AWARD.kz – 2009 қазақша!


Көпшілігіңізге AWARD.kz ұлттық интернет жүлде байқауының маңызы мен мақсаттары жақсы таныс.
Жеті жылға жуық уақыт бойы өткізіліп келе жатқан байқаудың басы-қасында орыстілді азаматтар жүргендіктен бұл байқаудың қажеттілігі қазақтілді орта үшін онша белгілі болмады. Осы орайда байқауды бұқараға кеңірек насихаттап, оның Қазнеттің шынайы дамуына септігі тиюіне ат салысуымыз қажет деп тапқандықтан, өткен жылы ұйымдастырушылар құрамына мүше болып, аз-маз «түсінік» жұмыстарын атқарған едім. Нәтиже жаман болмады. Қазақ тіліндегі веб-ресурстар саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге көбейді. Үздік шыққан сайттар арасында қазақ тіліндегі сайттар да көрінді.
Көпшілігі бұл байқауды «қазақ тіліндегі ең үздік сайтты анықтау» деп түсінеді. Асылында олай емес. Байқау бірінші кезекте техникалық жағынан сауатты жасалған, дизайны жағынан ең үздік, әрі қолданылу жағынан (ол да техникалық) ыңғайлы, сосын мазмұны қоғамға пайдалысын сұрыптайды. Ал ең үздік қазақ тіліндегі сайт арнайы аталым аясында анықталады. Егер жоғарыдағы параметрлер бойынша үздіктерді анықтауға шетелдің айтулы веб-мамандары қатыстырылса, қазақ тіліндегі (бірініші кезекте мазмұны бойынша) үздік сайтты отандық тілші-ғалымдар, журналистер, қоғам қайраткерлерінің дауыс беруі (әрі қолданушылардың веб және sms) нәтижесінде анықталады.
Кеше 2009 жылы өтетін байқауға қатысты арнайы жиналыс өткіздік. Келесі аптадағы AWARD.kz-2009 одан да қазақшалауға қатысты ұсыныс-пікірлерімді білдіргім келіп отыр. Көпшілігі біле бермес, бұл байқаудың қорытынд кешіне осылайша жыл бойы дайындалып, ерікті түрде бос уақытымызды арнаймыз.
Биылғы байқаудың салтанатты марапаттау рәсіміне көптеген достарым, әріптестерім, блогшылар қатысқанын білемін. Келіп, демеушілік танытқандарына ризамын.
Байқаудың соңғы қорытынды шарасын көзбен көріп, көңілмен түйсіндіңіздер. Кемшіліктерді (бәлкім артықшылықтарды) байқадыңыз. Award-ты сылтауратып біраз блогшылар танысып, білісіп қалды. Ендігі кезекте Сіздердің кішкентай көмектеріңіз керек.
AWARD.kz – 2009 ұлттық интернет жүлдесінің алдағы байқауды өткізуге қатысты қандай ұсыныс, ой-пікір, сын-ескертпелеріңіз бар?

Advertisements

4 thoughts on “AWARD.kz – 2009 қазақша!

  1. AWARD-қа қатысты сын-пікірлерімді блогыма жазған болатынмын http://arsenal777.wordpress.com/2008/11/01/awardkz-2008-%D0%B3%D0%B5-%D0%BA%D1%96%D0%BC-%D2%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B/ . Кейбір мекемелер(мысалы, КМГ) мультитілділікті қолданамыз деп сілтеме жасайды, бірақ көбісі өтірік болып шығады немесе «жасалану үстінде» деген жазумен қарсы алады, ондай болса неге сілтеме жасайды және қазақ тілді сайттар номинациясына қатысады. Әр номинацияға қатысқан сайт дұрыс тексерілуден өту керек, әйтпесе кейбір сайттар қатысып жатқан номинацияға байланысы шамалы болған. Блогтарға арнайы номинацияда (персональные страницы) кейбіреулер күнделікке ұқсас жеке беттер, кейбіреулер тематикалық болғасын, сол жағын да қарастыру қажет сияқты… Сосын әкімшіліктердің сайттарын қатыстыру қажет пе, немесе олар үшін бөлек номинация керек па… деген ойда қалдым, себебі әкімшілік(облыстық/аудандық) сайттардың бәрі бірдей, ақпарат та, кірушілер саны аз.

  2. Ұсынысың орынды. Мен де соны ойлағанмын. Негізі келесі жылы мемлекеттік тілдегі нұсқасы бар сайттар номинацияларда өзгелермен тең түскен жағдайда артықшылықтарға ие болады деген пункт енгізссек деген ұсыныс айтқалы отырмын. Ал ресми сайттардың қазақ тіліне қатысты айтқан пікірлеріңмен келісемін.

  3. Сәлем Асхат!
    Жалпы менің AWARD.kz-ке қатысты көзқарасымды білесің ғой! Қазақша сайттарға оң қабақпен қарамайтындықтан олармен қарым-қатынасты үзгенмін. Бірақ мына жазғандарыңнан кейін үміттеніп, ұсыныс айтқым келгені.
    1. Жалпы конкурсты тең дәрежеде екі тілде жүргізсін олар. Бұл деген сайттары мен ресми қағаздарын ғана қазақшалау емес, жиналыстары мен ресми шараларын да қазақшаландырсын!
    2. Конкурсқа қазақша нұсқасы жоқ сайттар жіберілмесін!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s