әл-Бұхари мешітінен Малай базарына дейін


Central Mosque, KL

Central Mosque, KL

Таңертең Мәулітке орай мешітте не болатынын білмек болып, таң атпай жақын мешітке бардым. Өткенде сол мешітте жұмаға қатысқанмын. Жақынырақ қарасам, мешітіміз Әл-Бұхари атындағы мешіт екен. Ислам тарихында әл-Бұхари есімі хадисті ең көп жинаған тұлға ретінде танымал. Мешітке келсем, таң намазы оқылып болыпты. Екі ракағат сәлем намазын оқып болған соң жан жағыма қарасам, кісілер құран оқып отыр. Шыға берісте Ертең мәуліт болатын хабарланған жазуды көрдім. Таң атып, әлі күн шықпаған кез еді. Десе де дала ыстық.

Түстен кейін Саго деген базарды іздедік. Себебі картада көрсетілген Орталық Базар туристерге арналған. Әрі бағасы қымбат болар деп ойладық. Біз жалдап отырған үйдің иесі Уфык бізге Монреалмен «Чау кит» станциясына дейін барыңдар деді. Монреал дегеніміз аспалы көпірмен жүретін метро десе де болады. Өте жылдам екен. Алты аялдама үшін екі рингит он сен төледік. Сен дегеніміз олардың тиындары, ал рингит олардың ақшалары. Шамамен бір рингит қырық теңгеге тең. Содан Уфыктан әрі қарай Базарға қарай жүретінімді сұрамағандықтан біраз адасуға тура келді. Қосымша суреттер Жаңаеуразияда Біз қаланың жоғары жағында жүрдік. Қарын аш. Жолай «Бургерге» соқтық. Эльвира айтқандай бургерлер халал. Екі күннен бері асқазаным ауырып, бүгін ғана басылғандықтан әр тамақты таңдап, талғап жейтін болдым. Бүгін, Әлһамдулиллаһ асқазанымның ауырғаны қойды.

Кешке қарай жұрттан сұрай-сұрай базарымызды таптық. Базар өте үлкен екен. Бірақ жүйесіз. Алматыдағы Көк базармен мүлдем салыстыруға келмейді. Біздің барахолка да тазалығы жағынан озып тұр. Базарда балық сататын болғандықтан, соның иісі мұрын жарады. Балдырған айтпақшы тұншығып қаласың. Балдырғанның соңғы жазбасын оқығандар не айтып отырғанымды түсінер.

Айтпақшы жолай бір үндіс жігітке шашымды қысқарттым. Сөйлеп отырып, тез-тез қысқартып берді. Жеке өзім қазіргі шашыма төрт деген баға қояр едім. Онша көңілімнен шықпады. Бастысы терлемейтін болдым. Шықсам, жаңбыр жауып тұр. Жалпы Малайзияда қазір жаңбырлы маусым басталды. Бірақ қапырық ыстықта жаңбыр жауса, тынысың ашылғандай болады. Себелеген жаңбырдың астында көшенің базарын араладым. Біз тұратын жер Букит Бинтаң деп аталады. Туристер көп болғандықтан «Қыздар керек пе?», «Массаж?» деген ұсыныстардан құлағың тұнатын.Бұл жерде олай емес.

Bukit Bintang

Bukit Bintang

Келгелі бері дүкен аралап, кісілермен араласқанда түсінгенім, жұрт турист мұсылмандарды жылы қарсы алады екен. Әдетте мен амандасқанда ағылшынша бастап, қоштасар кезде Ассалаумағалейкум дейтінмін. Сол кезде олар маған таңдана қарап: «Мұсылмансың ба?» дейді. Чау киттен бір келі бананды үш рингитке алдым. Бұл дегеніңіз енді Алматының бағасымен салыстырғанда су тегін… Сол маңда пәкістандықтар мешітіне жолықтық. Асыр намазын сол жерде оқыдым. Біздің мазхабпен оқиды екен. Негізі малайлықтардың дені шафий мазхабында.

Дүкендерінде сырттан келген киімдердің бағасы Алматыныкімен бірдей. Бірақ жергілікті малай киімдері арзан. Бір шалбар мен бір жейде (суретте) алып едім. Екі мың теңгенің айналасында шықты. Негізі дүкендерде ер адамнан гөрі қыздарға арналған заттар көп тәрізді болып көрінді. Әшекейлер, маталар, көйлеткер тағысын тағылары. Шалбардың балағы ұзын болған соң, оны қайдан қысқартамын деп сұрап едім. Сатушы бала меннен кешірім сұрап, түсіндіре алмайтынын айтты. Бұл жақта ағылшынша білмейтіндер де бар. Оған асықпай саспай, баяу дауыспен осы ғимараттың ішінде қай жерде қысқартатынымды сұрадым. Ол бір қызды шақырды. Ол қыз келесі бірін. Ол бастығын. Ақыры маған сол шалбарды сол жерде тегін қысқартып берді. Сөйтсем бұл дүкенде заттарды өздері қысқартып беруі керек екен.

Тамақ. Мен үшін дұрыс тамақтану әлі де шешімін таппаған мәселе. Біз жалдап отырған үйде пеш жоқ. Әйтпесе, тамақты үйден пісірер едім. Үйдің иесі: «Бұл үйде мұсылмандармен қатар, мұсылман еместер де тұрады» Әркім әртүрлі тамақ пісіріп, жейді. Сол себепті үйде тамақ пісірмегендерін жөн көреміз деді. Тек шай ішеміз. Микротолқынды пеш бар. Әзірге онымен қалай тамақ пісіруге болатынын ойланғаным жоқ. Бәлкім білетіндерің бар болар, бөлісе отырыңдар. Микротолқынды пешпен не пісіруге болады????

