Қысқы демалысыңыз қызықты өтсін!


Бүгіннен бастап қысқы демалысқа шықтым. Кеше газеттің «жыл жабар» нөмірін шығардық. Жақсы шыққан сияқты. Қырсық қылғанда күні бойы біздің ауданда (Таулы қырат) жарық пен телефон істемеді. Интернетке кіре алмай біраз әбігерге түстім. Бірақ кеше басты мақсат газетті аман-есен шығару еді.

Жыл жақсы өтті. Аллаһқа шүкір. Келесі жыл да Аллаһтың қалауымен жақсы өтер.

Барлықтарыңның блогтарыңды оқып отырамын. Телефоннан пікір қалдыру мүмкін бола бермейді. Десе де осы уақытқа дейін бірге болдық, келесі жылы да достығымыз арта түсер деген үміттемін.
Қазір асығып отырмын. Шамалыдан соң Қарағандыға пойызға отырамын. Ол жақта бір күн қалып, сенбі күні Жезқазғанға бармақшымын. Әрі қарай Сатпаевқа баруым керек.
Сәт-сапар, достым! Қысқы демалыстарыңыздың қызықты да, пайдалы өтуіне тілектеспін!
Пы.Сы. 5 қаңтарға дейін блогымда қар жауып тұрады.

7 thoughts on “Қысқы демалысыңыз қызықты өтсін!

  1. “Жыл жабар” нөмір дайындаудың өзі — үлкен мереке ғой. Елден бұрын жаңа жылға дайындық басталып кетед. Жанталасып жүріп, мақала әзірлейсің.

    Жылдың соңы жақсы жайтпен аяқталатын секілді Сіз үшін. Демалыс деген жақсы ғой. Сәтті өтсін!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s