Сіздікі дұрыс емес!


Жұмыс бабымен әртүрлі адамдармен кездесесің.  Телефонмен, интернетпен хабарласатындар бар. Әрқайсысы өз проблемасын айтады. Өткенде Түркістан қаласынан бір студент хабарласты: “Ертең ереуіл болады. Ректор стипендиямызды бермей жатыр” деді. Қазақшасында мүкіс бар екен. Содан түрік болар деп шырамыттым. Дегендей-ақ түрік студент болып шықты. “Қандай ереуіл? Не үшін? Кімге наразысың?” деген сұрақтардан соң барып, байланыс үзіліп кетті. Не ол кері хабарласпады. Ереуіл болды ма, болмады ма білмедім…
Қарағандыдан, бір ауылдан хабарласты. Мектептерінде директор күн көрстепейді-мыс… Тәрбиесіздік, көргенсіздік жайлап бара жатыр. Соны министрдің құлағына алтын сырға етіп жеткізу керек екен. Анық-қанығын түсіндіргісі келмейді…
Бүгін бір студент келді. “Мұғаліміміз дәрігерлік тексеруден өтсін деп айтты. Барсақ, ағылшынша бір қағаз толтыртқызды” дейді. Ағылшынша білмейтін студентке не үшін медосмотрды сылтауратып сауалнама толтырқызды? Солай. Әрине, сенім білдіріп, іштегі шерін тарқатып жатса, сенгені, сенім білдіргені ғой. Алайда байқағаным, көп мәселе, адамдардың өздерінің сауатсыздығына келіп тіреледі деген ойға келдім. Қарапайым заңи сауаттылық, сосын “Сіздікі дұрыс емес!” деген бір ауыз сөзді айту жетіспейтін тәрізді. “Азаттық” сайты бір жазбамды жариялады. Соған пікір қалдырған (барлық блогшыларға үлкен рахмет) Сағит есімді оқырман да сондай ақыл айтыпты:

Бауырлар, әпке-ағалар! Марченко босын, басқа босын, чиновниктерге құр босқа кіжінгеннен түк шықпайды. Одан да өздеріңнің сауаттарыңды жетілдіруге көбірек көңіл бөліңдер. Жасыратын несі бар, біз өзіміз еріншек, жалқау болып, содан көп ұтылып, есеміз кетіп жүрген жайымыз бар.

Неге екенін осы ойлар, Гастербайтер бауырымыздың блогын оқыған соң туындады…

15 thoughts on “Сіздікі дұрыс емес!

  1. Қазитке барса мұңымызды шағамыз, олар көпке жария етер, сонысымен әлгі “ақау” сап тиялар деген дүдамал ой ғой. Бірақ көп ретте шегіншектеу бар, сосын өз құқын толық ұғына алмау бар… Байқау керек, мына дүрліккен шақта елді орталық алаңдарға шығарып алмау керек…

  2. Нұреке, әрине. Бүлік тудыруға біз де пейілді емеспіз. Бірақ соңғы қаржы дауылы көпшілікті (бәрін деп айтуға аузым бармайды) шарпып өтті. Күйікке бәрі бірдей шыдап, сабыр сақтамас. Қорқытып, үркітіп ұстап отыра алмайды. Бір хикметін табу керек.

  3. Ағайын-ау, кінәні халыққа қалайша артпақы адам деген? Ең кем дегенде 15 миллион қарапайым халық болар. Солардың ең болмағанда жарты миллионы әділдікті іздейді, халықтың санасын оятқысы келеді. Бірақ, оған кім ерік беріп отыр екен? Халық мем.биліктің қайнар көзі дейтін Атазаңымыз халықты айналып өтті емес пе? осыдан барып халыққа нендей кінә тағуға болады? Тағарсыздар, бірақ бәріне бірдей болмайды. Арамызда көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар бар. Бірақ оларды бағаламайды ешкім. Әділдікті, халықтың мұңын айтып шықсаң халық жауындай жек көреді. Песимистсің дейді, жарайды, бәрін уақыт көрсетер. Бір күні елді сол қазіргі песимист атанғандар басқарар, сол кезде Қазақстанның гүлденгенін көрерсіздер, амандық болса.
    Елде ең аз дегенде 10 мың адамға 1 көзі ашық адамнан келеді десек, 1500 азаматымыз бар бағымызға жазылған. Бірақ …….

  4. Толықтай келісемін. Жұмыс барысында осындай жағдайлармен көп кездесіп қалған кездер болды.Біздің қоғам біреуді кінәлауға дайын тұрады. Әуелі мәселенің анық-қанығыга барып алмай.

  5. Заңдық сауатсыздық, біріншіден – жаппай жемқорлыққа (өз проблемасын заңды айналып өту арқылы шешпек әрекет), екіншіден – өзін сырт ықпалға көндігуге алып келеді. Осыдан манипуляция басталады, сананы, халықтың өзін, тіпті оның еркін. Осы бір індет бізде толық орын алған. Манипуляция – сайлау науқаны барысында өз даусын сату (күлмеңдер, көзбен көріп, көңілге батқан факт). Бұл бір…
    Екі… Түркістан жайына келетін болсақ, (мен түркістандық студентпін) бізде, рас, студенттер кішігірім пикет, зор наразылық (100 адам, плакаттар) өткізіпті. Олар негізінен, шетелдік студенттер. Түрік дүниесінен арнайы грант бөлініп келген, алайда бір жыл өткен соң универ ректораты ол гранттарды қайтарып алуға шешім қабылдаған, сосын стипендияларын қырқып тастаған. Соған, әлгі студенттер ректорға дейін барып, түк шықпағасын әгі наразылық шарасын ұйымдастырып отырғаны ғой… Өз басым, олардікін жөн санаймын. Алайда, біреулердің айтуы бойынша, олар да өз гранттарын (1000 АҚШ долларына) сатып алған көрінеді, сол факт универ басшылығы тарапынан анықталып отырған екен. Содан осындай шешім қабылданыпты… Ұзарып кетті-ау деймін. Түркістаннан.

  6. Е, ақыры мини ереуіл болды десеңші. Арты не болды? Әлгі студенттер енді оқуын әрі қарай жалғастырып жатыр ма? Телефонын берсең, хабарласып көрер едім.

  7. Болыпты. Бірақ, баяғы әдетпен жылы жауып қоя салған ғой. Олар оқуын жалғастырып жатыр? Тек оқулары қатаң бақылау үстінде дейді. Ал қырқылған стипендия жөнін білмейді екенмін. Ертен өздерінен сұрап білейін.

  8. Е-е…әркім өз сауатын өзі ашуға құлықты болса екен. Бұндай проблема болмас еді..Кейбіеулер аузына шайнап салған нәрсені жұтуға құлықсыз болса, не дерсің..

  9. Дес де түркістандық студенттер іштен тынбай әділетсіздікке қарсы тұра білді. Талпынды. Әйтпесе, “соны қойшы” деп қолын бір-ақ сілтеп жүргендер де жоқ емес…

  10. Студенттер мен мұғалімдердің 1%-ғана принципалды екен. Қалған 99% жұмыстың оңай шешумен шектеледі екен, бұл студенттерді қорғау комитетінің басшысының айтуы бойынша.

  11. Енді Мысырлықтар сияқты, параны заңдастырып, одан салық (бакшиш) алу ғана алды. Несі жаман?

  12. Мысырлық боп кетіп жүрсек перғауындарды майлап, бальзамдап, Хеопстарға мәңгіге тұрақтатуға тура келеді ме сонда, техносиндром?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s