Find a mistake – 11


Бүгін газет шығатын күн ғой. Редакцияда күні бойы шапқылап жүргенмін. Серғазы АҚШ-тан хат келді деді. Жүрегім дір ете қалды. Бөлмеме келсем, жұмыс үстелімнің үстінде сары конверт томпиып жатыр. Шетелден ешқандай хат күтіп отырмаған едім. Сыртын оқи бастадым. Дір ете түстім. “Жау хатшы” десе бір сәрі, “жауанты хатшы” болып кетіппін. Онсыз да бұл лауазым маған онша ұнамай жүргенде… Жолдаған USAID. Олармен араласып тұратынмын. Бірді-екілі эксперттерін сөйлеткенмін. Parsel from USAIDБаспасөзбен жұмыс бөліміндегі Вирджиния екеуміз телефонмен пікірлесеміз. Ішін ашып қарасам:
“Жаңа жыл құтты болсын” деген сарындағы құттықтау хат, сосын күнтізбе салыныпты. Ішім жылып сала берді. Ұмытпайды екен ғой🙂
Пайғамбарымыздың хадисі бар ғой. Бір-біріңе сыйлық жасаңдар деген. Америка азаматы босла да хадиске сай амал жасайды екен.

17 thoughts on “Find a mistake – 11

  1. ия, сыйлық жасаған жақсы ғой. Маған сыйлық алғаннан гөрі сыйлық тарту еткен ұнайды.
    Ол Американдықтарға сіздің өзіңіз жазып берген жоқсыз ба жауанты хатшы ретінде?:)

  2. бастысы қазақша жазуға ниеттенді ғо, яғни осының өзі сыйлық болар.🙂 қате кімде кетпейді 11 жыл қаз. оқыған менде де қып*қызыл қате боп тұрад😦

  3. Сыйлық жасаған маған да ұнайды:) Әсіресе, сыйлаған сыйлығың ұнап жатса, керемет.
    Кеше солай біреуді қуанттым. Сыйлық жасап.

  4. Асхат, мекемелеріңдегілер ішінде бейсәлім ұнтақ, еместігін тексермей ме ашпай тұрып?😉

    Өзі жауапты хатшы. Өзі жас. Өзі қазақ. Жас қазақ…🙂 Жасыл түсті ұлттық киім көзге жылы көрінеді екен. Үкілері де жап-жасыл. Қайдан тапты екен жасыл үкіні……..

  5. Ansar, оларға визиткама қарап жазған болар деп ойлаймын. Байқамай қателесіп кеткен шығар.
    Айко, келісемін. Қазақ мекемелерінен орыс тілінде хат келетінін ескерсек, бұлардікі – ерлік!
    Баян, жақсы екен. Мен де сыйлық жасағанды ұнатамын.🙂
    Нұрғиса, айтпа сосын кілең әдемі қыздардың суреттері бар екен🙂
    Вирджиниядан деген соң күмәнданбадым. Әйтпесе, ішің ашпас бұрын бір тексеріп алғанның сөкеттігі жоқ😉

  6. слабый точканы басқан деңзч🙂 ну енді қазақи киіммен салынған әдемі қыздар :))) Нұрғиса жақс байқапт, ал мен ол суретті көрмеппін

  7. Адресіңізді айтып қойсаңыз блог оқырмандарыңыз жіберіп тұрады ғой, Ақзере!😉
    Айко, слабый точка🙂 қатырдың!!!

  8. Ақзере,
    Пәленше түгенше қазитінің жауанты дизайнері
    Сефуллин-Матезалка қиылысы, 140 үй, 5 қабатты үйдің 6 қабаты

    Ақзере, өзіңізге хат жолдаушы Лапландиялық Санта деген азамат. Сіздің шет елден хат алуға құмартуыңызды естіп жазып отырмын. Менде қазір отпуск, биылғы жаңа жыл банкеттерінде дағдарыс болғанға ма, онша көп навар жасай қойған жоқпын. Қазақтарда байшыкештер көп дейді ғой, ұлттастарыңыз ел естімеген той жасаса мені де шақыртсыншы, керек болса “Қамажайға” да билеп беруге даяр деп айтыңыз. Ақшасын қылдай ғып бөлісіп аламыз. Мұнымды бизнеч-ұсыныс деп қабылдасаңыз болады. Кооперациямыз осы хатпен түгеседі дегенге сенбеуші,

    алыс та жақын Лапландиядан
    Клаус :)))

  9. Енді сары конверт сосын әдемі суреттері бар күнтізбе жетіспей тұр, Нұреке! Күнтізбенің бетіне қандай суреттер қою керек екенінін білетін боларсың…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s