “Привет!” деп амандасқанда: “Біздің елде мемлекеттік тіл қазақ тілі” деп қойып қалғаным бар еді. Содан бері орысша сөйлемейді. Бұл сөз аузымнан қалай шыққанын өзім де білмей қалдым. Қазір айыбымды жуу үшін оқтын-оқтын орысша сөйлеп қаламын. Сол Мұхаммед менімен құрдас болып шықты. Тілді магистратураға түсу үшін оқып жатыр екен.

Кеше Суданнан келген Мұхаммед екеуміз ас үйде жолығысып қалдық. Етті суға шылап, өз елінің дәмдеуішін қосып дайындап жатыр екен. Судандағы халықтың қазіргі күйзелісі маған ақпарат көздерінен жақсы таныс. Әңгімені алыстан орағытуға тура келді. “Шай ішкенді жақсы көресің бе?” “Иә, бірақ таңертең ғана” дейді жымиып. “Біздің елде шайды жиі ішеді. Күн ыстық болған соң болар” деймін. “Үйде қанша баласыңдар?” “Біз алтаумыз. Бес қарындасым бар. Мен үлкенімін” дейді. Жақсы бір жұмысқа тұру үшін ағылшын тілін білуі керек екен. Инженер электрик мамандығын бітіріпті. Бірақ жұмыс жағы ептеп қиындау екенін түсіндірді.

Ливиялық Мұхаммед мектепті биыл ғана бітірді. Әкесі былтыр бес күнге Лондонға жіберіпті. Менің Нью-Йоркта болғанымды естіп, көзі шарасынан шығып кете жаздады. Ертесіне күллі таныстарына айтып шығыпты. “Неге мына жаққа келдің? Нью Йоркта оқи бермедің бе?” дейді. Оқу орнымызда оны бәрі жақсы көреді. “Бакуш” деп еркелетеді. Шынымды айтсам, пәтерде соның ғана намаз оқығанын көремін. Кім үшін дұға қылады екен…  “Рамазан парызын мына жақта өткергім келмейді” дейді малайлықтардың тамағына тәбеті тартпайтынын түсіндіргісі келіп.

Үшеуі де Қазақстанның Кеңес Одағының құрамында болған мұсылман елі екенін біледі. Төртеуміз де мұсылманбыз. Бір-бірімізге бауырмыз. Аллаһтың қалауы солай! Әлһамдулиллаһ!

Пы.Сы. Үшеуі де футбол десе ішкен асын жерге қояды🙂

24 thoughts on “Ырымдап айт қойыпты Мұхаммед деп…

  1. Иә, группамда Иран, Ирақ, Ливия, Франция, Сауд Арабия, Малайзия, Қытай елінің студенттері бар.

  2. Орыс тілі – айыпты жуу тілі! Ағылшын тілі – кәйіппен қуу тілі! Ал қазақшасы – сабаға түсіретін тіл.

  3. Қатырдыңыз, Нұреке!🙂
    Араб тілі – жұмаққа баруға себепші тіл дегенді қалай ұйқастырсам екен, ә?!😉

  4. Сонысын сұрамаппын, Арсенал! Сұрап көрейін. Әйтеуір сониплейстейшндегі футболды ойнағанда арнайы бір команданы таңдап жататын байқағанмын.

  5. Slm sen ekemiz birdei ekemiz mende shet elde turamin birakh men Mongolianin kazagimin.Kazir munda da 30 dai elden studentter bar ya musilmandar da bar.

  6. Рахмет, Абай! Қазір қай елде жүрсің? Блогыма жиі-жиі қонақ болып тұр. Тұрақты кіріп тұратын уақытың болмаса, жазылып қойсаң да болады😉

  7. Мұсылман мұсылманның бауыры деген осы болса керек машаллаһ, Бір көрген біліс екі көрген туыс дейдіғой бәрекелді Асхат аға ісіңіз ілгері болсын әр қашан

  8. Рахмет, Ақбөкен!
    Аллаһ Тағала бауырларыммен жолықтырып жатыр ғой🙂
    Сенің де оқуыңа табыс тілеймін!
    Қазақ бала, қонақ болып тұр! Сенің кез-келген пікірің мен үшін маңызды!

  9. Салем бердик Асеке!!!
    Аллаһ тагала бауырларынызбен жолыктырганнан бурын, Иманыныз берик болып, бурынгы сахабалар сиякты Пайгамбарымыздын(с.г.с) жанында(ягни ЖАНАТТА) болсын дегени шыгар.
    И кай жактагы патердесиздер?

  10. Канададамын дейсіз бе, Абай?! Хммм, ойда жүрген елдердің бірі еді. Аллаһ нәсіп етсе, келесі жылы барып та қалармыз. Қанша уақыт боласыз?

  11. Маған Ислам даму банкінің несие беру шарттарын жазып жіберсеңіздер жақсы болар еді. Рахмет

  12. Қайрат, ислам даму банкінің кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Олар жеке тұлғалармен жұмыс істемейді. Тек үлкен жобаларды қаржыландырып, мемлекеттік маңызы бар (жол, мектеп, емхана т.с.с.) жобаларға қаржы құяды. Егер, қателескен болсам, түзетіп қойыңыздар.🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s