Мамыражай Малайзиядан!


Селамат паги! Дәл солай! Малай тілінде амандасқың келсе, осылай айту керек. Келген күннен-ақ қазақ тілімен үндестікті тауып алдым.

Қақпа ашылды!

Қақпа ашылды!


Орталық көшенің бірі“Неге Малайзияға?” деп сұрайтын шығарсың. Білесің бе, шетелге шыққанда жұрт мені үнемі малайлықтармен шатастыратын. Сосын осы бір мұсылман елінің жеткен жетістіктері бізде көп жарнамаланғанын білемін.  Осының барлығы санамның бір түкпірінде: “Шіркін, бір барып көрсем ғой!!!” деген арманды ұялатқанын сезбей қалдым. Ойымды жүзеге асыру үшін бір жылдай дайындалғаным бар. Бір өзгеріс керек деп жүргенімді біреу білер, біреу білмес…

Алматыдағы Fattah travel деген агенттік сапарымды тездетуге жәрдемші болды. Ағылшын тілін жетілдіремін дегенді желеу етіп, осылайша Куала Лумпурға топ ете түстім…

Алматыдан Банкогқа таңертең тоғызға қарай ұштық. Банкогқа сағат түскі үштер шамасында келдік. Күнге ептеп көбірек күйген адамдардың арасында қалың қыстан қымтанып шаққан біздер бірден ерекшеленеді екенбіз. Әуежайдың әр жерінде бүк түсіп, дөңбекшіп жатқандар бір түрлі үрейленіп те, үрпейісіп те қарады. Екінші қабатта намаз оқитын жер бар (Дәрет алатын жері де соның ішінде). Түрлі ұлттың өкілдері намаз оқып жатыр екен.  Әйтеуір сапар намаздарымды сол жерде оқып алдым. Одан соң Куала Лумпурға баратын біздің рейс қай қақпадан (gate) ұшырылатынын ұзақ уақыт бойы айтпай қойды.Мәлика Әуежай кассасындағы бикешті (түрі қазақтан аумайды ғой, аумайды) қайта-қайта түртпектеп жүргенде аю құшақтап, біз жаққа жәудіреп қарап отырған қызды байқап қалдым (суретте). Қарасақ, көк түсті Қазақстанның төлқұжатын ұстап отыр. Таныса келе есімі Мәлика екенін, Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы Цирк Эстрада колледжінде оқитынын әңгімелеп берді. Банкогқа қазақтың циркін ала келіпті.

“Бұл жақта цирк дамымаған. Былтырдан бері Тайландтың біраз қаласын аралап келдік. Оларға қыздың жылқыға мініп, өнер көрсетуі таңсық екен. Ауа райы қолайсыздау болып, ертерек қайтып барамын”

деді. Алматыда көріп қалсаңдар, тани жүріңдер деп, суретін жарияладым.

… Содан ұшағымыз ақыры бір сағаттай кешігіп ұшатын болды. Күтіп отырмыз, күтіп отырмыз… Екі үш адаммен танысып үлгердім. Бірі Филип, екіншісі бір оқытушы, үшіншісі Вика деген қазақтың кәріс бизнес-вуман қызы. Оны-мұны сөз етісік. Ол маған “Сингапурға міндетті түрде бар” деп, санама алдағы кішкентай арманның дәнін сеуіп кетті🙂 Әуежайдан сымсыз тегін интернет таппадым. Бірнәрсе сатып алсаң ғана кафеден интернетке қосылуға болады екен. Ақшамды бұзғым келмеді🙂 Содан тоғызға қарай бізді Банкогтан Куала Лумпурға апаратын ұшаққа отырғызды. Күту деген нәрсе қатты жүйкені шаршатады екен.  Ұшақта берген ащылау тамақты жегенде барып ес жидым.  Себебі Малайзияда енді ащы тамақтан көз ашпайтын болатынымды ойладым. Ақыры ұшақтан келіп түстік. Иммиграциялық тексерісте мені ұстап қалды. “Қалтаңда қанша ақша бар?” дейді. “Сондай да сұрақ болады екен-ау!” дедім ішімнен. Содан не керек, күдіктеніп, мені бір бөлмеге алып барды. Тура кинодағыдай полицей отыр екен. Оны мұны айтып, қайтар билетімнің бар екенін көрсетіп (өзім қатты шаршап тұр едім. Оның үстіне ол жақтың ауасы да қапырық. Қолқаны қабады), тіпті Air Astana-ға да звондай жаздадым. Билетім ашық билет, кері қайту уақыты нақтыланбаған болатын. Содан тәуекелге бел буып: “Басымды кесіп алмас, қайтадан сол иммиграциялық тексерістегі кісіге барайын” деп шештім. Түнгі сағат он екілер шамасында келіп жеткендіктен ол жерде екі-үш қана адам екен. Бұл жолы мені бір әйел кісі тескерді. Түріме қарап, бір екі рет “ыһм, ыһм” деді де, мөрді басып, Малайзияның қақпасын ашып жіберді.