20 thoughts on “әл-Бұхари мешітінен Малай базарына дейін

  1. Микротолқынды пешке тауық пікіруге болады. Бірақ онша дәмді емес болған (Мүмкін менен болған шығар). Студент жүргенімді бір рет пісіргенмін.

    қызық екен, Мұсылман елінде жүріп тамақ пробелма болу.🙂 Бірақ мен сияқты нені болса соны (Халал болу шартымен) жеп жүргендерге проб болмасада көп мұсылмандар жей бермейді екен, ашты, исі бар..т..б деп.

    Айтпақшы баби банандар онда тым арзан көрінген, бізде баби банандар өте қымбат. солардан көп жеп қайтарсың.

    Мұсылманмын деп айтып жүруің керек. Ондағы мұсылмандар шет елдік турикстік мұсылмандарға жылы қарайды. Оны өткен жылы аңғарғане едім. Негізі маған малай елі ұнап қалған.

    Ал саған оқуыңнан табыс тілеймін.

  2. Рахмет, Жәке! Тауық пісіремін деп уәде бере алмаймын. Бірақ бір амалын табармын деп ойлаймын. Негізі қалтада ақша көп болса, тамақ проблем емес қой. Ресторан, кафе көп🙂
    Сендер Малайзияның қай тұсында демалып едіңдер?

  3. Үндіс шаштаразы шашыңды қысқартып жатып ұзын-сонар әңгіме айтпап па еді? Сен болсаң әңгімеңді ҚЫСҚАРТ деп “короче, короче” дегеніңді түсінбей қалса керек қой, ол біздің “Наш любимый доқтырды” көрмеген шығар енді…

    Тәәк, базарлары жүйесіздеу болса Шымкенттен эксперттер дегегациясын аттандыру керек шығар. Малайларға себі тисін🙂

    Суретте суперсің! Елдің елеулі елшісі вәзипаңды абыроймен атқарып жүргеніңді біліп, қуану үстіндемін!

  4. Біз ана басқа аралында болдық ғой. Маған ұнаған еді. Ауа-райы тамаша.

    Айтпақшы 4 жыл бұрын Кореяға алғаш келген кезімде Сеулде Малазияның халал рамюндарын сататын. Аты есімде жоқ.

    Ал жарайды, оқуыңды жақсы оқып елге орал.

  5. //Ақыры маған сол шалбарды сол жерде тегін қысқартып берді. Сөйтсем бұл дүкенде заттарды өздері қысқартып беруі керек екен.// Мұнысы жақсы екен. Бізде 1500 – 2500 теңге аралығында қысқартады😦 Кейде балақты қайырып қоясың🙂

  6. Аңсар, Алматыда балақты 200-500 теңге маңайында бағаға қысқартатын еді. Қымбаттап кеткен бе?😦

  7. жазбаңыз қызықты, көп етіп жазып тұрңыз. асыға күтеміз. Шаш ураган, неге алаң боласыз🙂
    Малай киімдері арзан дегенде. маталары жағымды сияқты елестеді маған, неге десеңіз, сатып алып жүрген дүкенен түсі ұнап бір жиде(рубаха) сатып алып едім, тіпті әпенді сияқты қайдан екенін оқымастан киіп алып шешпей қоям ұнаса🙂 сөйтіп киіп жүре беріптім. бірнеше күн өткен соң текеткісіне қарасам малазия деп тұр. ой рахат-ай, сондай жеңіл мата, түсіде керемет🙂

  8. 🙂 “асқазаным!” деп арып кеткенсіз ба :))

    оқуыңыз жақсы өтсін!

    (бүгін – кешегі ертең… сурет әлі жоқ дегенім ғой)

  9. ассаламу алейкум Асхат!
    ағылшын тілін үйренбексіңбе?
    микрывалновкіге, картопты (марковь, свекла) жуып, целлофан пакетке салып, аузын буып, онбес минутке қоясың. пакет ұлкен болып үріледі сені қорқытып, бірақ саспа, жарылмайды. жұмырқаны қабығымен салсаң дөңк етіп жарылады. табаққа жарып саласың, май мен тұзыңды салып былғап былғап тығып жібер бес минөтке.

  10. Уағалейкум ассалам, Сәкен! Бұл тамақтың аты қалай болар екен? Ешкім жоқта істеп көруім керек тәрізді😉
    Келемін десеңіз, еш қиындығы жоқ, Сымбат🙂

  11. ана лапшаларға мамандандырылған кафе-забегаловкаларын көрсеші, олардың бағасы арзан бол керек қой, сосын лесс спайсер десең жасап береді ғой.
    Ана Жанарбектің жазбасынана есіме түсіп кетті, маған индонезиялық тез дайындалатын лапшалар ұнайды. MI-Goreng деген, малайзиялық сондай өнімдер болу керек қой

  12. ой моморэйлге мініп көргім келеді!!! супееерр. Барған жерде ағылшынша амандаспай, Ассаламу Алейкум деп жүрсеңші:)

  13. Көңілашар, лапшаныда көп іше алмайсың ғой. Бір қызық айтайын, қазір ащы тамаққа да бірте-бірте үйрене бастадым🙂
    Mi-Goreng-ті іздеп көру керек екен.
    Бәріне бірдей “Ассалаумағалейкум” дегенім ыңғайсыз. Себебі, кейбір қытайлар мұсылман емес. Бұл жақта дін мен ұлт мәселесі “өте нәзік” тақырыпқа жатады.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s