Copybook 1.0 us Web 2.0


Блогқа көшкелі бері күнделік жазуды доғарыппын. Өткенде осыдан бес жыл бұрын бастаған күнделігімді қарап шықтым. Содан әр жыл сайын қаңтар айында жазғандарымды парақтадым. Кішкентай болыппын… Кеше сол күнделігімді қайтадан қолға алдым. Бәрібір қолға қалам алып жазғанның әсері басқаша болады екен.
14.01.2005
… Ештеңе жаза алар емеспін. “Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек”. Осы қағиданы ту етіп көтерсе дұрыс болмақ. Көштен қалып бара жатқан секілдімін…
Мырқымбайдың кім екенін білгісі келіп жүрген өзбек қызын айтамын да…

8 thoughts on “Copybook 1.0 us Web 2.0

  1. Эххх, сондайды қатты армандап-армандап, бір бастап, ол жоғалып, қайта бастап, қайтадан жарты жолда қалып… сооол бойы жазбай кетіп ек біз де…🙂 Шешеміз бірақ бірінші, екінші, үшіншідегі баға қоятын күнделіктерді сақтап қойған сандыққа, кейде ағамның баласы мен қызына көрсетеді екен, көкелерің сияқты көөөп бес алып оқыңдар деп🙂

    Қолмен жазылғасын сиялы жазудың парқы бәрібір өзгеше ғой. Әдемілеп тұрып жазасың, асығысу-үсігісу жоқ… Маржандай тігілген қаріптер, ол қаріптер ішке бүккен маржан ойлар… Ол марждан ойды тудырушы маржан адам… Асхат… ээээээххх, романтика, елки🙂

  2. Менде Алматыда ЖООда жүргенде басын шалған едім осы істің. Бірақ сабақ оқып отырып ұйқыға кеткенде күшделік жайына қалып қояды. Кейде жазып отырып ұйқыға кететін кездер болды. Осылайша тоқтап қалды.

  3. Әр кездері ішіме жиналып қалған ойларымды жазу үшін күнделік бастайтынмын. Бірақ жыным ұстаған күні парша-паршасын шығаратынмын. Солай қаз тек блакнотым ғана бар кей ойларымды ғана түсіріп қоятын.

  4. Менікі де сол, жыртып тастағам барін. Қазір тек интернет беттерінде.🙂

  5. Е, блогқа көбіне күнделік жүргізген тәжірибесі бар жандар көптеп келетін болғаны ғой. Негізі жыртудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өз-өзіңнен, ойларыңнан ұялудың не қажеті бар. Бәріміздің де қателесуге қақымыз бар ғой. Менікі 7-сыныптан бергілерім сақтаулы😉

  6. Жетінші класстан бұрын блоггер боп жүр екенсің ғой ел ішінде, бәлду-бәлду🙂 Саналы ғұмырыңның тең жартысынан астамы жазу һәм сызумен өткен сияқты… Ертеңгі ұрпақ оқысын… Жөн-жөн…🙂

  7. жақсы ойлар жазлыпты. Өзімде жазғанмын, неге екенін жазуды жақсы көремін. кейін оқып отырып адамның қандай деңгейге көшкені жайлы, өзіне есеп беру сияқты қараймын мен. мысалы қазір күнделік жүргізем бір орыс сайтында, бірақ ол уақыт өте келе сайт жаблып қалса, күнделік админмен бірге кетті🙂.
    таза ойыңды, және сол мезетте қандай күйде болғаныңды жазсаң өте қызықты шығатын сияқты.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s