Түн ішінде орталықтағы қонақ үйге тоқтадым. Душтары ұнады!!! Қала тап таза! Бірақ мен тоқтаған қонақ үйдің  бірінші қабаты түні бойы дүңкілдетіп музыка қойды. “Үндеріңді өшіріңдер!” деп қайтып айтасың. Өзің де қонақсың. Жастыққа басым тиісімен қор етіп ұйықтап кеттім.  Таңертең қонақ үйдің ақшасына брэкфаст қоса кіретінін біліп, таңғы асқа ақша шығындамайтыныма қуандым. Сөйткен брэкфастым: ыстық суға шала қайнатылған екі жұмыртқа мен сүтті шай болып шықты. Амал который😦 Кішкентай кезімде даусымыз саңқылдап шықсын деп, шикі жұмыртқа жа ішкенбіз деп, бұны да жеп салдық.

Қазір енді орталықта үш бөлмелі үйдемін. Он жеті қабат қой деймін. Төртінші қабатында бассейн бар. Төртінші қабат деп бұл жақта жазбайды екен.

3A, 13A...

3A, 13A...

3A (three A) деп айтады. Себебі төрт деген сан қытай тілінде “өлім” дегенді білдіреді. Көршілерімнің бірі Ливиядан келген (Бакуш. Қазір үйімен скайп арқылы сөйлесіп отыр), екіншісі Саудиядан – Біләл (қателесуім мүмкін, әлі толық танысқаным жоқ) келген, сосын Жапониядан келгендер бар. Айтпақшы судандықтар көп екен ғой. Бәрі осы қалаға ағылшын тілін үйренуге келіпті. Бұл үйді ағайынды Шафак пен Уфак есімді түріктер жалға береді екен. Олар саудаласуды жақсы көретіндер ғой. Мен қайдан саудаласайын. Ондай өнерім де жоқ. Межелеген сомадан көбірек сұраған соң, тағы да “амал который” дедік. Бастысы малай жерін басып жүрмін… кешке бір қызық тамақ алдым.  Атын ұмытып қалдым. Сосын бір тропикалық жемістерді шыдамай сатып алып, дәмін таттым. Сатушыдан “Ол не? Бұл не? Ащы ма” деп сұрай берген соң, бір тілімін кесіп алып: “Мә, дәмін татып көр!” деді. Содан “Биссмилләһ” деп ауузыма апара жатыр едім: “Ойбай, мынау биссмилләһ деді ғой” деп өздерінше мәз боп жатыр. “Мұсылмансың ба?” дейді. “Әлһамдулиллаһ, мұсылманмын ғой!” дедім.

Қызықтың көкесі алда! Дұға қылып тұр!!!

22 thoughts on “Мамыражай Малайзиядан!

  1. Ол елдің халқы да Ислам дінінің қарамағында болғандықтан кей сөздеріміздің ұқсас болуы өаңдылық. Біздің тіліміздегі көптеген сөз сол арабтардың тілінен енген ғой.

  2. Малайда малай бар ма екен жалпы?🙂
    Асеке, мінеки, енді жетіп те үлгердің. Судандықтардан байқас бол, елдеріндегі патшаларын “әлемдік трибунал” бірақ қыспаққа алып жатыр екен… Петронасқа барып, ол жерден қызықты репортаж жасайтыныңды біліп отырған сияқтымын… Шегіркөздінің сүйікті нянясы сияқты парашютпен ұшам деп бәле болмассың, дегенмен…😉
    Сен оларға екі жұмыртқаны қалай қайнату керегін үйретіп кетпедің бе, ең дұрысы? Жарым-жартылай шикі боп қалғаны бір түрлі екен енді…
    Шафак пен Уфак қазақтың Асан мен Үсені сияқты екен🙂
    Мәликамен сотыви нөмірлеріңмен алмасқан шығарсыңдар?

    Дұрыс, Асеке, бұның құп… Куалада білім қуала… Коала бар ма ол жақта айтпақшы??? :)))

  3. Куалада білім қуалармыз, инш, Нұреке!🙂
    Аңсар, тіл курсының бағасы әртүрлі. Нақтырақ білгің келсе, жеке поштама барлық сауалдарыңды жазып жібер. Инш, кешке жауабын беремін.

  4. неге ағылшынды таңдадыңыз?
    басқа тіл үйреніп келмедіңіз ба…🙂

  5. керемет жазба, жазып тұрңз, Малазия ең арзан жақ дейд ғо тілдік курсқа, бірақ мен Мальтаны таңдар едім…
    Суреттерді көп қылып салңызч плз🙂

  6. Үндемегеннен үйдей пәле шығады деген…🙂 Пысықсыз ғой қарап тұрсам. Жақсылап, тіл үйреніп, жақсыларын сығып алып қайтыныз😉

  7. тамаша. Аман-есен жетіпсіз🙂 ісіңізге сәттілік. Малазиядан хабарлар күтіп отырамыз енді.

