Намаз оқып үйренейік


Осы аптаның басында Таулы қырат мешітіне намаз оқуға барғанымызда біздерге осындай бір-бір кітаптан сыйлады. Бір адамға бір ғана кітап беріледі екен. Бұның алдында Құран кітабын да үлестірген. Құрбан айтта «Құрбандыққа» байланысты шағын кітапшалар таратты. Сосын аракідік «Ислам және өркениет» газетін де тегін үлестіреді. Соңғы кітап тегін. Сатуға болмайды екен. Маған бәрінен де ішінде дискісі қоса болғаны ұнады. Соңғы кезде «Көкжиек» баспасы осындай дүниелерді жақсы қолға алып жүр. Кітап сапалы қағазға басылып шыққан, әрі дизайны да ұнады. Ішінде жай ғана намаз қалай оқитыны турасында құрғақ деректер ғана емес, сонымен қатар ғұсыл, дәрет, намазға қатысты қосымша сұрақтарға да жауап берілген. Намаз қалай оқитынын, дәрет қалай алатынын бейнелейтін суреттер бар.
Дискісі де жақсы. Ішін ашқанда бірнеше кішкентай терезе қатар шығады. Сосын ер балалардың және қыз баланың қалай намаз оқу керектігі тәптіштеліп түсіндіріледі. Ер бала мен қыз баланың үстіндегі киімдері де қазақы нақышта тігілген. Аллаһ ризалығы үшін жасалған екені көрініп тұр. Бұл кітап пен дискіні жасаған адамға да, оның ішіндегі пайдалы мәліметті игілігіне жаратқан адамдарға да Аллаһ разы болсын!

Пы.Сы. Суреттің бұлыңғыр болып шығуы кітаптың мөлдір қалтаға оралғандығынан. Сол жағын да ойластырыпты. Кітап арнайы мөлдір орамаға қапталып таратылды.

Advertisements

8 thoughts on “Намаз оқып үйренейік

  1. Асеке аман есенсиздерме !
    Маган да ауылга карай салып жибересиз бе егер мумкундик болса и сразу китабымен
    жумыстагы почтама кабарлассаныз отиниш

  2. Ол дискіні қазір Алматыда мешіт қасындағы кез-келген дүкеннен табуға болады.
    ISO- дегеннің не екенін тарқатып айтып берсең, бәлкім, жібере алармын 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s