Доллар қымбаттаса да…


…иманымыз құнсызданбасын! Жол бойы доллардың қымбаттауы жеке маған қалай әсер ететін ойладым. Мен үйді 500 АҚШ долларына жалдаймын. Енді бұрынғыдай 60 мың теңге емес, 75 мың теңге төлеу керек екен. Інімнің оқуының ақшасы да Халық банкінің бағамына сәйкес еді. Ол жақта да өзгеріс болатын шығар… Айлықты доллармен емес, теңгемен аламын. Жұрт дүрлігіп жатыр. Негізі сабыр сақтау керек қой. Теңге құнсызданса да иманымыз құнсызданбасын. Экономиканы халықтың көңіл-күйі жасайды деген пікір бар. Сол рас негізі. Біз дүрлігетін болсақ, алаяқтарға нарықта алыпсатарлықпен айналысып, экономиканы одан сайын құрдымға батыруы мүмкін. Менде банкте депозит жоқ. Несие алған емеспін. Жұмыста бір кісі доллармен несие алып еді. Эмоциясын көрсетпей отыр… Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз… Асып тасып, сасқанды да көргенбіз🙂
Қырқып қой: Жазбаның толық нұсқасы Жаңаеуразия” блогында

24 thoughts on “Доллар қымбаттаса да…

  1. Мен де айтарым сол негізі. Паника жасап қажеті жоқ. Бізде сол проблемаларды шешуге тиісті органдар бар. Онда да топас адамдар жиналмаған шығар енді.

  2. Топасын білмедім, бірақ басқа да анықтауыштар тіркеуге болатын сияқты.🙂
    Үкімет басшысы басында “бізде кризис жоқ” деді, сосын “біз кризистің бірінші толқынын өтіп кеттік” деді. “Бізде девалвация болмайды” деді, енді “біз девальвацияны дер кезінде жасадық” дейді. Общым, олар айта береді… Қиындықтың көкесі енді келе жатыр. Ең болмаса осыны білетін болдық қой. Психологийческий дайын боламыз.

  3. Доллардын котерилуи бираз шум-гам акелгени рас. Бизде де жумыста бираз озгеристер акелди. Магазиндерде де бираз озгерис келгенин естидим. Шыныменде не болар екеен а, Киын болып кетпесе жарар ед…

  4. Kese bilesizder me? katti kin boldi manag. sebebi kreditim osti😦 sosin dunie aygimnin astinan otkendei sezindim. burin sondi dal osindai jagdaida bolmagan sigarmin😦 korkinis bar bir turli, kak budta erten omir joktai. sizge rahmet. taubamizga keltirip jatkan🙂.

  5. Меніңше бұл доллардың өсуі уақытша жағдай болар. Кеше жұмыста елдің бәрі дүрлікті доллар 163 болды деп. Естуімше, Алматы қаласында кейбір ақша айырбастау бөлімдері жабылып қалыпты ғой, сол рас па екен. Ал Астанада кейбір супермаркеттер жұмыс істемепті дейді.

  6. Бәрінің дүрлігіп жатуы заңдылық. Себебі бұл кенеттен келді. Кеше кейбір дүкендердің бағаларды қайта қарастырып жатырмыз деп жабылғаны рас. Сарапшылар шамалы күнде бәрі реттеледі деп отыр. Бірақ шетелдік тауарлардың құны өсіп, қымбаттайтыны кәміл.

  7. Осыдан кейін үкімет жайлы жақсы ойлау харам емес пе екен, Асхат аға? Өтірікті міз бақпастан айтады ғой.

  8. Аңсар, халал, яки харам деп айта алмаймын. Ондай құзырым да жоқ қой🙂
    Білетінім, дәл қазір үкіметті жамандау, кінәлау оңай. Бірақ дәл қазір үкіметтің халықты үрейлендірмес үшін осындай қадамға барып, көп нәрсені ішінде бүгуі – қалыпты нәрсе.

  9. сөйтіп біздің Анау мынауға ДАБЫРА қылып айтып жүрген экономикамыз Қисайып қалды.Президент айтқан таудай экономикамыз ресей рублінің артынан кетті.экономиканы тұрақтандыруға ұлттық қордан бөліңген 10 млрд теңе жаймен аспанға ұшты да кетті.енді үкімет не деп ақталар екен?
    бізді енді калай жалған үәдемен алдайды екен,сол қызық болатын сияқты.

