Саяси стереотиптердің салдары


Өткен аптада AP ға (AssociatedPress) қызмет ететін Питер деген әріптесіммен сұхбаттасқан едім. Ресей баспасөзінің Қазақстан туралы не жазып жатқанын сұрадым.  Себебі ол The Moscow Times басылымында екі жыл қызмет еткен.

“Қазақстан туралы ағаның ініге айтқан ақылындай мазмұнда жазады. Ал өзге Орталық Азия елдері туралы жазғандарын оқып, көршілерін сыйлап отыр дей алмас едім”

деді. Ол: “Көршілес жатқан елдердің бір-бірін жек көруі заңдылық” деген. Себебі стереотиптер болады. Бізде де солай сиқты. Шекаралас елдер бір-бірімен сырттан ғана сыйласады. Саясаткерлер әртүрлі стереотиптерді таңып тастаған. Шындығында Құранға салсақ, “арабтың араб еместен айырмашылығы жоқ қой”…

5 thoughts on “Саяси стереотиптердің салдары

  1. Мысалы деймін де…
    Қалмақтар Каспий теңізінен Қара теңізге дейін канал қазамыз деп жатыр.
    Қазаққа мұхитқа шығуға мүмкіндік, жоқ – мәжбүрлік туады. Сонда, қалмаққа баж салығын төлеуге дәтің бара ма?
    Менің – жоқ. Себебі, бала күннен “атаңа нәлет жау қалмақтың” арсыздығы туралы аңыз-қисса естіп өстім. Қалмақтың алдына барып, “мені өткізіп жіберші” деп өтіну, мен үшін масқара сияқты.
    Стереотип деген меніңше осы. Су тасымалының төрт есе арзандығы менің қаперіме де кірмейді, мида тек – “қалмақ-жау, бітті!”…

  2. Шымкентке барсаң, өзбек – жау, солтүстікке барсаң – орыстың бәрі жау, енді Батысқа барсам – қалмақтар жау болады екен ғой… Қытайларға етіміз үйреніп кетті. Бірақ олар да жау екенін ұмытпау керекпіз🙂
    Шындығында бәрі де адам ғой. Тек саясат – адамилықтан ада болып бара жатқандай. Газадағы оқиғаны айтамын да. Қырып салды ғой…
    Бүгін ресейдің бір баспасөзінен оқыдым. “Қазақстан – тұрақты ел. Бірақ осы тұрақтылық та түбі ішінен жарылады. Бәрі де осы стереотиптің кесірі” деп болжам жасапты.

  3. Сонда, мемлекет деген ұғым – адамдардың ұлттық, тілдік, мәдени белгілерімен біріккен тобы деген ұғым жоққа шыға ма?
    Бір халықтың – бір халықтан бөлек тұратыны әлде тұрғысы келетіні – олардың бірі-бірінің мәдениетін қабылдай алмауда емес пе?
    Мысалы, ағылшындар француздарды қатты келемеждейді, 100 жыл соғысқаны тағы бар. Бірақ ол Ла-Манш сияқты бұғаздың болуына тіпті де кедергі емес. Яғни, стереотип жақпайтындарды қырып-жою деген емес қой. Зебра ақ адамға – аппақ, тек қара жолағы бар; зәңгіге – қап-қара, тек ақ жолағы бар…

  4. “Яғни, стереотип жақпайтындарды қырып-жою деген емес қой”, дегеніңізбен келісемін. Бірақ өмірде керісінше болып жатыр ғой. Жақпайтындарды қырып-жойып жатыр.😦

  5. Адамның бірінші жауы сол адам ғой… адамды қырып жатқанда адам…. бір адамның көзіне екінші бір адам мал құрлы көрінбейді….
    Аллаһ сақтасын, көршілермен тату тәтті өмір сүрейік…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s