  8. Жәке, емеурініңізді түсіндім. Араб тілінің дай күйін де біліп көрмек ойым бар. Инш, ондай мүмкіндік болса, оны да қарастырамын ғой.
    Айко, Куала-Лумпур Алматымен салыстырғанда арзандау. Ал Сингапур қымбат дейді. Барып жатсам көрермін. Келгенімен екі күн ғана болды. Әлі бәрін бағамдап үлгергенім жоқ. Көргенімді, көкейге түйгенімді түртіп отырамын ғой.
    Ақзере, Сенесің бе, көшеде небір әртістердің суреттері қаптап ілініп тұр. Шамас бұл жақта да кәріс сериалдары танымал ғой деймін🙂
    Рахмет, Әлия! Бесінші сәуірде Малай Баркэмпі болады. Соған қатыспақ ойым бар. Дұға қылып тұр!!!

  9. ooO, Acхат, жетуіңмен! Ыстық пе екен ол жақ? Курстарын қай универде? Ислам универінде емес па? Ол жерде болмаса, мәндетті түрде барып қайт – керемет университет!

    Макдоналдстардың да халал екенін байқадың ба? дүкендердің бәрінде халал жазуы бар кәмпит-сәмпит сатады. сонысына қатты қызыққам бір кездері.

    Сингапурға виза керек, білетін боларсың. Барып қайтсаң күшті болар еді

    Көрген-барған жерлерден әсерлеріңді ұмытпай қағазға түсіріп жүр, әңгімеңді қызыға күткендер барын ұмытпа (smile)

  10. Жақсы хабар естіп отырайық сізден, біліміз қайырлы болсын!
    Тіл үйренген жөн екен. Қызықты жаңалықтар күтеміз😉

  11. Жақсы хабар естіп отырайық сізден, біліміңіз қайырлы болсын!
    Тіл үйренген жөн екен. Қызықты жаңалықтар күтеміз😉

  12. Рахмет, Елеке! Тамаққа байланысты кеңес бере аласың ба? Малайлықтардікі ащы, үндістердікін онша ұната қоймаймын. Түркітердікі қымбат. Қазақтардікі жоқ😦
    Қандай тамақ жейін?
    Қуаныш, ниетіңе рахмет!!!

  13. Қалай, Малайзияға Шымкенттіктер жетпеген бе әлі? Мен мына жақта бір-екі саудагер жігіттерге ысқырып көрейін, ертең жол-жөнекей самса, қазы-қартаға заготовка сатып алып жерсің🙂

    Қуаныш, инетіңе рахмет! Пікір жазуыңды мүмкін қылған.
    Сосын ниетіңе де рахмет. Асхаттың айтуы…🙂

    Асхат, ду ю спик инглиш?🙂

  14. Тамақ қымбат болса, неге өзіңіз істемейсіз? Әрі арзан, әрі сенімді, әрі тәтті ғой!

  15. Асхат, күшті бір жүгерілері бар олардың – дәмін әлі ұмытар емеспін. Порциялық етіп сатады кішкентай стакандарда. Тойымды. Күнде жүгері алып же дегенім емес әрине, көріп сатып алып жүрсең маған рецептін сұрап алшы дегенім ғой (өз қамын ойлап кетті дейд.хехе).

    жалпы малай тамағы ащщы емес сияқты ед.. қазақтардікінен ерекше болғанына үйрене алмай жүрген боларсың. бірінші күндері солай боп тұрады үнемі.

  16. Рахмет, Елеке! Кеше сол жүгеріні сатып алдым. Дәмі шынымен де өзгеше екен. Бізде Алматыда сондай малай жүгерісін сатып жатыр. Абай мен Момышұлы жақтағы “Магнум” дүкенінде. Жарнамасын да солай қатырып жазып қойған: “Малай жүгерісі” деп.🙂

  17. ооо Асхат
    маладес енді Kуаладан бірақ шықтым дее:)
    қанша уақыт боласың??
    ой тегі сені тамаққа консерватив деп ойламап едім:))
    жақсы ғой қайта, кейін қайта осы жаққа келгесін, біздің тамақ дәмсіз болып көрінетін шығар:)))
    менің индонезия, малайлық подругаларым қазақтың тамағын plain деуші еді:)))
    не ғой Асхат сенікі қай универ? менің інім де сол Фаттах арқылы кетті, бір австралийский универдің бранчына, қаланың шетінде деген еді кампус, сол баланың универінің атын сұрамыптым да ғой..

  18. Ассаламу алейкум. Асеке қалайсыз? IIUM-ге келініз. Мұнда біраз қазақтар бар. Тамақ демекші малайлардың “nasi goreng ayam”-деген тамағы соны жеңіз. Басқалары жақпай қалуы мүмкін

  19. Уағалейкум ассалам, Данияр!
    Құнды кеңесіңізге рахмет. Құпия болмаса, әлгі тағамның қазақшасы қалай болатынын да айта отырсаңыз🙂
    Әзірге бір де бір малай тамағын жемедім. Тек тәтті тоқаштарын татып көрдік.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s