  10. “Әйтеруір солжақта топастар отырған жоқ шығар” деп жауап кершілікті соларға сілтеп отыра беруден қалдық.
    Бұл әлемдік дағдарыстың толқынына ешқандай жауап қайтара алмаса да, елді бірсыпыра ескерту керек еді.
    Үкімет тарапынан ескерту айтылса, халыққа төбеден түскен жай деп қабылдамас еді.
    Мынадайдан кейін сенім аздау боп тұр негізі. Ниетіміз бұзылмасын не болса да.

    Маған онша ауыр тимепті қайта. Бірақ көкесі өзің айтқандай әлі алда депті. Америкада 2010-ның басында кризис бітсе, бізде олардан әдеттегідей жарты жыл-бір жыл кенжелеп барып оңалармыз.

  11. Жаңа жұма намазға барғанда байқадым. Мешіттің маңында қайыр тілегендер тым көбейіп кетіпті. Сосын көк базардың маңы толы құмалақшылар. Одан әрі жүре беріп едім, бір топ адам үйіліп тұр. Сөйтсем, алик, мали, шарик қайта шығыпты. Уақыт өзгеріп, адамдардың санасы өсіп, бұндайға енді алданбайтын шығар деп едім… Әлі сол алик пен малик…

  12. Әнебір ғұлама айтқандай, үкімет халыққа сүйенетіні анық қой.
    Бірақ, алдыңғы күні Үкімет халыққа қай жерімен сүйенгенін түсіне алмадым, – елестету де қиындау.
    Алдын ала неге ескертпеді екен, сонысын түсінбедім.
    Маған әсері болған жоқ әзірге, жалақыға бірдемесі болмаса.
    Алдыңғы күні түсте апа-жездем компьютер алғысы келіп, дүкендерді аралап шыққанбыз. Алсер жабық болды, тағы бірі ценникте тұрған бағадан 25 пайыз қымбатқа сатамыз деді. Қаланы олай-бұлай аралап, шетте тұрған бір дүкенді тауып алып, сол жақтан бұрынғы бағасымен сатып алдық та, қаштық :))
    Қазір қымбаттаған да болар.

  13. Иә, қымбаттап кетті. Кеше бір бауырым ЦУМ-ға барып, қалтафондардың бағасын сүзіп келген. Ұшынып келді ғой.

  14. Мен дәл доллар қымбаттаған күні ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісіне куә болдым. Өмірімде мұндай ұрысты көрген жоқ едім. Сұмдық болды. Доллардың кесірінен сүттей ұйып отырған бір қазақ отбасы күйрей жаздады. Сондағы себеп: күйеуі содан бірер күн бұрын ғана қолдағы ақшаны долларға айырбастайық депті. Ал әйелі көнбеген. Содан іле-шала әлгіндей жағдай. Шамасы, мен ұрысқан отбасының біреуін ғана көрдім, естіп-білмегенім қаншалық десейш.

  15. Мен де доллар ауыпастан бір күн бұрын бес мыңға (доллар) көлік алып едім. теңгемен алты жүз мың, ертеңіне жеті жүз жиырма бес мың болып кетті әлгі бес мың доллар. тағы ақшасын доллармен келісіп ендігі апта беретін болған едік. доллар қымбатасымен егесіне хабарлассам доллармен есептескенбіз десе боларма?!

  16. жалғасын ертең жазайын деп қалдырған едім….

    бес мың доллар сол көлікке алу сату келісілген күні алты жүзмың теңге еді, ертеңіне жеті жүз жиырма бес мың болды.🙂
    әлгі жерде сол жүз жиырма бес мың ғой…
    дегенмен жігіттің сөзі біреу ғана, ол күні доллар қанша болса сол бағамен есептесеміз, қам жеме деп бір қуантып қойды ғой.
    ескі бағамен есептестік…:))

  17. Қазір клік нарқы да аса асқақтап тұрған жоқ қой, алымсақ аз. Оның иттік жасамағаны жақсы болған екен🙂 Темір тұлпарың құтты болсын, бауырым!🙂

  18. Алаңдамаңыз… Сіз алик-малик-шарикті 6 ақпан күні байқағаныңыз қызық болған екен… Бұл алааяқтар болған, бола да бермек… Құмалақшылар да жоғалған емес, сұрап қалған жағдайда лицензиямыз бар десе таң қалмаңыз… Ал пәтер табу қиын емес деп ойлаймын… Риелторларга бір қоңырау шалып, жағдайыңызды айтсаңыз 2-3 күн ішінде пәтерлі боласыз. Бірақ, Шымкенттіктерше айтқанда тиесілі “шоталын” бересіз…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s