Өмірін 2 жылға қысқартқан Роберт



Көптен бері ойымда жүр еді. Алматыда жүргенде Жезқазған туралы мәлімет іздейтінмін. Роберттің блогына осылайша ұшырасқанмын. Америкадан келген волонтер сырт көз екені белгілі. Оның жазатыны, байқайтынын басқаша болатыны белгілі. Осылайша бір жылдан бері оқып жүрген блогымның иесімен Жезқазғанда «Изумруд» атты кафеде жолығып, біраз шүйіркелестік. Өзі шашлыкты жақсы көреді екен.
Ұзақ сөйлесіп, пікірлестік. Негізгі әңгіме оның осындағы көрген білгені, жезқазғандықтарға қалайша сіңіскені т.т. Көп нәрсені блогына жазып тұратын болғандықтан бұрыннан таныс кісімен сөйлескендей болдық қой.
Былтыр Қарсақбай жаққа пратон құлаған. Пратонның отыны – гептил. Ол өте улы зат. Соның көп мөлшері Қарсақбайға жақын жерге келіп төгілді. Биыл адамдарда өлім-жітім көп. Су нашар дейді. Соны Роберттен сұрап едім. Ол: «Суды арнайы сүзгіге салып, қайнатып ішемін. Соның өзінде сүзгіштің астында қалатын татты көрсең ғой», – деп күледі. Жезқазған өңіріндегі жер қойнауында пайдалы қазбалар көп болғандықтан, судың құрамында да минералды заттар көп.

Мен осында екі жыл қалып, өз өмірімді екі жылға қысқраттым деген волонтерлер арасында қалжың бар

деп қояды. Шынымен де қонаққа қай үйге барсам да көбісініде сондай су сүзгісі бар. Бүгін су ластанды. Ал ертең ше… Жезқазған, Сатпаевта шахтаның өзінде көптеген адамдар қайтыс болып жатыр. Сондықтан көпшілігі Қарағандыға көшуге әзір отыр екен. Бір ғана үміттері бар. Ол – Жезқазған мен Бейнеуді жалғайтын теміржол салу жоспары. Үкімет биыл соны қолға аламыз деген. Уәдесінде тұрса екен.

Advertisements

2 thoughts on “Өмірін 2 жылға қысқартқан Роберт

  1. Roberttin blogin okimadim ali, birak asikpay karap shikpakshimin buyirsa. negizi English Club tarizdi birnarse goi deym olardiki. mugalim ushin oteeeeee jas korinedi. Kansha jilga kelipti KZga? kobine olar (american students) jazgi demalista kelushi edi goi

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s