Орындығымды ауыстырайын ба?


40408-22
Біраз болды. Жұмыстағы техникаға саусағымның  ұшы тиіп кетсе болғаны, дыз етеді. Кәдімгідей тоқ тартады. Компьютерім де, принтер де, ups-те тістейді. Бұрынғы жұмысымда да сондай болатын. Соның жауабын таппай-ақ қойдым. Өзім “күні бойы техниканың ортасында отыратын болған соң электрленіп кетемін бе?” деп топшылаймын. Үстімдегі киімдерім тоқ жинайтындай синтетика емес. Әлде мен киімімді жуып жүрген порошоктың әсері ме? Негізі киім электрленетін болса, онда ол мен басқа затты ұстағанда нейтролизациядан өтуі керек-ті… Общым, білсеңіздер, көмектесіңіздерші. Әлде орындығымды ауыстырайын ба? Білімсіз болған қандай қиын, ә?

Пы.Сы. Жұмыстың интернетін блог үшін пайдаланып күнәлі болып жүргенімнің өтеуі деп те түсінуме болатын шығар…

24 thoughts on “Орындығымды ауыстырайын ба?

  1. :))) Асеке, абыржыма, ондай менде де болған. Қайбір кездері. Көліктің есігін жаба берсең “дыыызз” деп тістеп алады… Жемпірді кие берсең “дыыыыззз” деп тістеп қалады… Ананы ұстасаң “тызз”, мынаны ұстасаң “дыззз”… Мүмкін, саған әруақ қонайын деп жүрген шығар :)))

  2. Астағфираллаһ, Нұреке! 🙂
    Сонымен, “тістегіштрден” қайтып құтылдың? Күртешеңді (син. жемпір) ауыстырдың ба? Машинада болатын электрленудің сыры маған қанық. Оның жауабын интернеттен тауып білдім. Орындыққа киім үйкелген соң электрленеді екен. Сондықтан кілтті ұстап барып (нейтролизайция), темірді (есікті) ұстасаң ешкім тістемейді-мыс…

  3. қызық екен меніде соңғы уақытта жиі нететін бов жүр :(. прям тог ұрғандай болам 🙂 осы менде ғана барма деп жүрсем…

  4. “как избавиться от статического электричества” деп жазып едім, мынадай жауап таптым:
    “ха. та же фигня, только по роду профессии вокруг меня полно микросхем типа контролеров, которые от этого пугаются и умирают.
    вообщем выход такой, если кабинет нормальный и есть точки заземления, то надо антистатический браслет на руку надевать. по сути это мегомный резистор который одной точкой касается вас, а второй через провод точки заземления.
    а вот если кабинет делали по евростандарту и поэтому стоители были не вкурсе что на свете существует статика.
    то пока ничего умнее чем после кресла подходить и прикасаться к батарее нет, но есть одно , но — если какой нибудь умник заземлился на батарею, то есть очень реальный шанс получить удар 220 в.

    Опа- век живи век учись.
    надо наверно на микросхемах потренироваться с антистатиком

    поэтому самый безопасный способ , прикасаться к к водопроводу, то есть крану из которого вода течет, на него не заземляются, хотя с землей он связан.”

    😉 батареяларға жақын отыру керек

  5. Жандос, түсініктемеңе рахмет. Ондай браслетті енді қайдан аламыз? мәселе, құрылысшыларда болды ғой…
    Әділбек, сен де де сондай болып тұра ма? 🙂

  6. Асхат, заттарды устаганда ток уру былай турсын, адаммен байкаусызда колдарын ти1п кеткенде, айтеу1р жакындап калганда тыз етет1н1н кайтерс1н:) Мен ар1птес1мн1н касына енд1 жоламайтындай болгам, жумыс бабымен касына б1р нарсе сурауга бара калганда тыз тыз ет1п берекетт1 алады (ботен ой болмасын 🙂 ). содан мулдем жакындамайтын болып кел1ст1к:). сондыктан да алыстан айкайласып сойлесем1з. кайтей1к енд1?!
    одан баска, мен б1р танысымнын патер1нде кол жуганда ылги суы ток тартып тыз тыз ет1п, тагы ес1мд1 шыгарганы, б1р кызыгы сол уйд1н баска да адамдарына еш асер бермейд1, калай мен суга кол тиг1зем, солай ток согып:) …бармаймын енд1 ол уйге:)жок, асер1 енд1 маскара, су емес. кудды электр шокты адей1 ж1бергендей асер алам да, ер1кс1з колымды тартып ала коям. Казакта соз бар емес пе “Битке окпелеп тонынды отка жакпа” деген. сондыктан да, асеке, ток согады екен деп креслонызды. не болмаса кабинет1н1зд1 ауыстыра кормен1з:) Бул да 21 гасырдын синдромы болар?!

  7. Мә, сенікі меннен бетер екен. Қалай шыдап жүрсің? Жауабын табу керек қой. Осының бәрі біздердің күні бойы компьютердің (қытайский)алдында отырғаннан болып жүрмесін!

  8. Бізде де болып тұрады. Айналамыздағы заттарға емес, адамдармен араласқанда “ұмыттың ба, міне, осылай” деп ұрып қалатыны бар. Таныс физиктерден сұрағанымызда неше түрлі кеңестер берген-ді, жадымда қалмапты. Киіміңізді антистатикалық сусабын/кондиционер қосып жусаңыз, қолыңызды қайта-қайта жуып, бөлмені ылғалдандырып қойғанның септігі тиеді. Қыс мезгілінде қыздардың шашы жылт-жылт еткізіп, бір ләмпішкені қосуға жарамды ток шығарады. Ондайда шашты өріп қойған жөн.

  9. Компьютердің розеткасын аңдап қарасаңыз, ортасында да темір тұр. Оның қызметі – статикалық зарядты жерге жіберіп тұру болып табылады.
    Алайда кеңестік стильде салынған ғимараттар мен үйлерде статикалық зарядты разрядтаушы сым қарастырылмаған. Өзіңіз де байқаған боларсыз: кеңестік розеткада – тек екі көз де, еврода – ортасында қосымша тіс бар.
    Ендеше, әзірге техникаңыз жерге … Сіз арқылы разрядталып тұр, бары осы. Ешқандай антистатикалық спрей, аэорозоль оған көмектеспейді.
    Айтпақшы, көріпкелдік қасиет пайда болады деп естіп едім осындайдан…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s