Министр Өрімталға жауап берді


akurishbaev31Ауылшаруашылығы министрі блогына бірінші болып пікір жазған соң, 1 сағаттан соң министрліктен қоңырау шалғанын айтып едім. Кеше күтпеген жерден министрдің блогына қалдырылған пікіріме жауап жазылғанын көрдім. Министрдің өзі жауап берген тәрізді. Сұрағым: “Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң ауылдағылардың жағдайы не болады?” деген сарында еді. Көкеміз былай депті:

Асхат ықылас-ниетіңізге көп рахмет. Агроөнеркәсіп саласы туралы жазып жүрген журналист ретінде Сіз біздің елдің аграрлық ерекшеліктерін жақсы білесіз. Ал, ДСҰ-на кіру арқылы біздің жетістікке жететініміз анық. Ол үшін ауыл шаруашылық тауарларының бәсекелестік қабілетін одан әрі арттыру керек. Қазір министрлік осыған ерекше көңіл бөліп, кешенді іс-шаралар атқарып жатыр. Заман талабына сай тенологиялар мен техникалар өндіріске енгізіліп, өнім сапасын жақсарту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мысалы, мал шаруашылығын дамыту мақсатында біз ветеринария жүйесін халықаралық нормалармен терең үйлестіруді қарастыратын заң жобасын дайындап, Парламент қарауына енгіздік. Оның қабылдануы елімізде ветеринарияның екі деңгейлі жүйесін енгізіп, өкілеттіктерді нақты бөлуге жағдай жасауы тиіс. Бұл бізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа талаптарына да, ветеринарияға қатысты халықаралық нормаларға да толық сәйкес келеді. Сөйтіп алдағы 3 жылда еліміздің барлық аймақтарында заманауи ветерианарлық зертханалар салып, мал ауруларын анықтаудың жаңа прогрессивті әдістеріне көшу жоспарланған. Сонымен қатар барлық ауылдық округтерінде халықаралық талаптарға сай келетін қасапханалар салынады. Бұл шаралардың барлығы бір жағынан мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасаса, екінші жағынан отандық ет өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі болып келген мәселелерді жояды.


Осылай. Ұмытпай тұрғанда айтып қояйын. Кеше “Хабардың” “Төртеу түгел болса” хабарынан зергер Серік досымды көрсетті. Өткенде “Хабар” арнасының журналисті:”Блогыңыздан Серік деген зергер досыңыздың бар екенін білеміз. Студияға съемкаға шақырсақ” деп өтініш айтқан. Сөйтіп, зергер досым “Хабардан” бір-ақ шықты!

10 thoughts on “Министр Өрімталға жауап берді

  1. Бұл жауаптың жазылғанына көп болды. Мен де оқыдым. Сөздің ауылшаруашылығы жағынандажазатыныңызды сонда білдім.

  2. Аңсар, былтар “Агростан” деген проект жүргізген едік. Ауылшаруашылығын сол кезде тақырып еткенмін.
    Нұреке, сол Серікті ТВ дан көріп мен де шүкір еттім. Өзінің таза еңбегі. Кәсіпкерлікке қлай келгені, бәрі көз алдымда өтіп жатыр. Қызығы мен шыжығы маған жақсы таныс. Оның кәсібінің елге таралуына кішкентай үлес қосылып жатса, ол СІЗ бен біздің жеңісіміз! (мүмкін бір күні бізге жеңілдікпен зергерлік бұйым жасап берер :))

  3. Мммм… Біреу министрді жаратқан Алла тағалаға мың алғысын білдіріпті… Мен Нұқ пайғамбардың блогы ма деп қалдым… Әрине, жылы сөз апптыры өз мекемесіннің заңды тұлға ретіндегі атауын, аты-жөнін толық жазыпты… Ищщааа…
    Жиіркенішті :(10

  4. Дегенмен уақыт тауып сізге жауап бергеніне ғана қуанып отырмын. Әйтпесе оны күту де оңай ма деген ой келед екен.

  5. Не де болса, қорықпай назапр аударғаны қуантты. Естеріңде ме, Мәсімовтің блогына жазған пікірі үшін аулшаруашылығы департаментінің бір қызметкері қуылып еді ғой. Ақылбек көкеміз соны өз қамқорына алыпты-мыс…😉

  6. ма*ма блог ураган бов атр деңздер🙂
    ну енді жұмыстан кету, т.б. движухаларды айтам😦

  7. Айко, “Жас қазақтың” соңғы санын қарап шығуға кеңес беремін. Қоғамда Мәсімовтің блогынан соң блог-бұрқасын болып жатыр…

  8. иә, пікіріңізді оқыдым. министрлердің блогқа көңіл бөлуі шынымды айтсам күтпеген жағдай болды. алайда қуантарлық жағдай блог буум болып жатыр.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s