Бір қазақтың көзімен…


Букит Битанг

Букит Битанг

Кең таралған көлік

Кең таралған көлік

бағдаршамсыз көшелер

бағдаршамсыз көшелер

Массаж? Массаж?

Массаж? Массаж?

көліктер кері бағытта жүреді

көліктер кері бағытта жүреді

25 қабатты үйдің 5-қабатындамын

25 қабатты үйдің 5-қабатындамын

20 thoughts on “Бір қазақтың көзімен…

  1. Көліктер кері бағытта жүреді дегенді түсінбедім.
    Ал былай престижный үйде тұрады екенсіз ғой…🙂 Біздің Алматының орталығындағы жақсы биік этаждар сияқты…

  2. Баян, мен де аң-таң қалдым. Біздің жақта жолды кесіп өткенде бірінші оң сол жаққа, сосын сол оң жаққа қарап өтесің ғой (әлде керісінше ме?). Бұл жақта керісінше. Бірінші сол оң жаққа қарайсың, сосын оң сол жаққа. Бізді балабақшада жолдан өту ережесін үйреткен. Сол әбден санама қатып қалған. Жолға шыққанда Алматыдағыдай қараймын деп, ұшып түсе жаздағанмын. Машиналар оң жақ рөлді болып келеді. Сосын көбіне, жергілікті малай машиналары.
    Ақзере, дұрыс байқадың. Үйіміз Алматының орталығындағы “престижный” үйлер тәрізді. Төртінші қабатында бассейн бар. Үйдің ішінде өз дүкені бар. Общым, не керектің бәрі жасалған. Тек үйімді пеш жоқ😦 Үй жалдайтындар үшін әдейі қоймапты. Әйтпесе, әр бөлмеде душ, екі кондиционер бар екенін айтпасам да болатын шығар🙂

  3. Асхат, біздің еліміздегі көптеген бастамалар сол малай елінен алынған дейді ғой. Малайзия 2020-Қазақстан 2030 сияқты. Басқа жақсы не бар екен? Келгесін бізге айтып бересің ғой бұйыртса. Айтпақшы қашан қайтасың?

  4. “әне-міне жаңбыр жауады” деген ауа-райы екен… пальмалардың бастары шайқалып тұрғандай😀

  5. Пальмалар болмаса, Алматы мен Шымкенттегі көлік тығындарын елестетеді екен.

    Үлкен ғимараттар жоғарыдан қарағанда жақсы көрінгенімен, төменгі жағы алақ-жұлақ екен.

    Велосипедтегі жүргіншілерге арналған жол бар секілді ма? (үшінші суреттегі қызыл жолақты тратуарды айтамын.)

  6. Arsenal, бағдаршамдар тек көліктерге арналған. Адамдар бұзып-жарып жүре береді екен. Басында сыпайылық танытып, оларды өткізетінмін. Қазір ептеп, “наглый” бола бастадым🙂
    Сәлімгерей, оныңы раз. Бұйртса, Малай ұлттық мұражайы жайлы үнхабар дайындау жоспарда бар. (Жаңаеуразияға ілермін). Олардың біз көп нәрсегі үлгі ретінде алғанымызды байқадым. Тіпті, Астана құрылысын да солардан көшірген секілдіміз.
    Балғырған, оның рас. Бұл жақта өткінші жаңбыр, сосын нөсер болады. Нөсерлетсе, найзағай ойнап, көшенің су алып кетеді. Кәдімгідей тобықтан келетін су. Қолшатыр ойнамай қалады🙂
    Аңсар, негізі велошабадандоздар баршылық. Әсірісе, біздің Астана тобы жайлы теледидардан жиі айтады. Бірақ ол қызыл жолақтармен велосипедтер жүргенін көрмедім. Жай ғана жолды кеңейткен болар деп ойлаймын. Ғимараттар Нью-Йорктағыдай биік емес. Бірақ іші жақсы. Салқын🙂
    Пы.Сы. Тағы қандай қызықтарды білгілерің келеді. Өзім қаланың ішінде жүрген соң, бәріне етің үйреніп кетеді екен. Қай нәрсе қызық болатынын ажырата алмай да қаламын. Пікір қалдырып, үнемі байланыс жасап жүргендеріңе рахмет.
    Нұреке, блогыңдағы e-нәскиіңе ерекше жылы лебізімді білдіремін.🙂

  7. Массаж істейтін жігіттердің бұлшық еттері мықты болса керек, ә, Асеке? Массазисткалардың түгелі сарыға оранғаны қызық екен. Оғаштану үшін шығар, кім білген…

  8. Бәрі бірдей сары емес. Бұл әр массаж компаниясының өз дресс кодтары. Массажистердің көбі әйелдер. Сыртта тұрғандар массажға шақырушылар ғо🙂
    Бір ата бар еді. Суретке әзір түсіре алмай жүрмін. Қасынан өткен сайын: “Қытай қызық керек пе, малай қызық керек пе? Вьетнам қызы бар” деп қыр соңымнан қалмайтын.

  9. Малайзиядан жақында менің ағам бары келіп еді. Керемет деп мақтап келді. Сувенирлерін арқалап.
    Егіз Мұнараларын көрген шығарсың?

  10. Гастарйбайтер, әзірге ол мұнараға жете қоймадым. Ағаңыз қандай мақсатпен келіп еді?
    Жанболат, бізде екі сағат алда екенбіз. Ал блогым сонда Тараздікінен алты сағат алда деймісің? Дігідік, дігідік, шабады…

  11. блогыңыздағы сағат қателеспесем gmt+0,
    ал бізде таразда gmt+6
    сол, мүмкіндік болса жөндеп қойыңыз.
    маған ыңғайлы болсын )))

  12. Ағасы жақсы демалыпты. Малай ма, әлде қытай, немесе екеуі де жақсы ма екен.

  13. туф ия, жолдан өтуде үйреніп қалған жаман, мен Жапонияға барғанда басында солай қатты қиналатынмын. кейін осында келгенде де ол біраз уақыт үйрене алмай жүрдім, жолға шыққанда екі жаққа бірдей кезезек кезек қарап:))))
    оой офисте отырып, массаж деген нәрсе сондай жағымды болар еді деп армандап қойайық енді сенің жазуыңды оқып:)))
    көшедеге пальмалар керемет!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s